Жеміс-жидек жеу мәдениеті
Жеміс-жидек маусымы басталғалы біраз уақыт болды. Үйде, түзде, мейрамханаларда жеміс-жидек жеудің өз тәртібі бар екен. Егер үйде жеміс-жидек жеп жүрсеңіз, бұған бейресми деп атау берейік. «Бейресми» әдісте қолмен жей береміз, ал ресми отырыстарда ше?
Алма мен алмұрт. «Бейресми» кезде алманы қолмен жей береміз. Ал үлкен дастарханда, салтанатты жиында жеміс-жидек тәрелкесіне салынып әкелінген алманы жеу тәртібі бөлек екен. алманы не алмұртты жемес бұрын олардың қабығын спираль бойымен аршиды. Сонымен қатар, тұтас алманы не алмұртты төртке бөліп, сыртын тазалап, өзегін алып тастайды. Тазаланған жемісті қолмен не жеміс жеуге арналған шанышқымен жейді. Ал ұсақ алманы қолмен жей береді.
Өрік, шие және алхоры (слива). Бұл жемістерді қолмен жейді. Дәнін қолға алып, алдындағы тәрелкені жанына салып қояды.
Жарты авокадо. Екі бөлікке бөлінген авокадоның қабығын ашпайды. Үстіне дәмдеуіш қосып, шай қасықпен ойып алып жейді. Ал салатқа қосылған авокадоның бөліктерін шанышқымен өзіне ыңғайлы бөліктерге бөліп жейді.
Банан. Үйде отырып, банан жегенде, түбінен ұстап, тазалайды. Ал үлкен дастарханда десерт ретінде ұсынылса, бананның сыртын ашып, кішкентай бөліктерге бөледі. Әсіресе, Еуропада бананды ашымай-ақ қабығымен бірге дөңгелендіріп кесіп қояды, жегісі келген адам шанышқымен іліп алып, қабығын тазалап жейді.
Жемістер. Жемістерді десертке арналған қасықпен жеу керек. Үлкен құлпынайлар дастарханға жапырағымен бірге қойылады. Мұндай жағдайда жапырағынан ұстап, қантқа батырып жейді. Құлпынайды жеп, жапырағы қолында қалады. Болмаса, пышақтың көмегімен жапырағын кесіп тастап, шанышқының көмегімен түйреп алып жейді.
Анар. Анарды қасықпен алып жейді. Дәндерін қасықтың көмегімен шығарып, тәрелкеге салады. Ал егер анар төрт бөлікке бөлініп берілсе, қасықтың көмегімен ақырын тәрелкеге түсіріп алады.
Ананас. Дастарханға сыртын тазалап алып келсе, десертке арналған шанышқының не қасықтың көмегімен жейді. Ал егер екі не төрт бөлікке бөлініп әкелінсе, пышақтың көмегімен кесіп жеу керек.
Грейпфрут пен апельсин. Егер бұл екі жеміс дастарханға туралып әкелінсе, бір-бірінен арнайы пышақтың көмегімен ажыратады. Кейде апельсинді алма секілді спираль боймен тазалап аршып, оны қалаған бөлігіне бөледі. Егер бөліктер үлкен болып жатса, оны да ұсақтап турайды. Қолмен не жеміс жеуге арналған шанышқмен жеуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?