Қазақ әдебиеті | «Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы

 Қазақ әдебиеті | «Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы

Зерттеудің өзектілігі:
Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясы көгінен көрінген халықтың біртуар перзенті. Халық ауыз әдебиетінен, жалпыхалықтың тіл дәстүрінен үлгі-өнеге алған, ұлы Абай шығармашылығынан сусындаған Ілияс Жансүгіров жырлары – XX ғасыр қазақ поэзиясындағы ерекше туындылар. Өйткені, «көп қырлы талант иесі І.Жансүгіровтің даңқын шығарған, алдымен, оның поэзиясы».
Туған әдебиетіміздің дамуына өзінің көркем туындыларымен үлес қосқан Ілияс Жансүгіров өз поэзиясында өмір ақиқатын, болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады. Ақын туындыларының халық сүйіспеншілігіне бөлену сыры да осында.
Қазақ поэзиясының, оның ішінде Ілияс өлеңдерінің әдеби ерекшеліктері әр жылдары Ғ.Тоғжанов, Т.Әбдірахманова, М.Дүйсенов, Р.Бердібаев сынды әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелді. Онда қазақ өлеңдерінің құрылымы, оның түрлері, жекелеген сөз шеберлері өлеңдерінің ерекшеліктері қарастырылған. Оларда поэтика, стилистика мәселелерінің тоғысып, бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуы осы тектес зерттеулердің ерекшелігін танытады десек, қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытуға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы және ұлттық танымға негізделген тілдік тұлғаның қолданылуы арқылы ашыла түсетініне көз жеткіземіз.
«Құлагер» поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік тұлғасын қазақ халқының тарихымен, таным-түсінігімен байланыста танудағы ұмтылыстың қажеттілігінің мәні қазақ тіл білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеу екені көрсетіп отыр. Сондай-ақ тілдік тұлға мәселесі жеке жазушылардың немесе бүтіндей бір әдеби кеңнің тіліне арналған зерттеулерде қолға алына бастады. Сонымен қатар, тілді диахрониялық тұрғыдан зерттеуге қазақ тіл білімі де бет бұрғаны белгілі.
Мұндай бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі ұлттық болмыс пен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, тіл мен ұлттың тығыз бірлікте екендігінің дәлелі болмақ. Сондықтан да Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы ақынның өзіне тән тарихи-мәдени тілдік деректер негізінде қарастырылып, поэма тіліндегі ұлт дүниетанымын білдіретін лексикалық қызметін көрсетуге ұмтылдық. Осыдан ақынның жалпыхалықтық тілді пайдалану үлгісін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі еріксіз туындайды. Өйткені суреткер тілінің көркемдігі мен бейнелілік сыры көркем тілтану тұрғысынан қарастырғанда ғана айқындалатыны белгілі. Сондықтан да ақын шығармаларының тілдік тұлғасын анықтап, оның көркем поэма тілінің тілдік тұлғасын зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны: І.Жансүгіров шығармашылығындағы ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан бірліктер – концептілер жүйесі құрайтыны анықталды.
Зерттеудің мақсаты:
Қазіргі кезде қазақ филологиясының ерекше көңіл бөліп отырған саласының бірі – көркем әдебиет пен оның стилі, сөз зергерлерінің шеберлігі.
Ілияс тілдік тұлғасының когнитивті және прагматикалық деңгейін мүмкіндігінше толық талдау мақсаты көзделеді, әрі белгіленген әр деңгейдің жүзеге асуы нақты бір лингвистикалық мақсат-міндет жүктейді.
Сондықтан да олардың жеке тілдегі көрінісі тіліміздің сол заңдылықтарға қатысты тұрғысынан нақтылы талданып, тілдік құбылыстардың табиғатын жан-жақты тануда мәні ерекше болмақ. Әрбір ақын өз поэмасында өмір ақиқатын, оның болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады десек, қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытуға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы ашыла түсетініне көз жеткіземіз. Сондықтан да жұмысымызда «Құлагер» поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік ерекшелігінің дамуын, өзіндік қалыптасуын және оның тілдік тұлғасын ашуға тырыстым.
Ілиястың тілдік тұлғасы – қазақ әдеби тіл дамуына қосқан үлесі арқылы танылып, тілдік тұлғаның шығармаларын когнитивті талдау барысында Ілияс тек ақын ғана емес, үлкен прозаик, драматург, сатирик және талантты аудармашы Ілияс тұлғасы мен ақын, сөз зергері, қазақ әдеби тілінің ілгері дамытушы тілдік тұлғаның ықпалдаса біртұтас әлемге айналғанын танытуды мақсат еттім.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
«Құлагер» поэмасындағы І. Жансүгіровтің тілдік тұлғасы тілде (мәтіндерде), тіл арқылы көрініс табатын және өзінің негізгі белгілері тілдік құралдар базасында қайта құрылған тұлға екендігін айқындайтын қоғамдық мәні бар тұтастық ретіндегі пәнаралық термин. Осыған сәйкес біз зерттеуімізде бұрын көп айтыла қоймаған, XX ғасыр қазақ даласында, жер жаннаты Жетісуда жыр Құлагері – Ілияс өмір сүріп, өзінің саналы ғұмыры мен талантын елдің оянуына арнаған, халықтың өркениетке ұмтылуына, өнер мен білімге жетуіне өзіндік үлес қосқан тұлғалардың бірі – ақын Ілияс Жансүгіров шығармаларын «тілдік тұлға» теориясы тұрғысынан жан-жақты талдауды мақсат еттім.
Сондықтан да І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы тілінің көркемдік жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау, яғни, ақынның тілдік тұлғасын көрсету диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Ол мақсатқа жету үшін алдымызға нақтылы мынадай міндеттер қойылады:
Аламан ақын Ілиястың тілдік тұлғасын анықтау, атап айтқанда:
- І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы тіліндегі көріктеу құралдары: теңеу, эпитет, метафоралық қолданыстарды лингвостилистикалық тұрғыдан талдау, оларды тіл материалдары негізінде дәйектеу;
- «Құлагер» поэмасы тіліндегі метонимия мен синехдоханы көркемдік құрал ретінде қарастыру;
- «Құлагер» поэмасындағы тілдік тұлғаны белгілейтін концептілер (тұлпар, қайғы) жүйесіне талдау жасау.
Зерттеудің тілдік материалдары ретінде ақынның шығармалар жинағы алынды. Қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлға деңгейін межелеу тіл білімінде енді-енді ғана қолға алынуда. Атап айтқанда, М.Дүйсенов, Т. Әбдірахманова, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Қ.Жұбанов, Қ. Сұлтанов, С.Дәуітұлы, Б. Хасанов, М.Иманғазинов еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің дереккөздері. Тілдік материалдар ретінде ақын І.Жансүгіровтің әр жылдары жарық көрген өлеңдері және оның поэзиясын толық қамтитын Қазақтың Мемлекеттік «Көркем Әдебиет Баспасы» дайындаған 5 томдық шығармалар жинағының I, II томдары (1960ж.), «Құлагер» жинағы, 2004 ж. шыққан «Көп томдық шығармалар жинағы» (3-том) пайдаланылды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында мақсатқа жету үшін дағдылы ғылыми сипаттама, салыстыру, түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. І. Жансүгіров шығармашылығы филология ғылымында әдебиеттанушылар тарапынан жан-жақты зерттелгені белгілі. І.Жансүгіров тілдік тұлғасын танымдық тұрғыдан зерттеу алғаш рет қолға алынып отыр. Ілияс поэзиясындағы дүниенің тілдік бейнесіндегі «тұлпар», «қайғы» концептілері тілдік-танымдық тұрғыда талданды. Зерттеу нәтижесінде
І. Жансүгіров шығармалары лексика-стилистикалық, құрылымдық-мағыналық, құрылымдық, синтаксистік тұрғыдан айтарлықтай зерттелгенмен, олар автор қарастырғандай өмірлік-типтік жағдаяттарды «тіл-мәдениет»тұтастығына негіздеп таңбалайтын, бейнелеп атайтын тіл бірліктері ретінде танымдық –прагматикалық аспектіде арнайы зерттелген емес екендігі айқындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М


I. І.ЖАНСҮГІРОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ

1.1 І.Жансүгіров тілінің зерттелу жай-күйі.

Туған топыраққа деген перзенттік тағзым Ілияс ағамыздың қаламынан сағынышы атойлаған сәулелі де, мәуелі жыр шумақтарын тудырды. Арман не, ол туған даласының төсінде бұл күнде апталап, айлап мауқын басып, туған жер туралы толғана алмас. Жыр дүлдүліне сұм тағдыр не көрсетпеді. Бірақ оның өрт жырларын оқып өскен әрбір азамат ақын рухы алдында адамгершілік танытып, бас иіп келеді. Әуелі жырын ауылдан бастайтын ақын ағамыздың өлеңінде біз білмес құпия сыры да бұғып жатқан шығар. Бірақ осы топырақта оның кіндігі кесілсе, осы топырақта оның ізі қалғаны ақиқат. Өйткені, ақынның кез-келген жырынан ауылға деген сағынышы аңқып, оның өзі кейінгі ауыл жастарына әуелі ауылыңның жұпар иісіне, ыстық топырағына, тау тасына тамсанып, таңдана біл деп тұрғандай. Міне, сонда ғана сенде Отаныңды ыстық жүрегіңдей аялап, сүйе аласың дегендей осының өзі-ақ кейінгі жастарға эстетикалық тәрбие алар, тәлім алар бастау екендігі анық. Оны:
Мен өзім тауда туып, тасында өстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім.
Асқарда Аршалыға қозы жайып,
Бұлттың аспандағы қасында өстім.
Жөнкенің жоғары ала басында өстім,
Ақ гауһар Ақтастының қасында өстім.
Таудағы тасқындаған ағын судай,
Өлеңім басталады таудан ұдай – деген
жыр шумағынан айқын байқай аламыз. Міне, әдебиетіміздің әсем шыңы І.Жансүгіровтың мұндай кіршалмас жырлары барша жұртты қазіргі күнге дейін тау қайнарындай таза, жан сарайыңды ашар тылсым күшімен баурап, баулып келеді. Осы кезеңге дейін қаншама өскелең ұрпақ ғибрат алса, әлі ол күллі қауымның таза бұлағына айналмақ. Ұлы ақын барша қазақтың талантты ақыны, көркемдік ізденісі дараланып тұрған аса ірі тұлға. Ал, оның жастарға эстетикалық тәрбие беру жанрындағы техникасы қазақтың ұлттық ою-өрнегін жалғастырып қана қоймай, жаңғыртып отырады. Ақынның әр өлеңінің әр тақырыбынан әрдайым қазақ халқының ұшы-қиыры жоқ мол да, бай дәстүрінен саналылықпен, білгірлікпен нәр алатындығы анық байқалады. Оның әр шығармасымен танысқан кезде шығыс және батыс елдерінің фольклорына да жүйелі жүгінетінін айқын аңғара аласың. Сонымен қатар, ақынның асқақ поэзиясындағы азаматтың өз даусынан халық тарихын терең білетіндігі өзінің маржан жырларымен көркем тізілген. Бұдан ақынның әнге де, күйге де бейім екендігін, өзі домбыра шертіп, қоңыр дауысымен ән салып, талай тыңдаушыларын тамсандырып, таңқалдырғанын, сөйтіп бар өнерін халқына, ел-жұртына, туған даласына арналғанын білесің. Сол дала перзенті – ақын Ілияс ағамыз:
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам кең далам
Тудым, өстім, есейдім
Ен далам – анам, мен балаң.
Еңбек тулы ел-балаң,
Туған, өскен, есейген,
Бұрынғы кеткен күніңді,
Берейін жырлап елге анам
Көргеніңді бүгінгі,
Жаз, жаз қалам, тер қалам – деп ағынан жарылады. Ақын шығармаларының осындай өткірлігіне қайран қаласың.
Тілдік тұлға мәселесін тілдік, сонымен қатар, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді түрде талдап, тілдік тұлға қалыптасуының тілтанымдық негізін анықтау өзекті мәселе болып табылады.
«Ағынды менің Ақсуым,
Ақырып әлі ағасың...» - деп жырлаған Қазақ өлеңінің Құлагері Ілияс Жансүгіров есімі – иісі қазақ баласы үшін алақанда аялар, көңілінің көгінде жұлдыздай жарқырап тұрар есім. Тұрсынзада ақын жырлағандай: «Қазақтың маңдайына өлең бітсе, өлеңнің маңдайына бітіп ең сен». Осы зерттеу барысында жыры ерен, сыры терең текті ақын дүлдүлінің дүбірі құлағымызға жетіп, әлі де ақырып ағып жатқан Ақсудың асыл толқындарымен бірге толқығандай күй кештім. «Аяғы – көл, кеудесі асқар Жетісудың» желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншегі Ілияс болып жырлап, «Күй» болып төгіліп, «Дала» болып шалқыған сәтінен ұлағатты ұрпақтың балдәуренінің базарын, алғы күннін ажарын көрдік. «Не ексең соны орасың» дейтін еді біздің халық. Туған жердің тұғырын биіктетіп, ақынын ардақтап, рухқа бас ию арқылы өсер өренге өнеге сыйлаудың өлмес үлгісі болар бұл. Мамырдың мамырлаған әдемі бір күндері Ақсудың ағысы, Құлагердің шабысы, Алаштың арысы бәрі-бәрі қосылып Жетіөзеннің арнасын кеңіткендей, ақ жарма ниет ақ бұлақ боп ақтарылғандай.
Қазақ поэзиясының дүлдүл жүйрігі аламан ақын Ілияс Жансүгіровтың ұлан-ғайыр мұрасының ішінен махаббат жырлары сансыз жұлдыздар аясындағы күн мен айдай жарқырап, жылу мен жарық бөліп, адам жанын нұрландырып, ерекше бір ізгілікке деген ұмтылыс, жақсылыққа деген сенім орнықтырып тұрады. Ілияс жырлары – ұлы дала перзентінің ұлы махаббаты.
Дала перзенті үшін махаббат - өмірдің мәні, жарық дүниесіндегі құдірет. Тәні де, жаны да махаббат пен мейірімнен жаралған қазақ сол құдіреттің өзі болып ғұмыр кешкен. Махаббат оның мінез-құлқында. Инабаттылық, ізеттілік, ибалылық, кісіге құрмет, бауырмашылдық, тілектестік, қонақжайлық, тіршілік атаулыға(адам, өсімдік, жан-жануар, аспан әлемі, туған топырақ) жүрек толы мейірім болып көрініс береді. Ол қазақтың төл қасиетіне, менталитеттік сапасына айналған. Халқымыздың тілінің, ділінің, рухани жан дүниесінің салт-ғұрпының таза, сұлу берік болатыны да содан. Ілияс поэзиясының мазмұн-мәні, рухы, тәлімі – осы.
Онда халқымыздың отбасы жар-анаға, кіндік кесіп – кір жуған жеріне, тал бойында қайнап аққан ән-күй өнеріне, өмірінен артық тұтқан тұлпарына махаббаты бар.
Көркемдік әдебиет пен поэзия тілін зерттеу, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов көркем шығарма тілі жөніндегі зерттеулерін «Әдебиет танытқыш» (1926) және «Қазақтың бас ақыны» деген еңбектерінде жариялаған. [13,136-304].
Ілияс поэзиясы тілін бағалауды алдымен сөз өнеріне деген Ахаң қойған талап тұрғысынан қарастырған дұрыс. «Сөз жазатын адам әрі сыншы, әрі сыншы боларға керек, - дейді ол [13,301]. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Алайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Абайдың өзі өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген. Сондықтан өлеңі қай тарапынан алсақ та жұп-жұмыр. Жалғыз-ақ міні бар: ол мін өлең бунақтары тексеріліп, орнына қойылмағандық... Мұнан басқа Абай өлеңдерінде мін бар деп өз басым айта алмаймын» - дейді Ахаң [13,301].
Ахмет Байтұрсыновтың ізімен, Ахаңша сынасақ Ілиястың ақын әрі сыншы болғанына көз жеткізу қиын емес.
Поэзия көркемдігі туралы проф Қ. Жұбанов зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ғалым мұраларын зерделеп оқыған сайын оның ғылыми талдаулары мен тұжырымдарының маңыздылығына, өміршеңдігіне куә боласыз. Қ. Жұбановтың 1934 жылы «Әдебиет майданында» жарияланған «Абай қазақ әдебиетінің классигі» (Абай туралы кітапшаның үзіндісі) мақаласы қазақ әдебиеті тарихындағы, тіпті сол кезеңдегі түркі дүниесінде Абайдың алар орнын анықтаған, ақын шығармаларына тұңғыш филологиялық талдау жасаған бірден-бір еңбек болып саналады. [12,361].
Жұмыс тақырыбы поэма тіліне қатысты болғанына қарамастан, көркем проза тілін алғаш зерттеушілердің бірі Е.Жанпейісовтің Абай шығармаларына арналған еңбектеріне тоқталмай кету мүмкін емес. Себебі, Е. Жанпейісов көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі принциптерін өз еңбегінде ұсынған болатын. Оның бірі – жеке тілдік элементтерді жалпы көркем контекспен, басқа да әр алуан бейнелеу құралдарымен тығыз байланыстыра қарау болса, екіншісі, лингвистикалық ыңғайда қоса талдаудың қажеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, ғалым ғылыми зерттеуінде әдеби тіл мен көркем әдебиет тілінің қызметтері әртүрлі екенін дәлелдейді. Абай поэмасының тілдік көркемдігі туралы зерттеуші мынадай ұтымды пікір айтады: «Жазушы тілдегі бейнелеу құралдарын әр алуан көркемдік бояу бере пайдаланады. Бұл орайда ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздер де, мақал-мәтелдер де, эпитет пен теңеулер де, тілдің басқа да барлық бейнелеу құралдары шығарманың жалпы идеялық, тақырыптың.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 884



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?