Қазақ тілі | Бірыңғай мүшелі сөйлемдер
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛІ СӨЙЛЕМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУЫ
2.1.Ыңғайлас жалғаулықтар арқылы
2.2. Қарсылықты жалғаулықтар арқылы
2.3. Талғаулықты жалғаулықтар арқылы
2.4. -ып, -й көсемше формалары арқылы
2.5. Орын тәртібі арқылы
3 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛІ СӨЙЛЕМДЕРДЕГІ ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗДЕРДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада.
Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі.
Синтаксис ғылымының зерттейтін обьектілері – тілдің синтаксистік құрылысы. Синтаксистік құрылыс сөздердің әр алуан тұлғаларда жұмсалуы арқылы өз ара тіркесіп барып. Сөйлем құрауының жүйелі ережелері мен заңдарының жиынтығы болып табылады.
Синтаксис – сөз тіркесінің, жай және құрмалас сөйлемдердің сыр – сипатын, қалыптасқан ережелері мен жұмсалу заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Синтаксис сөз тіркестерін, сөйлемдерді, олардың бөлшектері мен әр алуан синтаксистік категорияларын кісінің ойын білдірудің грамматикалық амалдары ретінде, оларды өз ара және морфологиямен байланыста қарастырады.
Синтаксистің басты арнаулы обьектісі екеу: бірі – сөз тіркесі, екіншісі – сөйлем. Сөз тіркесі мен сөйлем екі бөлек синтаксистік единиуалар: сөйлем қарым – қатынас жасауды пікір алысуды қамтамасыз етудің – ал сөз тіркесі сөйлем құралдың шоғырланған материалы болу. Сол үшін сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым – қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады.
Тілдің ең басты ,бір тұтас ұйысқан бөлшегі –сөйлем. Сөйлем- тілдің қоғамдық қызметі. Пікір алысудың ойды білдірудің, негізгі тұлғасы. Ол қашанан бері синтаксистик зертеудің басты объектісі болып есептеледі. Сөйлем кісінің ойын айту мақсатына лайық құралатындықтан, сөз, сөз тіркестері ойдың бөлшекті элеметтері есебінде сөйлем құрамына енеді. Олар сөйлем құраудың синтаксистік материалы болатындықтан, синтаксис зерттеудің де басты объектісінің бірі болып табылады.
Сөйлемнің басты сипаттамалары мыналар: сөйлем біршама тиянақты ойды, предикаттық қатынасты біолдіреді.Сөйлемнің айтылу интонациясы болады, сөйлем жеке сһзден, сөз тіркестерінен құралады.
Синтаксис жөніндегі ғылым бірнеше саладан құралады, оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің, бөлшектерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты .
Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі
зерттейді.
Жай сөйлем - өзіне тән семантикалық құрылымы бар, коммунативтік міндет атқаратын, бір предикңативтің бірліктен тұратын сөйлем. Жай сөйлемнің ерекшеліктерін танытатын белгілер оның синтаксистік, семантикалық құрылымы сөздердің орын тәртібі мен интоноция болып табылады.
Синтаксистік құрылым тұрғысынан алып қарағанда, жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден тұрады. Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді. Қай түрі болғанда да, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің атқаратын қызметі өте зор. Сөйлемнің негізгі болып табылатын баяндауыш қимыл - әрекетті, қозғалысты, қалыпты білдіреді де, бастауыш сол қимыл - әрекеттің, қозғалыстың иесін танытады. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады.
Жай сөйлем құрамында тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер бірыңғай да келеді. Негізінен сөйлемдегі бірыңғай мүшелер туралы ұғым мектеп граматикасынан белгілі Бірыңғай деп граматикалық қызметі жағынан граматикалық формасы жағынан, граматикалық байланыс жағынан ыңғайлас келген мүшелерді айтамыз. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер - күрделі ойды, бірнеше сөйлемдісалыстырып білдірудің амалы. Оларды құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те атауға болады.
Құрмалас сөйлем мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемнің айырмасы құрлысында. Құрмалас сөйлемге компонент ретінде жай сөйлемдер қатысады, әр компоненттің құрамында дара бастауыш, баяндауышы болады. Бірыңғай баяндауыштар бір бастауышқа қатысты, сондықтан бұл құрамдағы конструкция жай сөйлем қатарына жатады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемнің өзіне тән ерекшеліктері мен тілдегі қызметін айқындау жұмысымыздың өзектілігін танытады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Бірыңғай мүшелер, олардың сөйлем ішінде қолданылу ерекшеліктері мен Бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер мәселесі қазақ тіл білімі ғылымында қарастырылып, тілші ғалымдар пікір айтқан. Атап айтар болсақ, «Қазақ тілінің граматикасы» (Синтаксис) мен «Қазақ тілі энцеклопедиясында», М. Балақаев, Т. Қордабаев, А. Әбілқаев, Р. Әмір т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кеңінен қарастырылып, сөз болған.
Жұмыстың құрылымы.
Кіріспе, негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
1 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛІ СЙЛЕМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Бұл тарауда ой білдіру жағынан болсын, құрылысы жағынан болсын кей уақытта құрмалас сөйлем моделімен астарласып жататын біріңғай түрдегі синтаксистік конструкцияларды сөз етеміз.
Сөйлемде хабарлаған бірыңғай қимылдардың осылайша бір грамматикалық бастауыштардың төңірегіне жинақтлуы, қазірде қазақ тіл білімінде танылып жүргендей, сабақтас құрмалас болып ұсынылмай, күрделенген сөйлемнің бірыңғай мүшелі түрін аңғартады. Осы тектес сөйлемдердің табиғатын ани білуде әр бір компонентегі бастауыш-баяндауыштың негіз шешуші критерийге алынбай, көбінесе баяндауыш сөздерінің қолданысы есепке алынады. Осыдан келіп жоғарыдағы сөйлем қарсылықты бағыныңқыға жатқызылып жүр. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен сабақтас құрмаластоың ара жақындығының өзі де осыдан келіп шығады. Сондықтан да мұндай тұлғалас ұқсастықтарды бір-бірінн өзара саралай қарауымыз керек. Талдап отырған сөйлеміміздегі хабарланған оқиға желісі бір ғана субъектінің (шешім) төңірегіне жинақталып, оның алуан түрлік қимылдың сипатын өзара саралай көрсетілгендіктен де, мұндай конструкцияны бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлемдердің қатарынан танитын боламыз.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің күрделенген сөйлемнің қатарында қаралуының өзіндік тарихы бар.Бұл тарих жалпы тіл білмінде осы конструкцияға байланысты орын алған жайлармен тығыз астарласып жатыр. Солардың қайсы бірлеріне ұңіліп қаралықшы.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері орыс тіл блімінің тарихында ең алғаш көп жылдарға дейін біріккен сөйлемдер (слитное предложения) деп қаралып келінді. Профессор А.Г.Рудневтің айтуы бойынша, бірыңғай мүшелерді осы ретте ең алғаш Н.И.Греч жазып еді. Бұл ғалым сөйлемнің бірыңғай мүшелерін екі не оданда көп сөздердің өзара бірге қосылуынан пайда болады деп түсінген – ді. Әрине, мұндай түсініктен бірыңғай мүшелі сөйлемдердің табиғатын дұрыс ашып бере алады деп айта алмаймыз. Қайта бірыңғай мүшелер «екі не оданда көп сөйлемдердің бірігуінің нәтижесі» деген ұғымнан оның құрмалас сһөйлемге жатқызылатыны аңғарылып тұрады.
Бірыңғай мүшелерді құрмалас сөйлемге жатқызушылық А.Х.Востоковтың еңбегнде ашық айтылған.
Профессор А.М.Пешковский өзінің «Русскии синтоксис в научном освешении» атты белгілі еңбегінде бірыңғай мүшелі сөйлемді құрмаласқа жатқызбағанмен де, олардың арасндағы өзара жақындықты теріске шығармайды. Тіпті кейде автор бірыңғай мүшелерді жай сөйлем мен құрмаластың екі аралығындағы сөйлем деп те қарайды.
Профессор А.М.Пешковский аталған еңб,егінде брыңғай мүшелі сөйлемдерді біріккен сөйлем деп қарайды да оған арнаулы тарау бөлген. Автордың осы жайлы баяндауларына мұқият назар аударып байқасақ, біріккен сөйлемнің өз екі жақты тексеріледі: бірі- біріккен сөйлемдер де , екіншісі – бірыңғай мүшлер. Алғашқысына сөйлем мүшлерінің жалғаулықсыз тек дауыс ырғағымен бірыңғай байланыса жұмсалған түрін жатқызады да, соңғысына бірыңғай мүшелердің жалғулықтар арқылы ыңғайласқан жолын жатқызады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер профессор А.М.Пешковский тарапынан екі жақты қарала тұрса да, сайып келгенде, автор екеуінің бсын түйістріп, біріккен сөйлем деп атайды. Зерттеушінің ұғымында біріккен сөйлем үлкен де, бірыңғай мүшелер соның қарамағына кіреді. Сондай-ақ бір сөйлемнің ішінде әрі дауыс ырғағы арқылы тең байланысқан бірыңғай мүшлер, әрі жалғаулықпен келген бірыңғай мүшелер болса, барлығын жалпы түрде «біріккен сөйлем» деуді ұсынады.
Бірыңғай мүшелік конструкцияларды біріккен сөйлем деп қараушылық не болмаса құрмалас сөйлем дп танушылық соңғы кездердегі еңбектерден де кездесіп қалады. Мәселен профессор Т.П.Лонтев синтаксиске арналған бір еңбегінде бірыңғай мүшелі сөйлемдерді бірікке сөйлем қтарында талдайды. Ал армян тілі синтаксисін арнайы зерттеген В.Д.Аракелян осы тілде бірыңғай бастауышты және бірыңғай баяндауышты сөйлемдердің құрмалас сөйлемнің бір түрінен саналатындығын айтады да, осы ретте бұрыңғы зерттеуші М.Абегяннің бірыңғай баяндауышты мүшелерді ғана құрмаласқа жатқызатындығын ескерте кетеді.
Сөйтіп, жалпы тіл білмінде бірыңғай мүшелі сөйлемдердің табиғаты жайында әр түрлі түсініктемелердің болғандығы осы бір шағын ғана шолудан байалып тұрғандай. Тіпті қазіргі кездің өзінде орыс тілінде «поедшь не ты, а он» тәріздс сөйлемдерді біреулері бірыңғай мүшелі сөйлем деп таныса, енді біреулері (көпшілік) құрмаласқа жатқызатындығын Е.В.Крупнова дұрыс көрсеткен.
Бір мүшелі сөйлемдерді тани білудегі осындай қиыншылық қазақ тіл білімінде де әсерін тигізбей қойған жоқ.
Міне, бұл айтылған жағдайлар бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің ара қатынасында кездесіп қалатын осындай қиыншылық, ұқсастықтардың барлығын аңғартса керек.
Сөйлемнің қай мүшлері болса да бірыңғай түрде жұмсала береді. Алайда осылардың ішінен құрмалас сөйлем категориясымен кейде жақындасып, астарласып кетуіне әсіресе бірыңғай баяндауышты түрі икем келіп тұрады. Өйткені осындай конструкцияда келген сөйлемдер бір бастауышқа ортақтасып, негізгі қимыл иесінің әр түрлі аалдық сипатын білдіре жұмсалады. Ал ортақ бастауышты осындай сөйлмдердің кейбіреулері қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін біреулерімен жай сөйлем, енді біреулерімен құрмаластың төңірегінде танылып жүргені белгілі. Сөйлемнің осы түрінде оның бірыңғай баяндауыштары тиянақты және тиянақсыз тұлғада келіп отырады. Алғашқысында салалас құрмаластың кейбір заңдылықтары байқалса, соңғысында сабақтас сөйлемнің модельдік ұқсастықтарының нышаы білінеді. Мына бір сөйлемің құрылысына назар аударарлық:
Инженер Рахмет үйіне келіп төсекте отырды. Ойланды, мойнын төмен түсірді, біруақытта басын көтеріп алды.
Екінші сөйлемді салалас құрмалас деп танушыларда жоқ емес. Шындығында бұл сөйлем - бірыңғай баяндауышты жай сөйлем. Әрбір синтаксистік бөлшектердің баяндауыштары бір громматикалық бастауыштың (Рахмет) мазмұнын әр түрлі қырынан көрсетіп тұр. Осындай сөйлемдердің өзаралық қатынасыбаяндауыштардың бірыңғай тұлғада ыңғайласа айтылу немесе жалғаулықтар арқылы байланыа жұмсалады.
Үйге келсе Мұратын ермек етеді, оның тілін қызық көреді, ертегі айтып береді, ойнатады.
Астымдағы жас тағы қайтса де мені лақтырып тастамақ боп істемеген айла шарғысы, көрсетпеген мінезі қалмады: біресе тік шаншылып алға шапшиды, біресе артқы екі аяғын аспанға көтеріп басынан аунап түспек болады, біресе оқыс былай жалтарады, біресе күрт олай бұрылады; біресе ерін бауырына алып тулаған асау байталдай бар пәрменімен оқырақтап аспанға атылады.
Міне, осындай тиянақты тұлғадағы бірыңғай баяндауышты сөйлемдер сыртқы құрылысы жағынан салалас сөйлемдерге ұқсап жатады. Бұл жйға ерте уақыттың өзінде –ақ тіл білімінде назар аударылған болатын. Мәселен , профессор Н.Ф.Яковлев чечен тілінің салалас сөйлемдерін талдауға келгенде, олардың бірыңғай мүшелі сөйлемдермен жақындасып жататындығын айтады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен салалас құрмаластарды өзара ажыратып отырудың қажеттігін Н.З.Гаджиева да көрсетеді.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі бірыңғай баяндауыштар тиянақсыз формада жұмсалғанда, олар сабақтас құрмаластың құрылысымен жақындасып келеді. Тиянақсыз тұлғадағы бірыңғай баяндауышты сөйлемдер синтаксистік оралымлар арқылы жасалады.
Сонымен., жоғарыда талданған сөйлемдеріміз сыртқы құрылысы жағынан кейде құрмаластардың табиғатымен астарласып жатқандығымен, олар бас мүшелердің негізінде өзара ажыратылып отырады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер бір грамматикалық бастауыштың негізінде құралады. Алайда осы бір заңдылық кейде ескеріле бермегентіктен, осындай сөйлемдер кейбір еңбектерде құрмалас сөйлемдрдің қатарына танылып қалады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдерге байланысты осындай түсінік әсіресе төнкеріске дейінгі еңбектерден орын алған болатын.
Профессор М.Балақаев бірыңғай мүшелң сөйлемдерді күрделенген сөйлм деп атайды да оның әсіресе бірыңғай баяндауышты түрін жай сөйлем мен құрмаластың екі аралығында тұрады деп түсіндіреді.
Ғалым профессор Р.Әмір сөйлемдегі бірыңғай мүшелер туралы ұғым мектеп граммаикасынан белгілі дейді. Бірыңғай деп грамматикалық қызыметі жағынан грамматикалық формасы жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелерді атаймыз. Бірыңғай мүшелер өзара салаласып байланысады. Әне, қалын мұнарға шомып туған ауылы, өскен елі жатыр (О.Б.).
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сиыстырып білдірудің амалы. Олардың құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те атауға болады. Көп жағдайда сөйлемді бірыңғай мүшелі етіп құрау неесе оны құрмалас етіп тарату сөйлеушінің сөйлеу мақсатына бағнышты болады. Мысалы, Рас айтасыз, бұл дүниеде бабадан не қалған, атадан не қалған (М.Ә.). Бұл құрмалас сөйлмді «Рас айтасыз бұл дүниеде бабадан, атадан не қалған» деп те бірыңғай мүшелі жай сөйлем етіп құруға болар еді. Ойды құрмалас сөйлем арқылы айту сөзе риторикалық сипат беру үшін қызмет атқарып тұр. Мына сөйлемнің құрмалас болып, бірыңғай мүшелі болмай құрылуы да осы мақсатқа байланысты: Сырым, естір сөзді сен де естідің, мен де естідім. (М.Ә.). Бұны біыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде құрағанда ілгерідігі ритім жоғалады: Сырым, естір сөзді сенде естідің мен де естідім.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдрдің осы екі аралық сипатына сай тіл білімінің оны тануында түрлі пікір орын алып жүр. Бірқатар тілшілер біріңғай бастаышы, тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдрді жай сөйлем қатарына жатқызады да, бірыңғай баяндауышы бар сөйлемдерді салаласқұрмалас сөйлем деп таниды. Дәлелдері – бұл баяндауыштың әр қайсысы дара-дара предикативтік қатынасты білдіреді дейді.
Құрмалас сөйлем мен бірыңғай мүшелі жай сөйлемнің айрмасы құрылысында. Құрмалас сөйлемге компонент ретінде жай сөйлемдер қатысады, әр компоненттің құрамында дара бастауыш, баяндауышы болады. Бірыңғай баяндауыштар бір баяндауышқа қатысты, сондықан бұл құамдағы конструкция жай өйлем қатарына жатбы.
Қай сөйлем болмасын, олардың ішінде бірыңғай мүшелердің күрделеніп келе беруі мүмкін. Бұл, әрине сөйлемнің аумағын да кеңейтеді, мазмұндық желісін де күрделендіре түседі, алайда мұндай құбылыс оны екінші бір синтаксистік ктегорияға (құрмалас сөйлемге) айналдырып кете алмайды. Әр қайсысының өзіндік грамматикалық заңдылықтары бар: бірыңғай мүшелер негізні бір сөздің төңірегіне жинақталса, құрмаластың әрбір компоненті сөйлемдік ыңғайда жұмсалады. Осындай заңдылықтар сөйлем тани білу принципінде ескеріліп отырылғаны жөн. Мұның өзі кейбір синтаксистік категориялардың ара қатынасын дұрыс ажыратып отыруға мүмкіндік туғызады.
2 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУЫ
Сөйлем – комуникативтік единица, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын единица. Сөй, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды.
Жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді болып келген конструкцияларды сөйлемге тән громматикалық форма алып, комуникативтік единица - сөйлемдік сапаға и бола алады екен. Сөйтіп, сөлем өзіне тән громматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлем құрылысына қарап отырсақ, сөйлемді құрауға, ойдыі кім, не туралы екенін білдіретін мүше және ол туралы не айтылғанын білдіретін мүше, яғни, бастауыш, баяндауыш мүшелері қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұм салады. Сөйлем мүшелері сөйлемдегі ойды берудегі басты формалар болып есептеледі. Сөйлем мүшлері – құрылымдық-семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері. Сөйлем мүшелері жасалым құрылысына қарай дара және күрделі болып келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді. Сөйлем мүшесінің қатынасуымен жасалған жай сөйлемдер жалаң және жайылма болып жіктеледі. Осыған орай да сөйлем мүшелерінің түрлері келіп сараланады. Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы жасалып, тұрлаулы мүшелер құрайды. Ал сөйлемнің құрамында тұрлаулы мүшлерден басқа мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Сода жалпы екі үлкен топқа жіктелетін болады: тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мұшелер. Аталған сөйлем мүшелері біріңғай мүшелі сөйлемдер құрамында сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқарып, бір ғана сұраққа жауап беріп, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалатын, бір ғана сөзге қатысты болып келетін біріңғай мүшелер бола алады. Бірыңғай мүшелер мәселесі – синтаксис саласындағы күрделі, өзекті тақырыптың бірі. Граматикалық ережелердің біразы осы мәселеге тікелей және тығыз байланыста құралады.
Сөйлемде бірыңғай бір – ақ мүшенің қызметін атқарып, бір –ақ сұрауға жауап беретін және бір – ақ сөзбен байланысатын біркелкі тұлғалар болады. Олардың логикалық мағына жағынан да біркелкілігі байқалады. Бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. [ 1,97]
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшесі бола алады. [ 2,367]
Сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер болады. [ 3,160]
Бірыңғай деп грамматикалық қызметі жағынан, грамматикалық формасы жағынан, грамматикалық байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелрді айтамыз [4; 166]........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?