Қазақ әдебиеті | Ахмет Ясауи «хикметтеріндегі» сөздің морфологиялық құрылымы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тіл тарихын білмей тұрып, оның болашағын болжау мүмкін емес. Тіл өзінің дамып, қалыптасуы барысында талай ғасырларды басынан кешіреді. Тілдің қалыптасуының бір көрінісі ескерткіштер тілі болып табылады. Ескерткіштер тілін зертеудің маңызы – ол тіліміздің қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын анықтап бере алады. Тіліміздің барлық нәрі осы ескерткіштер тілінде сақтаулы, яғни қазіргі тілімізіде қолданылып жүрген түбір мен қосымшалардың бастапқы тұлғаларын ескерткіштер тілінен көре аламыз.
Ахмет Ясауи тілін морфологиялық жағынан зерттей отырып, біз сол дәуірдегі тілдің қазіргі тілмен айырмашылығын, өзіндік ерекшелігін байқаймыз, яғни А.Ясауи «хикметтерінің» тілі қай дәуірде жазылса, сол дәуірдегі тілдің жай - күйінен хабар береді.
Зерттеудің нысаны: Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде А.Ясауи «хикметтеріндегі» сөздің құрылымы алынды. Соның негізінде А.Ясауи тіліндегі түбір мен қосымшаны зерттеу көзделді. Сөз құрылымындағы ерекшеліктер қазіргі қазақ тілімен және тағы да басқа ескерткіштер тілімен салыстырылды. Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін тұлғалардың шығу тегіне шолу жасалды. Бұлар мен қатар ескерткіштер тіліндегі сөздердің бір тобы бірікен-қосарлама сөздер назарға алынды. Сонымен қатар, ғалымдардың пікірлеріде зерттеу жұмысының бір нысаны ретінде қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты А.Ясауи тілінің грамматикалық ерекшелігіне сүйене отырып, оның қай тіл тобына жататындығы туралы нақты бір шешімге келу. Ол үшін тілдік тұлғалар басты назарға алынып, талданды. Түбірлердің қолданылу аясын анықтау. Қосымшалардың соның ішінде, зат есім, сын есім, етістік тудыратын жұрнақтардың сол дәуірде қолданылуын анықтау.
Жалғаулардың (көптік, септік, тәуелдік) өзіндік ерекшелігіне назар аудару, «Хикмет» тіліндегі сөз құрамын анықтау, яғни түбірден соң қосымшалардың жалғану тәртібіне көңіл бөлу. Сөздердің тағы бір тобы біріккен-қосарлама сөздеріне тоқталып, ескерткіш тілінде оның табиғатын қарастыру.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері – салыстыру, ғылыми тұрғыдан талдау.
Жұмыстың жаңашылдығы: Ескерткіш тілінде, қазіргі қазақ тілінде де кездесетін тұлғалардың қолданылу аясына тоқталып өтілді. Қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін тұлғаларға ғалымдардың пікіріне сүйене отырып сипаттама берілді.
Мұсылман әлемінде аты әйгілі, жаңа кезеңдегі сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ақын, әрі ойшыл, философ Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды.
Қожа Ахмет Ясауи ХІ-ХІІ ғасырларда Яссы (қазіргі Түркістан) шаһарының маңындағы Испиджаб (қазіргі Сайран) қаласында дүниеге келген. Жеті жасында жетім қалып, Арыстанбабтың тәрбиесінде болған. Өсе келе Бұқарға барып Хамаданиден сопылық ілімін үйренеді.
Қожа Ахметтің заманы түркі тайпаларының басы қосылып, құдіреті күшті елге айналуға бет бұрған, ислам дінінің үстемдік құра бастаған кезі болатын.
Бұл кез ІХ-ХІІ ғ аралығында билік еткен Қараханид әулетінің алғаш рет ислам дінін қабылдаумен бірге оны идеалогиялық деңгейге көтеріп, мұсылмандықтың жерсінуіне, жергілікті халықтың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт - санасымен үйлесіп кетуіне де ықпал еткен заман болған. Түріктердің бұрынғы дәуіріне қарағанда, ислам діні өзін түркі халқының өміріне әлдеқайда икемді дін екендігін толық көрсетіп, түркі елін біршама жоғары дәрежеге көтере бастаған кез болатын.
Қара халықтан шығып «Хазіреті Сұлтан Шейх – ул-Ислам Қожа Ахмет Ясауи шайық» атанған. (Қазақтар оны көбінесе «Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи» немесе «Әзіреті Сұлтан» деп атайды). [2.29]
Ғалым-мамандардың айтуынша, «Диуани Хикметтің» Қожа Ахмет Ясауидің өз қолымен жазған нұсқасы жоқ. Жұртқа белгілі «Диуани Хикмет» ескерткішінің мәтіні ел аузынан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жатталып қалған нұсқалары бойынша ауызекі тілде және сирек болса да, сауатты азаматтардың, әсіресе, молдалар, дін жолын ұстаған көзі ашық зиялы жандардың қағаз бетіне түсірген қолжазбалары түрінде сақталып қалған. Осы жайында айтқан Ә. Нәжіптің мына пікіріне назар аударсақ: «Диуани хикмет Есеви со временем пополнялся, изменялся; поэтому в настоящее время очень трудно установить, какие хикметы принадлежат перу самого автора, какие модернизированы, а какие написаны его учениками и последователями» [3.55]
«Диуани Хикмет» ескерткіштерінің көптеген нұсқалары әртүрлі қалалардан баспадан шыққан, ең көнесі 1105 жылы (1693 ж жаңаша). Стамбұлда жарық көрген нұсқа деп танылады. Бұл нұсқа Стамбұлдағы Вафик – паша кітапханасында сақтаулы. Осымен тұстас қолжазба нұсқасын Самарқандтан академик К.Т. Залеман алып шыққан, қазіргі кезде Санк – Петербургте сақтаулы.
«Диуани Хикмет» ескерткішінің нұсқалары негізінде Стамбул, Петроград, Қазан, Уфа, Ташкент, Қоқан, Алматы сияқты қалалардың кітапханаларының қолжазба қорында 25-ке жуық тізімі бар екені мәлім. Ташкенттегі А.Бируни атындағы Шығыстану институтының қолжазба қорында «Диуани хикмет» ескерткішінің 20-дан астам тізімі бар. Башқұртстан Ғылыми орталығының Орал бөлімшесіне қарасты тарих, тіл және әдебиет институтының қол-жазба қорында «Диуани хикмет» ескерткішінің 4 тізімі бар.
Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография бөлімінің жариялаған «Қожа Ахмет Яссауи» деп аталатын библиографиялық көрсеткішіне сүйенсек, мынадай мәліметтерді атап өтуге болады.
1. Яссауидің шығармалары қазақ тілі, түрік және басқа тілдерде – 30 рет жарияланған; орыс тілінде – 16 рет.
2. Яссауидің шығармалары туралы қазақ тілінде – 11, орыс тілінде – 53 зерттеулер мен ғылыми мақалалар жарияланған.
3. Яссауидің өзі туралы қазақ тілінде – 82 монография мен ғылыми мақалалар жарияланған.
Бұлардан басқа да толып жатқан мәлімет берілген.
«Диуани Хикмет» ескерткішінің мәтіні 1887 жылы және 1901 жылы Қазан қаласында, 1901 жылы Стамбул қаласында 1902 және 1911 жж Ташкент баспаларынан бірнеше рет жеке – жеке кітап болып басылып шықты. Қожа Ахмет Яссауи өлеңдері жинағының ең толық нұсқасы Қазанбасылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Яссауидің өзінікі дейді кейбір ғалымдар. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.
«Диуани хикметтің» зерттелу тарихына келетін болсақ, К.Залеман – 1898 жылы, Ф.Көпурулу-зада – 1918 жылы, А.Гаррицкий – 1923 жылы, А.Боровков – 1948 жылы, 1949, 1951 ж. Ә.Нәжіп – 1965 ж, тағы басқа да атақты түркітану ғалымдары Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани - хикмет» шығармасының тілін зерттеп, бірнеше құнды еңбектер жариялаған.
Түркия ғалымы М.Ф. Көпурулу-заде Ахмет Ясауидің «Диуани - Хикмет» шығармасының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт – бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазған. Ғалым 1918 ж Ахмет Ясауи поэзиясын ғылыми негізінде жүйелеп, Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.
Қазақстанда талай жылдан бері Залеман тексті бойынша ұдайы еңбектеніп келе жатқан ғалым – Ғалиқызы Рабиға Сыздықова.
Ғалымның айтуы бойынша: «Яссауи өлең жазғанда өзінің «құдай берген» ақындық құдіретін таныту емес, сол дарынды софылық қызметке жеге білу мақсатын көздеді. Сол себептен осы поэзияның жергілікті бұқара халыққа түсінікті болуын, сезімдеріне тиетін әсерлі, әдемі болуын қарастырған. Демек, бұл түсініктіліктің, әдеміліктің сырына үңілу үшін оның тілін талдап -тану қажеттілігі туады.» [4.190]
Қ.Жұбановтың пікіріне назар аударайық: «Диуани Хикмет» – Орта Азиядағы түрік жүйелі түрде сөйлейтін халықтардың орта жазба әдебиет кітаптарының алғашқыларының бірі. «Диуани Хикмет« тілін тексеріп байқаған адам мұнда қазіргі кездегі өзбектің де, ұйғырдың да, қазақтың да тіліне ұқсайтын жеке-жеке лексикалық элементтерді де, азды-көпті грамматикалық өзгешеліктерді де көре алады. Мұндай ұқсастықтардың себебі, сол кездегі Түркістанды жайлаған халықтардың аттары қазіргі қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікпен деген сияқты жеке-жеке атаулары емес еді. Осылайша түрлі атпен аталып отырған ұлттардың барлығы «түрік» халқы деген бір-ақ атпен аталушы еді. Ахметтің тілі (Диуани Хикмет) – Түркістанда ислам діні бет алып, араб қатынастары күшейген кездері пайда болған түрік ғалымдарының стандартты, көпке ортақ тілі деп, батыл айта аламыз» [2.28]
А.К.Бровков оны Караханид әдеби тілінің дәстүріндегі оғыз-қыпшақ тілінде жазылған деп санасады. [5.247]
Р.Сыздықова «Диуани Хикмет» ескерткішін тілін оғыз-қыпшақ тілінде сөйлеген ру-тайпалардың тілі десе, Ә.Құрысжанов «А.Ясауи араб – парсы тілдерінен енген элементтерді барынша мол қолдана отырып, жергілікті халық тілінде жазған» - деген пікір айтады. [6.16]
Академик А.Н.Кононов Ясауи тілі көне ұйғыр және хорезмдік түркі әдеби тілінің нормаларына, яғни Қарахандар мемлекетіндегі қарлуқ-ұйғыр жазба тілінің үлгілері «Құтадғу білік» пен «Алтын йаруқтардың» тіліне жақын деп топшаласа, Әмір Нәжіп Ясауи поэзиясының тілі грамматикалық құрылысы мен лексикасы жағынан «Құтадғу біліктен» де, әз -Замахшаридің «Муқаддимат әл - әдаб» атты шығармасынан да бөлектеніп тұратындығын айтады. [7.82]
Түркі жазба ескерткіштері тілін арнайы зертеген Ә.Нәжіп «Құтадғу біліктің» негізі «д-з» тобындағы қарлұқ -ұйғыр тілі болса, Ясауи хикметтерінің тілінің негізі (сүйегі) «j (и)» тобындағы қыпшақ тілі, оған оғыз тайпалары тілінің элементтері қосылған, демек бұл әдеби тіл аралас сипат алған» - дейді. [8.26]
Ә.Нәжіптің танымы бойынша ХIV ғ Алтын Ордада екі әдеби тіл: оғыз -қыпшақ және қыпшақ-оғыз тілдері қызмет еткен. Алғашқы тіл негізінде Хорезмнің солтүстік өңірінде пайда болған «Құтадғу білік» ескерткішінің тілі жатады, оған ұйғыр жазба дәстүрі қатты ықпал еткен, ал қыпшақ- оғыз әдеби тілі Сырдарияның төменгі ағысында пайда болды,оған Мысырға дейін етек жайған Ясауи тілі жатады дейді. Ясауи тілі «Мухабат-наме»-нің тілі мен Алтын орданың ХІІІ – ХІV ғ. ескерткіштерінің тіліне жақын келеді дегенді айтады. [8.38]
Көрнекті түркітанушы А.М.Щербак: «Хорау уа Ширин» поэмасының тілі Ясауи тілінің ерекшеліктеріне сәйкеспейді деу арқылы «хикметтер» тілінің негізгі оғыз тайпаларының тілі емес деген пікірін білдірді. Ал, А.Н.Самойлович Ясауи хикметінің, Рабғузидің «Қысас ул-әнбийасының» тілдерін, сондай-ақ «Мухаббатнаменің» тілін шағатай тілі, шағатай әдебиеті (оғыз Қарлұқ тілі тобына) дегендерге жатқыза алмаймын деп батыл айтады. [9.104]
Н.А.Баскаков Ясауидің «Хикметтері» мен оның ізбасары А.Йүгүникидің «Һибат-ул-хақаийқ» атты шығыс тілі оғыз -қыпшақ диалектілеріне негізделген, бұлардың тілі батыс (оғыз - қыпшақ) түрік әдеби тіліне жатады дейді. [10.355]
Қожа Ахмет Ясауидің «хикметтерін» грамматикалық тұрғыдан зерттеудің маңызы зор. Ол туралы ғалым Р.Сыздықова «Яссауи хикметтерінің тілі» атты еңбегінде былай дейді: «Ескерткіш тілінің морфологиялық құрылысын ерекшеліктерді анықтау тұрғысынан емес, белгілі бір тілдің немесе жеке бір жазба дүниенің морфологиясын туркологияда қалыптасқан дәстүрлі үлгімен сипаттаймыз. Бұл сипаттама, бір жағынан ескерткіш тілінің морфологиялық құрылысының толық суретін көрсететін амал (принцип) болса, екінші жағынан туыс тілдерді бір-бірінен ажырататын ең даусыз белгілерді айқын көрсетеді» дей келе, ғалым зерттеудің мақсатына тоқталады: «бұл әрекет Яссауи «Хикметтерінің» тілін қайткенде де бір тілге жақындату мақсатында емес, ескерткіш тілінің негізгі қыпшақ-оғыздық деген танымымыздың қаншалықты дұрыс-бұрыстығын айқындау үшін жүргізіледі, өйткені қазір қыпшақ тілдерінің бірі-қазақ тілі арқылы «хикмет» тілінің морфологиялық құрылысындағы тұлға-тәсілдердің қыпшақтық-оғыздық (қазіргі қазақ тілінің өзінде көптеген оғыздық лексикалық, морфологиялық элементтердің орын алатындығы белгілі) сипатын тануға осы саладағы ізденістер септігін тигізер деп ойлаймыз. (107 бет).
1 Сөз және оның құрылымы
Морфология сөздің құрылымын зерттейтін сала.Бұл сала аса маңызды болып табылады.Сөз құрылымы зерттелмей тілдің мықты қағылған сынадай берік тұрақты болуы мүмкін емес.Ол тілдің іргетасы болып саналады.
Сөз құрылымын зерттеу қажырлы еңбекті талап етеді. Осы жолда еңбек еткен ғалымдар Н.А .Баскаков, А.М. Щерба, Э.В. Севортян, А.Н. Кононов,В. Котвич сияқты ғалымдар алғашқы іргетасын қалап кетті.
Ескерткіштер тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылымын зерттеудің маңызы зор. Ол туралы Р. Сыздықованың пікірін кіріспе бөлімде келтірген болатынбыз. Сөздердің құрылымын қарастырмас бұрын сөздің өзіне тоқталуды жөн көрдік.
Сөз дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру үшін ғалымдар көп еңбек еткен. Бірақ әлі де сөздің анықтамасы бір ізге түскен жоқ. Анықтамаларды саралап қарастырсақ олар өте көп және әр алуан. Мысалы, ондай мәлімет толық түрде «Морфологическая структура слова в языках различных типов» деген еңбекте келтірілген. Ол жерде 36 ғалымның 6 түрлі бағытта айтылған пікірлерін кездестіреміз. Соларға тоқталсақ:
1. Сөйлемнің ең шек минимумы.(Предельный минимум предложения)-Л. В Щерба, Л.Блумфильд, Н.В Фаулер, Ф. Г Фаулер, Л. Р Пальмер, Е.Д Поливанов , М. Трейджер, Л. Харрис.
2.Синтаксистің минимальды единицасы (Минимальная синтаксическая единица)- Х. Суйт, И.А Бодуэн де Куртенэ, Е. Сепир, Р. Якобсон, Альман А. Мейе, Б.Трика, Дж. Фирс, Х. Глинц.
3.Сөйлеудің минимальды мәнді единицасы. (Минимальная значимая единица речи) - Г.Норейн, Л. Ельмыслов, К.Тогебю, А.А Реформацкий.
4.Өз бойында фонетикалық, семантикалық және грамматикалық белгілерді біріктіре алатын единица. (Совмещающая В себе признаки фонетичесие, семантические и грамматические)- А. Мейе, Д.Н Овсянико-Куликовский, Р. Бюлер, И. Лазимус.
5.Шындықтың элементін көрсету (Обозначение элемента дейстительности)-В.В Виноградов, В.Дорошевский, Е. М. Галкина-Федорук.
6.Сөйлеудің дербес және бірбүтін элемменті (Самостоятельный и цельный элемент речи). -Г.Норейн, А.Мейе, Ф.Ф.Фортунатов, В.В. Виноградов, Р.О. Шар, Н. Чемоданов, Ж. Вандриес.
Негізгі ойлары бір жерден шыққанмен түркі тілдерін зерттеуші мамандар тарапынан сөзге берілген анықтамалардың ішінде де айырмашылықтар кездесіп отрады.
Мысалы, В.М. Жирмунскийдің : «Сөз өзінің мағынасы мен формасы жағынан дербес ең қысқа тілдік единица» дегенін оқысақ, А. Н.Баскаков «Сөз дегеніміз – морфеманың бірлігі мен системасының көрінісі, ол морфеманың лексикалық және грамматикалық қасиетін көрсетеді» - деп жазады. [12.148]
Ал,Севортян былай дейді:сөз деп тілдің лексика-грамматикалық және семантикалық дербестігі бар ұсақ единицасы». [13.133]
Қазақ ғалымдарынан Т.Сауранбаев:»Сөйлемдегі ойдың бөлшегі болатын белгілі ұғымның дыбыстық көрінісін сөз дейміз»-десе, [14.56] Ы.Ысқақов:«Белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылатын дыбыстық комплекс», - деп анықтама береді. [15.180]
К.Ахановтың пікіріне назар аударайық:«Сөз өте-мөте күрделі единица.Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін,ең алдымен,сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатысын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның арақатысын айқындап алу қажет.Сөздің екі жағы бар:оның бірі-сөздің дыбысталу жағы,екіншісі мағыналық жағы.Сөз онсыз өмір сүре алмайды. Демек,сөз-дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица» [16. 87]
Сөздің тілдік табиғатын түсіну үшін оған тән және оны тілдегі басқа единицалардан ажырататын белгілері болуы қажет.
Ол белгілер мыналар:
1.Сөз белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігінен тұрады. Сөздің дыбыстық құрылымының бірлігі тілдің фонетикалық заңдарына орайласып жатады.
2.Сөздің дыбысталуынан басқа да жағы бар. Ол-мағына. Қандай – да бір сөз болсын, ол белгілі бір мағынаны білдіреді.
3.Белгілі бір тілдегі сөз сол тілдің грамматикалық заңдары бойынша тұлғаланады да, өзіне тән формалардың бірінде көріне алады. Сөз грамматикалық жағынан біртұтас тұлғаланған единица. Сөз біртұтас тұлғалану қасиеті жағынан еркін сөз тіркесінен, тұрақты сөз тіркесінен де ажыратылады.
4.Сөз құрылымдық тұйықтылығымен, яғни өзінің құрамына басқа бір сөзді ендірмеу қасиетімен ерекшелінеді.
5.Сөздің морфема мен еркін сөз тіркесінен және сөйлемнен тағы айырмашылығы мынада: сөз қалай да болсын белгілі бір сөз табына қатысты болады да, соған телінеді.
6. Сөз сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған единица ретінде жұмсалады.
Сөзді айқындап, оған анықтама беруде сөздердің тек жеке, дара түрі ғана емес, сонымен бірге оның күрделі түрі де мұқият ескерілген жөн. Өйткені, сөз шегін анықтап ажыратуда ең алдымен қиыншылық тудыратын осы күрделі сөздердің өзіндік қасиеті болмақ. Олар дербес айтылған, кем дегенде екі лексикалық единицалардан, екі сөзден құралған сөздер, ерекше түр-тұрпаттағы сөздер де, дара сөздерге берген анықтама-түсініктен мүлде басқаша ұғым тудырады. Сөздердің осындай бір ерекше қасиетін ескере отырып берген анықтаманы біз академик В.В.Виноградовтың зерттеулерінен кездестіреміз. Ғалым сөздің негізгі қасиеті деп оның мағына тұтастығы (цельнозначимость) мен түрлену тұтастығының (цельноформленность) бірлігін айтады. Яғни, сөз жеке-дара күйінде бола ма, жоқ күрделі түрде бола ма – бәрі бір, оның өзіне тән тұтас бір мағынасы және тұтас бірбүтін тұлға, түр-тұрпаты болу керек деп санаймыз. Қазіргі зерттеулердің көбіне осы пікір негіз болуда. Виноградовтың дәл осы пікірін негізге ала отырып Т.Я.Скорик сөзге мынадай анықтама береді: «Слова представляет собой цельнозначимую и цельноформленную единицу языка». [17.34]
Біз сөздерді анықтауды дәл осы айтылған пікірді лайықты деп ойлаймыз. Бірақ бұған қосымша біздің ескеретін тағы бір заңдылығымыз болады. Ол – сөздің синтаксистік тұтастығы. Сөзді тілдің лексика – грамматикалық единицасы деп танығанда, оның тек лексикалық мағынасы мен морфологиялық түрлену қасиеті ғана ескерілмесе керек. Сөз әдетте, жеке-дара тұлға емес, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрамындағы тұлға ретінде қаралады. Сол себепті сөзді анықтауда оның тек мағынасы мен түрлену қасиеті емес, атқаратын қызметі де негізгі шешуші қасиеттердің бірі болып саналуы шарт. Яғни сөзді анықтауда оның синтаксистік қызметі, синтаксистік тұтастығы да ескерілуі қажет. Бұл синтаксистік тұтастық әсіресе сөз бен сөз тіркестерінің ара-жігін айыруда өте қажет болады. Демек, сөзді анықтау мен сөз қасиеті неде? дегенге жауап берерде қалай болса да, олардың мына сияқты өзіндік жүйелі сипаттарын мұқият еске тұтқан жөн. Сөз, ең алдымен, «адамның сезімі арқылы қабылданған заттар мен солардың әр алуан қасиеттерінің, сапаларының, әрекеттерінің бейнесі», белгілі бір ұғым атауларының «дыбыстық комплексі», «шындықтың элементі» ретінде танылады. Одан әрі осы бейне мен дыбыстық комплекс, мейлі, ол «сөйлемнің ең шек минимумы» бола ма немесе « синтаксистің / сөйлеудің/ минимальді / мәнді / единицасы», «сөйлеудің дербес және бірбүтін элементі бола ма, жоқ «өз бойына фонетикалық, семантикалық және грамматикалық белгілерді біріктіре алатын единица» бола ма – бәрі бір, тілдік единица ретінде танылып, тілдің лексикалық құрамына енеді. Сол сияқты, ол «тілдің ең қысқа (уақ) единицасы» бола ма, жоқ «морфема бірлігі» бола ма – бәрі бір, онда да тілдік единица болып табылады. Олай болса, сөз тілдік единица , тілдік лексикалық құрамының элементі ретінде белгілі бір лексикалық мағына мен грамматикалық сипатқа /морфологиялық түр-тұрпат пен синтаксистік қызметке/ ие болады. Ал сөздің жеке -дара түрімен қатар кем дегенде екі сөзден құралатын күрделі түрі де болуына байланысты, ол сөз мағыналық тұтастық пен грамматикалық / морфологиялық және синтаксистік/ тұтастықта айтылатын тілдік единица түрінде танылады.
Қандай сөз болса да, оның өзіне тән құрамы, тұр -тұрпаты белгілі бір тұлғасы болады. Тұлғасыз сөз болуы мүмкін емес. Сөздің түр-тұрпаты оның лексика-граматикалық сипаттарымен тікелей байланысты. Лексика және грамматикалық сипат барлық сөздерде біркелкі бола бермейді. Сондықтан, сөздердің лексика және грамматикалық сипатына орай олардың ішкі морфологиялық құрамы мен тұлғалық құрылым жүйесі де әртүрлі болып отырады. Бұл ішкі әртүрлілік өз тарапынан өздердің сырт тұлғасының, сыртқы түр-тұрпатының әр-алуан болып келуіне саяды.
Сөздерге тән бұл қасиет бүгінгі күннің ғана жемісі емес, ол сөз табиғатында өте ертеден келе жатқан заңдылықтар қатарына жатады.
Ал енді «сөздер құрамы», «сөз құрылымы» дегенде негізгі морфемалар мен негізгі морфемалардың түрлері баяндалып, сөздің негізгі және қосымша морфемалардың сөз құрамындағы орын тәртібі мен реттік жүйесі анықталады. Сөздің құрамы мен құрылымы туралы мәселе туркология ғылымында ең алғаш ХХ ғ бас кезінде В.В.Радловтың зерттеуінде талдауға түскен болатын.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?