Биология | Кейбір сәндік балықтарды жасанды көбейту ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................................................................
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ...........................................................................
1.1. Отты барбустың систематикасы....................................................................
1.2. Псевдотрофеус зебраның систематикасы.....................................................
1.3. Акара бирюзаның систематикасы..................................................................
2. МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ ......................................................
2.1. Гипофизарлық инъекция ................................................................................
2.2. Табиғи жағдайды стимулдау..........................................................................
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ .................
3.1. Отты барбустың көбеюі .................................................................................
3.2. Псевдотрофеус зебраның көбеюі ..................................................................
3.3. Акара бирюзаның көбеюі ..............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................
Адамзат о заманнан табиғат аясында өмір сүріп, оның мол байлығын мейлінше қажетіне жаратумен келді. Адамның жатса – төсегі, жантайса – жастығы, тоңып-жаураса – баспанасы, үстіне киер киімі, қарны ашса – тамағы, басқа да толып жатқан мұқтаждығы табиғаттан табылды.
Табиғат перзенті – адам, өз анасы – табиғатқа жақсылығымен қоса қиянат жасағанында кешірек сезінді. Адамзат өз ағаттығын кешірек болса да енді аңғарды. Қазір айналадағы ортаны аялап қана қоймай, оны қорғау – бүкіл халықтық мүддеге айналды.
Табиғаттағы ғажайып байлықтың бірі – суасты әлемі. Бірақ ондағы тіршілікті кез-келген адам тікелей көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды. Алайда, адам құдіретінде шек бар ма?! Оның да жолы табылды. Мінез-құлығы өте күрделі, пішіні әртүрлі тірі организмдер тіршілік еттетін суасты әлеміндегі құбылыстарды адам өзі басқарып, қажетіне қарай реттей алатын кішкене көшірме – суасты әлемінің терезесі, бейнелеп айтсақ, айнасы, яғни моделі ретінде аквариум дүниеге келді. Аквариумнан бөлмеде отырып-ақ табиғи тоғандар мен көлдер де өтетін биологиялық процестердің барлығын дерлік бақылауға болады. Аквариум – экологиялық жүйе моделі, ол – адамзаттың табиғатпен қашан да етене жақын екендігінің дәлелі. Адам балық және өсімдіктер тіршілігін бақылаумен бірге аквариуммен айналыса жүріп, эстетикалық ләззат алады, дүниеге танымдық көзқарасын кеңейтіп, білгірлік шеңберін дамытады, сондай-ақ күнделікті қарапайым жұмыстарды атқара жүріп, тіпті ғылыми тәжірибелер жасағанын өзі де байқамай қалады. Әсіресе жұмыстан шаршап қайтып, қол босаған кезде аквариумдағы көз тартар әдемі балықтар мен өсімдіктерге, әйнек арқылы сан алуан түске құбылып, көздің жауын алатын бояға көз салсаң, жүйкең жадырап, рахаттана тынығасың.
Әрине, аквариум дәл бүгінгі қалпына, яғни жан-жағы қымталып, қажет десе үстінен жарық түсірілетін, су ішіндегі ауаны алмастырып, жылытуға да болатын, барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған бейнесіне бірден келе қойған жоқ.
Аквариум латынның «aquarium - суқойма» деген сөзінен алынған, яғни ол – суда тіршілік ететін жануарлар мен суда өсетін өсімдіктерді зерттеуге, жұртқа көрсетуге әдейі дайындалған ыдыс. Аквариумда тек ұсақ жануарлар ғана емес, суда тіршілік ететін ірі жануарлар да өсіріледі, аквариумның ондай түрлері дельфинарий және океанариум деп аталады. Алғашқы кездегі аквариумдарға қауыз пайдаланылды.
Балықты аквариумда ұстау туралы алғашқы талпыныс ХІ ғасырда өмір сүрген Рим жазушысы және философы Апулейден басталды. Ол Африка тұрғыны, Рим империясындағы ірі төрешінің баласы Люциус Апулей – тұңғыш аквариумшы болды. Сөйтіп, Люциус Апулей – қарапайым аквариумды тұңғыш рет тәжірибе құралы ретінде пайдаланған адам. Кейінірек Қытай, Жапония, Корея елдері де аквариумда балық ұстаумен шұғылдана бастады.(Қ.Қайымов,Суасты әлемінің айнасы; Алматы Қайнар,1989, 3-6бет)
Балықтарды көбейту алғаш рет Мысыр және Ассерия елдерімен байланысты. Мысырда мыңдаған жылдар бұрын африка теляпиясын көбейте бастаған. Вавилонның архитекторлары біздің эрамызға дейінгі ІХ ғасырда Семирамида бағында декоративті балықтарға тоғандар салған. Сол мақсатта сарайлардың алдында тасты қауыздар орналастырылған. Көбейген балықтар, қолға үйретілген үй жануарлар адамдарға патша табиғатын әкелгендей күй кештірді.
Алғаш рет Қытайда әсемдік балықтардың аквариумистикасы Тан әулеті басқарған кезде дұрыс жолға қойылды. Сол кездегі түрлердің гидробиологиясын зерттеудегі ғылыми жұмыстарды Аристотель, Теофраст, Люциус Апулей жүргізді.(Статья:История аквариумистики)
Қазіргі заманғы аквариумдер шыныдан немесе пластмасса бөліктерінен жасалады. Олардың коррозияға ұшырамауы – негізгі ерекшеліктерінің белгісі.(Аквариумные рыбки; Дик Миллс;Астрель Москва 2003,22 бет) 10-30 литрлік көлемдегі аквариумді қолдануды көпшілігі дұрыс деп санайды. Бірақ тәжірибиегелерге сүйенсек 70 литрден төмен аквариумдерді қолдану биологиялық тепе-теңдіктің тұрақты болуына тиімді жағдай жасайды. Сонымен қатар, кішкентай аквариум улкен аквариуммен салыстырғанда қиындығы көп болады, тіпті балықтардың жаңа жұбы немесе қоректің мөлшері көбейіп кетсе, су ластанып, ондағы тіршілік иелерінің қырылуына әкеліп соғуы мүмкін. Көлемі кіші аквариумдерді арнайы мақсаттарға (балықтарды көбейтуге, карантинге және т.б.) қолданған тиімді болып келеді.
Аквариумның кедергісіз дамуына оның көлемі, формасы тікелей әсер етеді. Мысалы, шартәрізді немесе цилиндрлі аквариумдер негізінен әсемдік үшін қолданылады. Оларда ұзын сабақты өсімдіктер әдемі көрінеді, бірақ көпшілік балықтарды өсіруге бұл аквариумдер тиімсіз, және су бетінің ауданы да кішкентай, түбінің ауданы мен биіктігінің сәтсіз қиылысуы, ал тең емес қабырғалары балық пішінін бұзып анық көрсетпейді.
Көпгранникті формадағы аквариумдер бес немесе алтыбұрышты, ал бүйірі – тікбұрышты. Бұл – бөлменің ортасына тамашалауға қойылатын әсемдік аквариумдер. Мұнда өсімдіктер жақсы көрінеді, бірақ су түсі бұлыңғырласа балықтарды бақылап, көруді қиынға соқтырады.
Кең тараған тек шыныдан немесе каркастан жасалған - тіктөртбұрышты аквариумдер. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – биіктігі еніне тең, ал ұзындығы енінен 1,5-2,5 есе ұзын болатын «стандартты» типі. Ондай аквариумдер жанжақты. Олар әсемдікте, балық шабақтарын өсіруге де, және көбеюші немесе тәжірибелік ретінде де қолданыла береді. . Ваш аквариум; Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Алма-Ата «Қайнар»1992; 25-26 беттер
Аквариумді сатып алар алдында дұрыстап тексеруден өткізу керек. Егер судың ағып тұрғаны байқалса, одан суды төгіп, аквариумнің ішін кептіріп, су тамшылаған жерге БФ-2 желімімен араластырылған цементті жағып қою керек. Бір тәуліктен соң, аквариумға қайта су құйып, 1-2 күнге тұндырылады. Себебі жағылған жердегі улы заттар шығу керек, содан соң аквариумдағы суды төгіп, ішін мұқият жуу қажет
Аквариумді орналастырғаннан кейін оған грунт таңдап, төсеу керек. Грунт есебінде ірі құмды немесе ұсақ тастарды пайдаланған жөн. Ірі құмды өзен жағасынан алған дұрыс. Әкелінген грунтты судың түсі мөлдір болғанша жуып, қайнатып мұқият тазалаған абзал. Аквариумды безендіру үшін тастарды да жиі пайдаланады, оларды да жуып, қайнату қажет. . Ваш аквариум; Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Алма-Ата «Қайнар»1992; 41-43беттер; Жалпы аквариум балықтарының табиғи суқоймадағыдай өмір сүруіне жағдай жасалу үшін бірнеше құрал-жабдықтарды пайдаланады. Олар: тазалау құралдары, су түбін фильтрациялау, безендіру құралдары, су, жылыту құралдары, жарық түсіру құралдары, аулау құралдары, т.б.
Дұрыс күтілген және тұрақты режим сақталып, табиғи негізделе жабдықталған аквариумда балықтар жақсы тіршілік етіп қана қоймай, көбейеді. Бүгінгі таңда аквариумистер балықтардың тіршілігіне немесе көбеюіне қажетті жағдайларды зерттей отырып, үлкен жетістіктерге жету мүмкіндіктеріне ие. Уылдырық шашу ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде балықтардың табиғи қорын сақтап қалу арқылы тауарлық мақсатта жасанды көбейту әдістерін тауып жетілдіруге болады. Осыған байланысты аквариумдық балықтарға табиғи жағдайды стимулдау арқылы көбейту қазіргі кезде қарқынды даму үстінде. Әсіресе бұл жасанды жағдайда қиын көбейетін балықтарға қолданыс табуда.
Балықтарды көбейту үшін аталықтарын дұрыс іріктеп, ұрықтандыруға әзірлей білу керек. Мұндайда балықтың реңі, мөлшері, жүзбеқанаттарының пішіні, дене бітімі ерекше роль атқарады. Дұрыс іріктелмеген балықтардан болашақта нашар ұрпақ өрбиді де ақыр аяғында бағалы тұқымның қажетті белгісі жойылып кетеді.
(Қ.Қайымов,Суасты әлемінің айнасы, Алматы,Қайнар,1989,79-81 бет)
Бітіру жұмысының мақсаты: аквариумдық балықтардан әртүрлі әдістерді қолдана отырып, олардан жасанды жолмен сапалы өнім алу және тауарлық деңгейге дейін өсіру.
Бітіру жұмысының міндеті:
1) Зерттеуге қатысатын балықтар туралы әдебиет көздерімен танысу;
2) Олардың көбеюіне тиімді аквариум дайындау;
3) Табиғи жағдайларына сәйкес етіп жағдай жасау;
4) Алынған өнімдерді тауарлық деңгейге дейін өсіру.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Отты барбустың систематикасы
Тип : Chordata - Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata - Омыртқалылар
Бөлім: Gnathostomata - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Osteichthyes - Сүйекті балықтар
Отряд: Cypriniformes - Тұқытәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae – Тұқытектестер
Туыс: Barbus – Барбус
Түр: Barbus conchonius – Отты барбус [Аквариумные рыбки, Дик Миллс, Астрель Москва 2003, 46бет]
«Барбус» деген атау «барбус» деген ғылыми атаудан шыққан, латынның «сақалды» деген сөзіне сәйкес және бұл туыс балықтарының кішкентайынан аузының айналасында мұртшалары болады. Барбустың көпшілігі – биік денелі. Ал аквариумдық барбустың денесі үлкен емес. Олар қорек таңдамайды, татулықты жақсы көреді және аквариумдағы басқа өкілдерге қақтығыс тудырмайды. Бұл туыс 200-ге жуық түрді біріктіреді.(Справочник по аквариумным рыбам(руководство по содержанию и уходу)- Д.Мильс, Д.Ламберт; Мир Книги, Москва 2006, 28 бет) Олар Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс Азия, Африка мен Европаның суқоймаларында тіршілік етеді. Аналықтары аталықтарынан ірі болып келеді. Көбею кезінде аталықтары әдемі түске боялады. Оның арқасы мен жүзбе қанаттары ашық қызылға, қалған жерлері де ашық түске боялады. Барбус тату балықтар және өте активті, сондықтан аквариум төбесінен жабық болуы керек, себебі олар секіреді. Ең бастысы аквариум ыңғайлы болған дұрыс. Суды аптасына 1 рет 1/5 бөлігін ауыстырады. Барбустың көпшілігіне тиімді жағдайлар: температура 20-26⁰С; тұтқырлық – 4-10⁰; рН – 6,5-7,5. Оларды қоректендіру қиындық туғызбау керек. Балықтар құрғақ қоректерді де, өсімдіктерді де, тірі қоректерді де жейді. Көбейтуші аквариумның көлемі – 10л. Түбіне сутүбі – торы (аралары 2-3см) орналастырылады. Бұлай жасалуы ата-анасының уылдырығын жемеу үшін. Тор бетіне ұсақ жапырақты өсімдіктерді орналастырылған жөн. Аэрация жұмыс жасап тұру керек. Көбею аквариумындағы температура 28-30⁰С. Жарық түсіп тұру керек. Көбею үшін аналық пен аталықты бір апта бұрын отырғызады. Аталықты тірі қорекпен, ал аналықты өсімдікпен қоректендіреді. Әдетте екі аталық пен бір аналық өндірушілерді отырғызады. Аталықты міндетті түрде бірінші бір апта бұрын отырғызу керек. Бұл кезде оны инфузориямен, дафниямен қоректендіріп, сосын аналықты қасына салады. Көпшілігіне тиімді көбею жағдайлары: температура – 25-28⁰С; тұтқырлық – 4-10⁰; рН – 6,5-7. Көбею орны күннің көзі түсетін жерде болу керек. Көбею әдетте таңғы сағаттарда жүреді, 2-3 сағатқа созылады. Ол аквариумның ішінде балықтардың жарысынан басталады, ол жерде әрине қуғыншы аталығы. Әдетте 600-ден көп емес уылдырық шашады. Көбею біткен соң ата-аналар өздерінің уылдырықтарының соңына түседі. 3-5 тәулік өткен соң шабақтар қоректерін іздеп жүзе бастайды. Шабақтар алғашқы қорек ретінде бірнеше күн инфузорияны, ал одан кейін олар дафниямен немесе балғын артемия науплиустарымен қоректенуі мүмкін. Тығыздығы жоғарылаған сайын тазалық пен оттегі режимін қадағалау керек. (Ваш аквариум(популярная энциклопедия); Е.Пыльцына; Ростов-на-Дону, Издательский дом «Владис» 2009,444-447 бет)
Отты барбус (Barbus conchonius) – Солтүстік Үндістанның табиғи жай ағысты және ақпайтын суқоймаларында кездеседі. Аквариумдық жағдайда дене мөлшері 8 см-дей, ал табиғатта көбіне 15 см-ге дейін. Аналығы аталығынан ірі болады. Денесі созылыңқы, сопақша формалы, екі бүйірінен қысыңқы, сақалы жоқ. Негізгі түсі – қызыл немесе сарғыш түс беретін жасыл – күміс түстес болып келеді. Құйрығының бастапқы бөлігінде қара дағы бар, алтын түстес сызықпен қоршалған. Аталығы көбейер алдында ашық-сарғыш, от түске, қанаттары қызылға боялады. Көбейер кезде аналығының құрсағы ісіп, үлкен болып тұрады. Денесі қола-күміс түстес, қанаттары мөлдір болады. Аквариумде үйір құрайды және жылжымалы балықтарға жатады. Оларға тиімді жағдай: су температурасы – 20-26 ⁰С, судың тұтқырлығы – 1-12, рН (қышқылды орта) – 6-7 болғанда. Бұлар жыныстық жасқа 6-8 айлығында жетіледі. Аналығы 300-ге жуық уылдырық салады. Уылдырық инкубациясы бір тәулікті құрайды. Ал шабақтарына берілетін қорек түрлері: тірі тозаң, инфузория, т.б.(Д.Мильс, Д.Ламберт- 458-459 бет) Отты барбус – қорек талғамайтын балықтардың қатарына жатады. Қорек ретінде тірі қоректерді ( масаның личинкасы, дафния, коретра, т.б), өсімдіктерді ( балдырлар, жібітілген салат жапырағын, шпинатты ( асты дәмдендіру үшін тамаққа салатын жасыл жапырақты өсімдік) және бақбақты) және сапалы құрғақ үлпілдектәрізді қоректерді тұтынады. (www.google.ru).....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?