Қазақ тілі | Көмекші мектептің 5. 7. 9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту

 Қазақ тілі | Көмекші мектептің 5. 7. 9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту

Мазмұны

КІРІСПЕ
І. Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту
1.1 Түбір
1.2. Түбірлес сөздер
1.3. Жұрнақ-жалғау
1.4. Қосымша
II. Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту
2.1.Түбір
2.2. Түбірлес сөздер
2.3 Қосымша
2.4. Жұрнақ
2.5 Күрделі сөздер
III. Көмекші мектеп оқушыларының «сөз құрамы» тақырыбы
бойынша қателерінің түрлері.
3.1. Зерттеу әдістемесі
3.2. Зерттеу нәтижесі
IV. Көмекші мектеп оқушылардың «сөз құрамы» бойынша
түзету жұмыстары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5,7,9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу.
Зерттеудің міндеттері:
1) Әдебиеттерге шолу.
2) Бақылау эксперименті арқылы 5,7,9 сынып оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша жіберген қателерінің түрлерін анықтау.
3) Қателерді түзету жұмысында қолданылатын тиімді тәсілдерді жүйелеу.
Зерттеу пәні қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептегі түзету-дамытушылық оқыту үрдісі.
Зерттеу әдістемесі:
1) Көмекші мектеп 5,7, сынып оқушыларының құжаттарымен танысу.
2) 5,7,9 сынып оқушыларына зерттеу эксперимент өткізу.
3) 5,7 сынып оқушыларының эр түрлі жазу жұмыстарын зерттеу, нәтижесін талдау.
Зерттеу базасы:
Мәлімет бойынша сапалы және сандық талдаулар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: алғаш рет көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша білімі зерттеліп мағлұмат алынып отыр.
Зерттеудін практикалық мәнділігі:
1) Зерттеу барысында мағлұматтарды, нұсқауларды ескере отырып,
көмекші мектеп оқушыларымен жұмыс барысында сапалалығын арттыруға болады.
2) Зерттеу қорытындыларын көмекші мектепке арналған оқу әдістемесін құрастыруында негізге алуға болады.
3) Зерттеу нәтижесі жасалған тұжырымымен нұсқауларды көмекші мектеп оқушыларына оку үрдісінде қолдануға болады.
Зерттеу өзектілігі- «Сөз құрамы» тақырыбына арналған орыс тілі бойынша зерттеулердің көп екенін көрсетті. Бұл зерттеулердің негізін қалаушылар: М.Л.Закожурникова, М.Р. Львов, Т. Г. Рамзаева, Г.Ф. Суворова, Г.А. Фомичева, В.Г. Шашкова.
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары бойынша, бұл тақырып Д.Алимжанов, Р.Әміров, А. Жунисбеков, Б.Балакаев, С.Қазыбаев, С. Рахметова еңбектерінде айтылған.
Көмекші мектепке арналған орыс тілінің әдістемесінде бұл тақырып, тек Н.М.Барская және Л.А.Нискевич еңбектерінде қарастырылған.Олар жұмысында «Сөз құрамы» бойынша білім және дағды көлемдерін кесте түрінде көрсетіп, тәжірибелік жаттығулар үрдісінде белгілі бір түсініктерді ұғынуға бағытталған жалпы әдістемелік нұсқауларды ұсынады. Бірақ, ақыл-ойы кем оқушының ерекшеліктеріне сай оқыту мерзімін көрсетпеген, жұмыстың жүйелілігі мен бірізділігін толық ашып бере алмаған, сондай-дайындық жаттығуларына онша назар аудармаған.
Бұл мәселе бойынша біздің жүргізген арнайы зерттеулердегі бағытталған талдаулар, мүмкіншілігі шектеулі оқушыларға грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы тәжірибелік қажеттілікпен көмекші мектеп-интернаттың кәсібі іс-әрекетіне бағытталған әдістемелердің аздығы арасындағы объективті қайшылықтың бар екенін айқындады, яғни 5-7 сынып оқушыларына «Сөз құрамы» тақырыбын оқыту-үйрету үрдісінде грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыратынын айқын баяндайтын әдістемелік құрал жоқ.
Осыған орай, зерттеу мақсатын айқындадық-көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын жемісті меңгеруіне көмектесетін, түзету-әдістемелік жұмыстың ғылыми негізделген жүйесін құрастыру.
Зерттеу мақсатынан тәмендегідей міндеттер шығады.
Бұл мәселе бойынша қазіргі заман ғылыми-әдістемелік зерттеулер күйін анықтау
1) Қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбын оқу барысындағы грамматикалық білімдерінің қалыптасу деңгейін анықтау.
2) Оқушылардың өзіндік жұмыс, диктант, мазмұндама, шығарма жазу барысында жіберген орфографиялық қателерінің сипатын айқындау.
3) Қазақ балаларында «Сөз құрамы» тақырыбын оқыту негізінде грамматикалық білім және орфографиялық дағдылардың қалыптастыру әдістемесін құрастыру.
Зерттеудің теоретика- әдістемелік негізі жалпы білімдік бастауыш мектептің орыс және қазақ тілі әдістемесі мен көмекші мектептегі орыс тілінің әдістемесіне жүктелген.
Зерттеу әдістері-жалпы және арнайы әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің негізгі 1) зерттеу мәселесі бойынша жалпы және арнайы психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды (2008жыл), ғылыми аппарат анықталды. Бақылау эксперементінің қорытындылары бойынша,қазақ тіліндегі Алматы қалалық жанұя 3 көмекші мектеп-интернаты және Алматы қаласындағы №7 түзету мектеп интернатында «Сөз құрамы» тақырыбын 5-7 сынып оқушыларының меңгеру ерекшеліктері, грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының қалыптасу деңгейі жайлы мәліметтер жинақталып мақалада берілді. (Хабаршы, Алматы, 2008, 20-24б.) Қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептің 5-7 сынып оқушыларының грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістеме құрастырылды («Сөз құрамы» тақырыбы бойынша). Бұл әдістеме бойынша 5-7 көмекші сыныптарда тәжірибелік-бақылап оқыту ұйымдастырылып, жинақталған мәліметтерге сапалы және сандық талдау жүргізілді, зерттеу қорытындылары жүйеленді.
3)2008-жыл. Құрастырылған әдістеме бойынша 5-7 сыныптарда тәжірибелі-бақылап оқыту жалғастырылды, балалар жұмыстарына (өзіндік жұмыс, диктант, мазмүндама, шығарма) сапалы және сандық талдау жүргізілді, зерттеу қорытындылары жинақталып, қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектеп мұғалімдеріне арналған «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша әдістемелік құрал тағайындалды.
Зерттеу базасы- Алматы қаласындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектеп - интернаттар базасында 2008-2009 оқу жылдары бақылау және оқыту эксперименттері жүргізілді.
Жұмыстың ғылыми, жаңалығы- «Сөз құрамы» тақырыбын оқытуда көмекші мектептің 5-7 қазақ сынып оқушыларының грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының жағдайы анықталды.
Көмекші мектеп -интернаттың 5-7 сынып оқушыларының өзіндік жұмыс, диктант, мазмұндама, шығарма жазу барысында, олардың «Сөз құрамы» тақырыбын меңгеру ерекшеліктері туралы мәліметтер алынды.
Оқыту экспериментіне әдістеме құрастырылып, оған эксперименталды жұмыс 5-7 сыныптарда жүргізілді.
Бақылау экспериментінің әдістемесі 4 топтамалы міндеттен тұрады.
- Бірінші топтамада оқушылар «Сөз құрамы» кестесін толтырады, яғни кестеде жазылған сөздерге морфемді талдау жасайды.(сөздер саны 5,7,9 сыныптарда көбейтілді) 5,7,9 сыныптарда екі сөзден қосылды.
- Екінші топтамада - оқушылар бақылау диктантын жазды, кейбір сөздерге алдын-ала мағынасы, құрамына және дұрыс жазылуына талдау жүргізілді (ол сөздерді сынып тақтасына жазып қойдық, мысалы, бұлттанды, балалар, ағаштың, қайтты).
- Үшінші топтамада- оқушылар мазмұндама жазды- мазмұндама мәтінінен кейбір сөздер алдын- ала мағынасы, құрамы, дұрыс жазылуы жағынан қарастырылды. Сынып тақтасында жоспардың әр кезеңінде бұл сөздер жазылды- Ескекпен (весла) есіп
Тұмсығы қайықтың
Жылулығын судың
Құтқарды

Кейбір балаларға жеке-дара көмек көрсетілді (мазмұндаманың басы жазылған карточкалар таратылды).
- Төртінші топтамада- түбірлес тірек сөздер бойынша, оқушылар байланыстырылған қысқа мәтін құрастырды. Бұл сөздердің құрамы, мағыналық жағынан, дұрыс жазылуы бойынша талданды. Тақтаға баған түрінде түбірлес сөздер жазылды- Аң
Аңшы
Аңшылар
Аңшылық
Сондай-ақ, бүркіт ұстаған аңшы бейнеленген сурет ілінді. Алдымен мұғалім өзі сурет бойынша әңгімелейді, содан кейін кейбір оқушыларға әңгімені қайталатып, тірек сөздерді, сурет және дайын жоспар арқылы өздеріне қысқаша шығарма жазу тапсырылды. Кейбір балалармен жеке-дара жұмыс жүргізілді( шығарма басы жазылған карточкалар берілді).
2,3,4-топтамалар бойынша бақылау диктанты, мазмұндама мәтіндері және шығарма тақырыбы барлық сыныптарға ( 5-7 сыныптар) бірдей беріліп, сабақ өткізу әдістемесі әдеттегі-қалыптасқан түрде болды. Бақылау экспериментінде Алматы қалалық №7 арнайы түзету интернатынан 32 оқушы, яғни 5,7 сыныптар – барлығы 72 оқушы қатысып, оқушылардың 268 жазу жұмыстары талданды.
Алматы қалалық 3-көмекші жанұя мектепте экспериментке 5,7 сынып оқушылары қатысты, бәрінде ПМПК қорытындысы бойынша дебиль дейгейіндегі олигофрения диагнозы бар.
Экспериментальды зерттеуде алға қойған міндеттер бойынша, көмекші мектептің 5-7 сынып оқушыларының грамматикалық білімінің қалыптасу зерттеліп, айқындалды.
Сөз құрамы – 5-сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын тақырып. Сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфемалардың) ұғымын жетік меңгеру үрдісі оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл деректерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе алуын көздейді.
Ал, морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынада:
біріншіден, сөзді морфологиялық күрамына қарай талдау және сөз жасау жаттығулары оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытуға
өлшеусіз әсер етеді.
екіншіден, сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді.
үшіншіден, сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір сөздерін дұрыс жазу ережелері морфологиялық принципке негізделеді.
Балалар сөз құрамы жөнінен үйренген теориялық білімдері мен сөзге талдау
жасау арқылы меңгерген біліктерінің негізінде түбір сөзді және оған жалғанатын қосымшаларды дұрыс жазу заңдылықтарын саналы түрде бірте-
бірте меңгере түседі.
төртіншіден, сөз құрамын меңгеру мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру оқушылардың сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыланады.
бесіншіден, сөз құрамы бөліктерін үйретумен байланысты балалардың сөздік қоры байыды, сөз тіркестерінің байланысын табуға және өз ойларынан сөз тіркестерін жасауға, сондай-ақ сөйлем құрау дағдысына машықтану арқылы оқушылардың ауызша-жазбаша сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады, орфоэпиялық норманы сақтап мәнерлеп оқуға және таза сөйлеуге үйренеді. Сайып келгенде сөз құрамы тақырыбынан алғашқы ғылыми ұғымдарды меңгеріп, дағды алуы арқылы кем балалардың дүние танымының саналы қалыптасуына негіз болады.
Сөз құрамын (морфемаларды) меңгерту төмендегідей міндеттерге жетуді көздейді.
І.Жүйелі практикалық жұмыс үрдісінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгеруі қамтамасыз етіледі.
2.Оқушыларды сөзді бөлшектерінде талдай алу іскерлігіне машықтандыру, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын тану, берілген бір сөзге түрлі-түрлі жұрнақ жалғап түбірлес сөздер жасау, бір ғана жұрнақ жалғанған әр алуан түбірі бар сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары атқарылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден, ал, түбірлес сөздерді омонимдер мен көп ағыналы сөздерден ажырата білуге үйренеді.
3.Оқушыларға дұрыс жазу ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз сөздерінде өте жиі қолданылатын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады.
4.Балаларға жаңа сөз жасату, лексикалық, жаттығулар жүйесінде олардың белсенді сөздігін байыту, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындату, байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді.
«Сөз құрамы» тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі практикалық жұмыс үстінде аңғартылады, содан соң ғана грамматикалық белгілі ұғымның анықтамасы түсіндіріледі.
Бұл - бақылау әдісіне негізделген жекеден жалпы ұғымға-қорытындыға әкелетін жол, яғни индуктивтік жолмен жұмыс жүргізгендікке жатады. Ал, 5-7 сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігі дербес бақылаудан, типтік фактілерді талдаудан жинақ қорытындыға келіп, ереже-анықтамаларды үйрететін осы индуктивтік әдіспен жұмыс істеуді қалайды, өйткені мүмкіндігі шектеулі балалардың абстракциялы ойлау қызметі өте нашар дамиды.
Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мағына-мәніне айрықша назар аударылады. Түбір ұғымы түбірлес сөздердің мағыналық өзара байланыстарын бақылату әдісімен түсіндіріледі, әртүрлі қосымшалардың жалғануымен бір түбірден өрбіген сөздер бір-бірімен салыстырыла талдатылады. Содан кейін барлық түбірлес сөздердің сырт пішінінде, әсіресе оның бастапқы бөлімінде құрылымдық жағынан ұқсастығы бар сөздерді оқушылардың түбірлес сөздер деп шатастыратынын ескерген жөн. Сөздер түбірлес болу үшін, ондай сөздердің барлығына мағынасы ортақ бір сөздің негіз болып тұрғандығына нанымды мысалдар келтіру керек. Мәселен, бір ғана «Тас» деген сөзді қосымшалар жалғап түрлендіру жолымен одан тараған түбірлес сөздердің бір тобы - зат есім, еікінші тобы - сын есім, үшінші тобы - етістік сөздердің негіз алғанын танытуға болады.
Үлгі: Тас – зат есім. Тасты жер – сын есім. Тасты жерді тазала. Шөптердің арасы тасты – етістік.
«Қосымша» деген ұғым екі сатыда түсіндіріледі, әуелі сөзге жалғанып, оны жалпы түрлендіретін сөз бөлшектері қосымша деп аталатыны тұрасында кіріспе іспетті ұғым білдіреді. Бұл тұста қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні жайлы сөз қозғалмайды.
Одан әрі қосымшаның сөз мағынасын өзгертетін және сөздің тек формасын түрлендіретін екі түрі болатыны түсіндіріледі. Бұл да жаттығу жолымен меңгеріледі. Ол үшін бір түбірге әр түрлі септік жалғауы жалғанып мәтінге ендіріледі де, сол сөздер таптырылып, жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей тек сөз бен сөзді байланыстырып қана тұрғаны көрсетіледі. Ал, жұрнақты таныстырғанда, бір түбірге әр алуан жұрнақ жалғап әлгі сөздің мағынасы түрліше болып өзгергені байқалады.
Сөйтіп, жұрнақ сөз құрамының мағына түрлендіретін бөлшегі деген қорытынды шығарылады. Сонымен сөздің негізгі бөлімі - түбір, жаңа сөз тудыратын бөлімі - жұрнақ, сөз тудырмайтын бөлімі - жалғау деген түйін жасалады. Бұлардың түбірге жалғану реті және бірінің үстіне бірінің еселеп те жалғана беретіні мысалдар арқылы көрсетіледі.
Қосымшаларды таныстырғанда, мына таблицаны пайдалануға болады. Оның бірінші бөлімі бір сөзге әртүрлі қосымша жалғанатынын, ол қосымшалар өзі жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа бір сөзбен байланыстырып
тұратыны байқатылады. Екінші мысалдан түбірге қосымшалардың жалғану тәртібі көрінеді. Түбірге алдымен жұрнақ, одан соң жалғаулар үстемелеп жалғанатыны талданып, таныстырылады.
Шопан жайлау - ды көрді
» - ға шықты
» - да болды
» - дан қайтты
Қортынды сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша дейміз.
7-ші сыныпта өтілетін сөз құрам тақырыбы бойынша үйретілетін білім мазмұны мынадай: түбір сөз, яғни негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, бір түбірге қосымшаның жуан не жіңішке болып жалғанатын емлесі, қосымшаның жұрнақ және жалғау болып екі түрге бөлінетіні, туынды сөз, қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі.
Түбірмен таныстырғанда, мысалға алынатын сөздің оқушыларға таныс заттың атын білдіретін сөздер болуы ескертіледі.
Ал, қосымшалардан оқушылардың тез түсінуге қолайлысы - көптік жалғаулар.
«Гүл, күн» дегенімізде бір гүл, бір күн деген ұғымды түсінеміз. Оларға «дер» қосымшасын жалғап айтқанда, гүлдің де, күннің де саны әлденешеу, көп деген мағына пайда болады. «Енді осындай сөз мағынасына көптік мән беретін қосымшаны өздерің ойлаған сөздеріңе жалғап, қандай өзгеріс пайда болғанын байқаңдаршы» - деп, мұғалім балаларға өздік жұмысын орындату тәсілін қолданады. Сонда оқушылар жете таныс «кітап, дәптер, қалам» сияқты сөздерге көптік жалғауларын жалғап айтып, сабақ материалын байытуға өз үлестерін қосады.
Бұл арада көптік жалғау деген термин әзір аталмайды. Бірақ көптік жалғауды таныту қызметіне дайындық жасалып, балаларға оны практикалық тұрғыда байқату, түсіндіру мақсаты жүзеге асырыла бастайды. Одан әрі қарай қосымшалардың түр-түрі кездесетін сөзде арқылы қосымшалы сөз жасалатыны көрсетіледі. Қосымшалардың сөзді түрлендіретіні және сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауға қызмет ететіні бірте-бірте танытылады. Сонымен, бұл тақырыптан оқушылар сөздің өзгермейтін бөлігін негізгі түбір (түбір сөз), сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша деп атайтынымыз жөнінде екі ереже үйренеді. Жаттығу тапсырмаларын орындатқанда, түбір сөзді қосымша сөзге айналдыру, қосымшалы сөзден түбірді таптыру немесе берілген сөздерде лайық қосымшаларды тауып жалғап жазу міндеттері орындалады. Осы жұмыстарға байланысты түбір мен қосымшаға байланысты емле мәселесі де ескеріліп, үйретіледі. Демек түбірдегі дауыстылардың жуан не жіңішке дыбыс болуларына қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғанатыны, ал, түбірдің соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болуына сәйкес қосымшалардың алдыңғы дыбысының сондай дыбыстан басталып, үйлесіп жалғанатынына мысалдар арқылы бақылатып, жаздырылып түсіндіріледі. Мысалы, ән, оқу, аң, сөздеріне - шы, -ші қосымшаларының, біл, айт, жаз сөздеріне - қыш, ғыш, гіш қосымшаларының лайықтысын жалғау -жөнінде тапсырма беріледі.
«Жұрнақ пен жалғау» параграфында берілген жаттығуларды орындата отырып, оқушыларды қосымшасыз сөз, қосымшалы сөз деген ұғымнан нақты білімге қарай жетелеп, сол қосымшаның мағыналарын байқату жолымен жұрнақ, жалғау деген ұғымға әкелеміз, әуелі жұрнақ таныстырылады. Ол үшін түбір мен жұрнақты сөздің мағыналары салыстырылады. Оны әр сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та байқатуға болады. Мүнда алынатын сөзіміз деректі заттың аты болуы тиіс. Мысалы, су - сушы, сулы, сусыз, судай... бұл ұғымға оқушылар түсінген кезде, сөз мағыналарын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз деген ереже беріледі. Одан әрі жалғаулардың мағынасы мен қызметі түсіндіріледі. Бұл арада бір сөзге бірде жұрнақ, бірде жалғау жалғап салыстырады. Сөйтіп жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей, сөйлемдегі сөзбен - сөзді байланыстыратын қосымша екеніне оқушылардың көзі жетеді. Бұдан соң түбір сөз бен оған жұрнақ жалғанған сөзді қатар алып, екеуінде де мағына бар екені, бірақ өзге мағына екендігі байқатылады, малшы, етік -етікші, балық- балықшы... осыдан кейін түбір сөзге жұрнақ қосылуы арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз, деген ереже беріледі.
Тапсырмалар орындалып, сөздің түбірі, қосымшалары, қосымшаның жұрнақ не жалғау екендігі талдатылады. Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да бірінің үстіне бірі жалғана беретіні аңғартылады және түбірге жұрнақ бұрын, жалғау одан соң жалғанатыны мысал келтіру, талдау жолымен түсіндіріледі. Бұл мәселерді таныту кезінде де орфографиялық ережелерге көңіл бөлініп отырады. Кесте пайдаланылса сабақты тартымды етеді, оқушылардың түсінік алуы жеңілдейді.
7-сыныпта оқу жылы басында сөз құрамы тақырыбынан 5-сыныпта оқытылған түбір мен қосымша қайталанады. Оқушыларға сөздің түбірін танытуға ерекше көңіл бөлінеді, қиыншылық жалғауы жасырын тұрған сөздерді және туынды сөздерді негізгі түбірден ажырата алмай шатастырады. Оқушыларға түбірді толық танытқанда туынды сөздердің мағыналары қанша түрленсе де, олардың бастапқы түбірі өзгермей, сол тұлғасын сақтап тұрғаны түсіндіріледі. Мысалы: үй - үйшік, үйден, үйші, үйлі, үйсіз.
Жаз - жазу, жазғыш, жазушы.
Біл - білім, білгіш, білу, білдір.
Сөйтіп, осындай түбірлес сөздердің мағына, тұлғасын салыстыра келіп, олардың бәрі ортақ бір түбірден тарап тұрғаны танытылады.
Одан әрі сөз құрамында түбір, жұрнақ, жалғау деген бөлімдері болатыны еске түсіріледі. Жұрнақ және жалғау жалғанған сөздердің мағыналары салыстырылып, жұрнақ сөз мағынасын өзгертіп, жалғау сөз бен сөзді байланыстырып тұратыны ойдан сөз жасау, сөйлем құрау, сөз тұлғасын талдау, тәсілдерімен бекітіледі......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 735



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?