Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Әрбір адам теңін тауып, бақытты отбасын құруды мақсат етеді. Бұл өз алдына оңай емес дүние. Шаңырақтың шайқалмай тұруы көп жағдайда әйел адамға байланысты.

Отбасының бақыты мен берекесі нәзік жандылардың қолында. Олай болса, төмендегі қағидаларды жадыңызға сақтаңыз:

1. Оның туыстарын сыйлаңыз

Өмір жолында әртүрлі жағдайлар болып тұрады. Көптеген аруларға қайын енесімен «жарысып», күйеуі/болашақ жары үшін күресуіне тура келеді. Сүйіктіңізге оның ата-анасын ұнатпайтыныңыз туралы айтушы болмаңыз. Сіз де мұндайды одан естуді қаламас едіңіз. Егер ата-енеңізбен қарым-қатынасыңыз тым жаман болса, бүркемелеп жүре беру де дұрыс емес. Керісінше мәселенің шешімін табуға тырысу керек.

2. Ұсақ-түйекке бола мазасын алмаңыз

Егер сүйіктіңіз жіберген қателіктерді жиі бетіне басып, «айттым ғой саған» деп, үнемі одан ақылдырақ екеніңізді дәлелдеуге тырыссаңыз, көп ұзамай оны жоғалтып алуыңыз ғажап емес. Ер адамның алдында кішірейе біліңіз. Иә, мүмкін расында да, сіз нұсқаған бағыт ақыр соңында дұрыс болып шығар, бірақ, кез келген адам қате жіберуге құқылы екенін ұмытпаңыз. Керісінше, оны қолдап, жұбатып, бәрі жақсы болатынына сендіруге атсалыссаңыз, ол сізді сыйлап, одан әрі жақсы көретін болады.

Әр нәрсеге бола мазасын алып, «қалай істеу керектігін» айту дұрыс емес. Егер сүйіктіңіздің таңдаған жолы қате екенін анық көріп тұрсаңыз, ебін тауып, оған жеткізуге тырысыңыз. Тіпті, сіз дұрыс деп тапқан пікірді ол өз ойынан туындағандай ете алсаңыз, мақсатқа жеттім деуге болады.

3. Оған сеніңіз

Кейде «кім анау саған жазып жатқан?», «телефоныңды неге өшіріп қойдың?» немесе «сен менен бірдеңе жасырып отырсың» деген күдікті сұрақтарды қойғымыз келеді. Мұндай жағдайда өзіңізді тоқтата біліңіз. Ер адамдарға еркіндік ауадай қажет. Оған да, сізге де жеке аумақ керек. Әр басқан қадамы үшін сізге есеп беруге міндетті емес. Сіз де құрбыңызбен қыдыруға кеткенде, сағат сайын оған хабарласып тұрғанды қаламайсыз. Сондықтан оған еркіндік беріп, шын жүректен сене біліңіз. Ол өз шаруаларымен кеткен уақытты өзіңізге арнаңыз. Өзіңізге күтім жасап, әрқашан сұлу әрі сымбатты болып жүрсеңіз, еріңіз тек сізге ғана қарай бергісі келетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?