Қазақ тілі | Көне түркі тіліндегі есім сөздер

 Қазақ тілі | Көне түркі тіліндегі есім сөздер

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………….……………4
1 ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӨЗ ТҰЛҒАСЫ…………………..6
2 КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Көне түркі тіліндегі зат есімдер................................................................15
2.2 Көне түркі тіліндегі сын есімдер.....…...………………...........................25
2.3 Көне түркі тіліндегі сан есімдер....…...……………….............................27
2.4 Көне түркі тіліндегі есімдіктер....…...………………...............................30
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………............................43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………….. .....…...........45

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл құрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсы боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып Диплом арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді Диплом арқылы да ашылады. Қазіргі казақ тілінің осы күнгі морфологиялық кұрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар колдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.
Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық топтары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқанда дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын есімдер жайында әңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдер мен есімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен ұштасып жатады.
Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық, сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад. И.И. Мешанинов бұл туралы: «Зат есім өзінің сөйлемде заттык мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты» – дейді 1, 134 б.. Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы үндіеуропа тілдерінің материалдары негізінде акад. В.М. Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді», – дейді 2, 134 б.. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын Дипломшілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен, есім сөз таптарының грамматикалық топ ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады.
Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И. Мешаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше болып жүмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық топ болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз.
Көрнекті ғалым М. Томанов «Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық топ деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел» деген өзінің тұжырымын айтады 3, 135 б..
Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жататыны тіл білімінде әр кез айтылып келеді. Егер сандық үғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды.
Сонымен, есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи түрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады.
Диплом нысаны: Көне түркі тілінің морфологиялық жүйесін анықтау арқылы қазіргі түркі тілдеріндегі есім сөздердің негізгі заңдылықтарын ашу.
Диплом жұмысының мақсаты: Туыстас тілдердің морфологиялық жүйесін Дипломге негіз болатын, түркі тілдеріне байланысты жарық көрген ғылыми еңбектерге сүйене отырып, түркі тілдеріндегі материалдар негізінде есім сөздерді анықтау.
Диплом жұмысының міндеттері:
● көне түркі тіліндегі зат есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі сын есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі сан есімдерге сипаттама беру;
● көне түркі тіліндегі есімдіктерге сипаттама беру;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің тарихына тоқталынады. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі морфология саласы бойынша бүгінгі күнге дейін сақталып келген құнды деректерді қазіргі түркі тілдері деректері бойынша тарихи-салыстырмалы талдау негізінде есім сөздерге Диплом жүргізу Диплом тақырыбының жаңалығы болып табылады.
Диплом жұмысының дереккөздері: Ғ. Айдаровтың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986), А.С. Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» (1996), М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1988) және т.б. түркология ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.
Дипломдің жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста Диплом жұмысының мақсатына сәйкес тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӨЗ ТҰЛҒАСЫ

Ескі ұйғыр ескерткіштері тілінің де ерте кездерде қалыптасқан, жүйелі морфологиялық құрылысы болған. Будды, манихей, ұйғыр халқының әкімшілік, шаруашылық өміріне байланысты кездесетін ескерткіштер тілінде қазіргі заманғы түркі тілдерінде кездесетін грамматикалық формалардың бәрі де түгел кездеседі.
Ескі ұйғыр жазу ескерткіштері тіліндегі сөздер өзінің құрамына қарай төмендегідей үш топқа бөлінеді 4, 139 б.:
1. Түбір сөздер. Ескерткіштерде бөліп, жаруға келмейтін жалаң түбірлерден құралған түбір сөздер де кездеседі. Олардың түрлері темендегідей:
а) Тек жалғыз дауыстыдан құралған түбір. Мұндай сөздер
мәтіндерде онша көп емес.
ы — бұта, өсімдік
б) С—У (Дауыссыз және дауыстыдан құралған түбір):
бу — бұ, бұл
лу — ұлу
не — не кү — даңк
тү —түк(шаш)
со — шынжыр
в) У—С (Дауысты және дауыссыздан құралған түбір):
ад — ат)— ат, даңқ
аз — аз
ай — ай
ал — ал
еб — үй
ер — ер
ем — ем
ід — есеп
іг — ауру
іч – іш іт — ит
от — от
ол — ол
өг — шеше
өд — уақыт
уд — бүқа
уз — шебер
үч — үш
үн — үн т. б.

г) С—У—С (дауыссыз, дауысты және дауыссыздан құралған)
бағ — байлам, байлау муң — мүн, қайғы
баш — бас қой — кой
бай — бай куш — құс
бар — бар саб — сөз
бег — бек сан — сан
біл — біл сув — су
бір — бір тағ — тау
бош — бос таң — таң
бөз – бөз тіл — тіл
кім — кім йағ — май
күч — күч йаз — жаз
мен — мен йүк — жүк
г) С—У—С—С (дауыссыз, дауысты, дауыссыз және дауыссыз):
барс — барыс йурт — жүрт
барқ — үй йонт — жылкы
берк — берік ,
Екі буынды түбірлер ашық, тұйық және бітеу буындардан құралады.
1) У—С—У (дауысты, дауыссыз және дауыстыдан құралған):
ағы — қазына ікі — екі
апа — апа іні — іні
ата — ата
2) У—С—У—С (Дауысты, дауыссыз, дауысты және дауыссыз):
адағ — аяқ ешід — есіт
ачығ — ащы ынан — сен
ағыр — ауыр өкүн — өкін
3) У—С—С—У (Дауысты, дауыссыз, дауыссыз және дауысты):
алқу — бөрі орду — сарай
алты — алты орта — орта
арта — арта утлы — сыйлық
Текстерде У–С—С—У—С; У—С—У—С; С—У—С—С—С—У; С—У—С—У—С; У—С—С—С—У және тағы басқа түрлері кездессді:
баға — бақа ішле — істе
балық — кала сілк — сілік
чечек — шешек бедіз — ою
бічін — мешін қатун — катын
йаруқ — жарық арслан — арыстан
сығта — жыла, сықтау ердем — батырлық
2. Туынды сөздер. Ескі ұйғыр ескерткіштеріндегі сөздер тек жалаң түбірден ғана құралмайды. Олар қазіргі тілдердегідей жұрнактар жалғану арқылы да жасалады.
етікчі — қарыздар білігсіз — біліксіз
йолчы — жолшы бөлүг — бөлік
күчлүг — күшті батсық — батыс
қорқыныш — қорқыныш
3. Күрделі сөздер. Күрдслі сөздер қатарына, көбінесе, кісі аттары мен жер-су және кейбір сөз тіркестері жатады:
Бег Буқа — Бекбуқа (кісі аты)
Иал Тұрған — Иалтурған (кісі аты)
Іл Темір — Елтемір (кісі аты)
Орқун йір — Орхон жер
бү күн — бүгін
Зат есім
Зат есімдер заттың, нәрсенін, құбылыстардың аттарын білдіреді. Зат есімдер семантика-мағыналық жағынан екіге (нақтылы және абстракті) бөлінеді. Көзге көрініп, денеге сезілетін зат атаулары нақтылы есімдерге жатады 4, 139 б.:
оғул — ұл уд — сиыр
кіші — кісі лашын — лашын
йонт — жылқы қуш — құс
Абстракті зат есімдер негізінде адамның ойлау қабілеті арқылы танылады. Олар көзге көрінбейді, тек заттық үғымды білдіреді.
тапығ — қызмет, жұмыс тынлық — тіршілік
біліг — білік берім — берім, қарыз
Зат есімдер өзінің морфологиялық жағынан септеледі, тәуелденеді, көптеледі, кейде жіктеледі. Құрамы жағынан негізгі, туынды түбір болып бөлінеді. Буын құрамына қарай бір, екі, және үш буынды болып келеді. Бірақ төрт және одан да көп буынды болып келуі ескерткіштерде сирек.
Көптік жалғау
Көптік жалғау — түркі тілдерінің бәріне де тән категория. Ескерткіштерде қазіргі үйғыр және өзбек, татар тілдеріндегідей етістік түбіріне көптік жалғауы жалғана береді.
бартылар — барды тутдылар — тұтты, ұстады
оқутдылар — оқытты бітіділер — жазды
Ескерткіш тілінде де көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағынаны білдіретін сөздер кездеседі. Олардың қатарына кейбір жинақты ұғымды сөздер, лексикалық мағынасының өзінде көптік мәні бар сөздер жатады, зат есімнің алдында оның қанша екендігін білдіретін үкүш, көп сияқты сөздер айтылғанда оларға көптік жалғауы жалғанбайды 1, 142 б..
Текстерде кездесетін қос сөздерге де көптік жалғауы жалғанбайды.
Ескерткіштерде көптік форма -лар, -лер аффикстері арқылы беріледі.
Жуан буынды сөздерде -лар түрінде келеді.
тынлығлар — тіршіліктер орынлар — орындар
йоллар — жолдар дінтарлар — діндарлар
Жіңішке буынды сөздерде -лер түрінде келеді:
теңрілер — тәңрілер йеклер — жындар
Тәуелдік жалғау
Көне үйғыр жазба нұсқалары тілінде де тәуелдік жалғаулар үш жаққа, жекеше және көпше болып бөлінеді.
Ескерткіштерде кездесетін тәуелдік жалғаулар төмендегідей:
жақ жекеше көпше
I жақ -м, -ым, -ім, -ум- -үм -мыз, -міз, -ымымыз, -іміз
II жақ -ң, -ың, -ің, -уң, -үң -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз
III жақ -ы, -і -лары, -лері
жақ жекеше көпше
I жақ теңрім — тәңрім теңріміз — тәңріміз
ақам — ағам ақамыз — ағамыз
інім — інім ініміз — ініміз
урығым — ұрығым білігіміз — білігіміз
тоғушым — туысым күчүмүз — күшіміз
II жақ евің — үйің улусыңыз — облысыңыз
йерің — жерің йарлықыңыз — жарлығыңы^
сабың — сөзің
III жақ басы — басы атлары — аттары
сачы — шашы адақлары — аяқтары
улуғы — ұлысы бойунлары — мойындары
кічісі — кішісі едгүлері — жақсылары
Тәуелді жалғаулы сөз әруакыт ілік жалғаулы сөзбен байланысты айтылады.
Септік жалғаулар
Зат есімдер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысты айтылады. Олар әдетте септік жалғаулары арқылы келеді. Көне ұйғыр жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей септіктер кездеседі.
1. Атау 5. Жатыс
2. Ілік 6. Шығыс
3. Барыс 7. Көмектес
4. Табыс
Атау Атау тұлғада тұрған сөздің ешбір жалғауы болмайды. Ол басқа септік жалғауларының жалғануына негіз болып есептеледі. Атау тұлғадағы сөздер түбір, туынды, біріккен, қос сөздер түрінде және тәуелдік жалғау түрінде келеді.
Ол бег тіріліп келті — Ол бек жиналып келді.
Тоғмақ болмасар, қарымақ, өлмек болмаз — Туу болмаса, қартаймақ, өлмек те болмас.
Ілік септік. Ілік септікте тұрған сөз заттың, қимылдың, не белгінің белгілі біреуге тән екендігін көрсетіп, -ың, -ің, -ның, -нің (нуң, нүң) аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.
Темүрнүң — темірдің бегнің — бектін.
бөрінің — берінің йернің — жердің
Оғлының — ұлының сабның — сөздің
Ілік септікте тұрған сездер ешуақытта жеке айтылмайды. Олар үнемі тәуелдік жалғаулы сөздермен тіркесте келеді.
Үчүн-чі ең кічігі — оғлының аты — Мағастава ерті — Екінші, ең кіші ұлының аты — Мағастава еді.
Текстерде ілік жалғаулы сөз ашық түрде де, жасырын түрде де келеді. Ілікте тұрған сөз сөйлем ішінде, негізінде, анықтауыш мүше қызметін атқарады.
Барыс септік. Барыс септік белгілі істің, қимылдың алған бағытын көрсетіп, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады:
а) -қа, -ке:
йылқықа — жылқыға іске — іске
тынлығқа — тіршілікке күчке — күшке
қанқа — қанға улуғқа — үлықка
б). -ғару, -герү, -ғары, -гері:
біргерү — бері қарай
йергерү — жерге қарай
теңрігерү — тәңірге қарай
-ғары, -гері аффикстері — құранды аффикстер. Олар -ға және -ру қосымшалары арқылы жасалған. Текстерде -ру, -рү аффикстері жалғанған сөздер де кездеседі:
оңару — оңға
іңерү — далаға
ыңару — ол жерге т. б.
в) -ра, -ре:
Өңре — алға ташра — сыртқа, далаға
г) -а, -е; Жіктік есімдіктері мен тәуелдік жалғаулы сөздерден соң жалғанады:
құтыңа — құтыңа күчүңе — күшіңе
башыңа — басыңа йеріңе — жеріңе
Ескерткіштердегі барыс септікте келетін сөздердіц мағыналары әр түрлі. Олар бет алысты, бағытты, мекенді және мезгілді көрсетеді. Сөйлем ішінде не толықтауыш, не пысықтауыш қызметін атқарады.
Табыс септік. Табыс септіктегі сөз амал мен іспен тікелей байланысты болып, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады.
а) -ны, -ні.
бітігні — жазуды кісіні — кісіні
оғлыны — ұлды бізні — бізді
оларны — оларды
б) -ығ, -іг, -уғ, -іг.
кісіг — кісіні төрүг — терені
ісіг — істі қудуғығ — құдықты
номуғ — ережені, занды
-ығ, -іг аффикстері қазіргі кездегі түркі тілдерінде кездеспейді, бірақ Орхон-Енисей және көне ұйғыр жазба нұсқаларында жиі қолдапылған. Ол — монғол тілінен енген форма.
в) -ын, ін, -н; Тәуелдік жалғаулы сөздерден соң жалғанады.
ағзын — аузын көркүн — көркін
йерін — жерін
ойнун — ойнын сөзін — сөзін т. б.
Табыс септіктегі сөздер толықтауыш қызметін атқарады, ашық түрде де, жасырын түрде де кездеседі.
Жатыс септік. Текстерде жатыс септік заттың мекен, мезгілін білдіріп, -та, -те, -да, -де аффикстерінің жалғануы аркылы жасалады.
Көңүлте — көңілде бітігде — жазуда
йазуқда — жазыққа, далада тегдүкте — жеткенде т. б.
балықда — қалада
Тәуелдіктің үшінші жағында -ынта, -інте, -нта, -нте аффикстері арқылы келеді.
ташында — сыртында күчінте — күшінде
ічінте — ішінде қатунында — қатынында
елігінде — қолында
Жатыс септікте тұрған сөздер сөйлем ішінде, көбінесе, жанама толықтауыш, не пысықтауыш мүше болады.
Шығыс септік. Шығыс септікте тұрған сөздер қимылдың орнын, себебін, мезгілін білдіріп, -дын, -дін, -тын, -тін, (-дан, -ден, -тан, -тен) аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.
теңріден — тәңріден улустын — облыстан
төпедін — төбеден өзнідін — өзінен
балықтын — қаладан
Көмектес (құралды) септік.
Көмектес септік текстерде төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады.
а). -н, -ын, -ін.
көзін — көзімен тілін — тілімен
қулғақын — құлағымен елігін — қолымен
адақын — аяғымен
б) бірле:
оғланы бірле — ұлымен бірге
отын бірле — отынмен бірге
өдін бірле — уақытпен бірге
кіші бірле — кісімен бірге
Сын есім
Көне ұйғыр жазба нұсқаларында кездесетін сын есімдер мағынасына қарай екі түрлі.
1. Сапалық сын есімдер.
2. Қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есімдер. Ескерткіштерде ешбір аффиксіз түбір күйінде заттың түр-түсін, сыр-сипатын көрсететін сапалық сын есімдер де кездеседі. Олар төмендегідей топқа бөлінеді 4, 145 б.:
1. Заттың түр-түсін білдіретін сын есімдер:
боз — боз сарығ — сары
йашыл — жасыл қызыл — қызыл
көк — көк
2. Заттың көлемі мен аумағын білдіретін сын есімдер:
артуқ — артық йумчақ — жұмсақ
бедүк — биік йумғылы — жинақы
йінчке — жіңішке күчлүг — күшті
улуғ — ұлы, үлкен
3. Заттың сапа, сыр-сипатын білдіретін сын есімдер:
ач — аш тіріг — тірі
арығ — таза тоқ — тоқ
бош — бос ысық — ыстық, ыссы
йаблақ — жаман, төмен
Қатыстық сын есімдер. Текстерде қатыстық сын есімдер аффикстер жалғану арқылы басқа сөз таптарынан жасалады.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 421



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?