Туған ауылым

 Туған ауылым

Ақтөбе қаласы
«Ақтөбе орта мектебі» ММ
3 «А» класс оқушысы: Калабаева Нұрайна
Класс жетекшісі: Маханова Баян Аманбаевна


Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет! Мен ауылым туралы айтып жырлағым да, әндеткім де келеді.

Мен – Калабаева Нұрайна, Ақтөбе орта мектебінің 3"А" - класс оқушысымын. Ақтөбе облысы, Ясный селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Қалаға автобустар қатынайды. Ауыл маңында Ақтөбе көлі ағып жатыр. Кейде бос уақытымда көл жағасына қарындассымен барып, ойнап, кітапханадан алған кітаптарымды оқып беремін. Жазғы демалыс алдында апайымыз Баян апаймен саяхаттап, табиғатқа шығамыз. Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Көлде шорпып, секіріп жүрген балықтарды көріп қуанамыз. Менің ауылымда достарым да көп. Олармен татумын. Ауылымның кешкі табиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. Бұл көріністі анамыздың бізге дүкеннен тәттілерді әкелгеніне ұқсайды. Өзге қалаға қыдырып бара қалсам, туған ауылымды сағынамын. Тез елге қайтқанша асығамын. "Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас."- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен ғой. Сондықтан достар, мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Ауылым алтын бесігім-деп бекер айтпаған. Қалада ығы-жығы халық, анда-мұнда жүру қиын,кептелістерде көп болады, жаяу жүрейін десең қала үлкен. Ауылда әрі-бері бару оңай, жайлауга барып, ары-бері көк майса шөпте аунайсың. Сондықтан ауыл керемет!

Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. "Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені "- деп ойлаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?