ҚҰРМАНЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР
Құрма пальмасы – жер бетіндегі ең қасиетті, игілігі мол, пайдасы орасан зор ағаштардың бірегейі. Құрманы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылманға ұқсатқан. Себебі, шын мұсылман қарапайым болғанымен айналасына пайдалы келеді емес пе? Құрма да сол секілді: жапырағы түспейді, жеміс беруін үзбейді. Иә, құрма – Алла мейірімінің ғажап бір көрінісі, адамзатқа сый етілген мәртебелі жеміс. Құрма – жеміс атаулының мырзасы: әрі тағам, әрі дәрі, әрі шырын, әрі қуат көзі...
✅ Ғалымдар: «құрма – құнардың қайнар көзі»
Құрманы әлемнің барлық елінен, кез келген азық-түлік дүкендерінің сөрелерінен табуға болады, оның үстіне құрманың бағасы қымбат емес, қолжетімді. Ғалымдар құрманы – пайдалы әрі құнарлы заттардың қайнар көзі ретінде бағалайды. Құрманың бірнеше ғана кішкентай үзімінің өзінде, қандай да бір тола шөлмек сусынды құнарландыра алатындай жоғары деңгейде темір мен кальций бар...
✅ Құрма – қатерлі ісік (рак) ауруына қарсы заттарға бай
Әсіресе, құрманың магнийге өте бай болуы, оны барлық өзге пайдалы тағамдар мен жемістердің ең алдынғы қатарына шығарған. Магнийдің маңызды болуының мәні мынада: ол адам ағзасында аса қатерлі рак ауруының пайда болуына тосқауыл қояды. Осы себепті де құрманы тағам ретінде үнемі қолданушы аймақ тұрғындары мұндай аса қауіпті дерттің барын білмейді...
✅ Құрманың құрамдас бөлігін 15-ке жуық тұз және минералды заттар: мыс, темір, магний, мырыш, марганец, фосфор, натрий, алюминий, кадмий, кобальт, күкірт, бор т.б. құрайды. Жемістің құрамында: алмада, бананда, апельсинде жоқ 23 аминқышқылдары бар. Құрамында: А, В1, В2, В3, В6, PP дәрумендері бар. Сондай-ақ, құрма құрамындағы пектин мен тағамдық талшықтар ішектің жиырылу қызметін күшейтіп, рак ауруларының алдын алады. Құрмада холестерин жоқ, ал оның құрамына кіретін фтор мен селен элементтері тістің саулығын нығайтып, жүрек-тамыр ауруларының алдын алады. Сонымен қатар, құрма бета-каротинге өте бай. Бетакаротин – адам ағзасының жасушаларына шабуыл жасаушы молекулаларды бақылау арқылы, қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына тосқауыл қоятын ерекшелікке ие зат... Барлық мақтау аса Дана АЛЛА Тағалаға болсын!
✅ Құрма пальмасы – Пайғамбардың сүйікті ағашы
Құрма пальмасы – Иса пайғамбарды (оған Алланың сәлемі болсын) босанған кезде Мәриям анамызға пана болған. Құранның аяттары ең бірінші құрма ағашының жапырақтарына жазылған. Мәдинадағы алғашқы мешіт, құрма діңдері мен кірпіштен соғылған. Құрма талшықтары Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төсеніші болған...
Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пен құрма ағашы жайлы бірнеше оқиғалардың бар екендігі мәлім. Солардың бірінде былай баяндалады: Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасы ұлғайған шағында бір құрма талының діңін құтпа оқитын орын ретінде тұрақты пайдаланады. Ол құрма ағашы Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тірек ретінде «қызмет ететін-ді». Кейін, Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құтпа оқитын арнайы мінбер орнатылғанда, ол сол жаңа орынға ауысады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің әдеттегі орны болған құрма діңінен басқа орынға жайғасып, құлшылықтан алдын құтпа оқи бастағанда, Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ажырап қалған құрма ағашы сәби балаша (баланың жылағанына ұқсас дыбыспен) жылаған екен. Әрі ол құрма діңінен шыққан дыбыс, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төменге түсіп, қолын оның үстіне қойғанынша тоқтамаған көрінеді. (Амир ибн Саъид ибн Абдуллаһтан, Алла оған разы болсын. Муслимнің сахих хадистер жинағынан)
✅ Құрма – Құран мен Сүннетте
Ислам әлемінде құрманың орны ерекше. Құран аяттарында құрма пальмасы бірнеше рет аталған. Әрі он бес жерде құрманың Алла Тағала тарапынан адамзатқа берілген сый екендігі айтылады. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрма мен сүтті адам үшін ең жақсы тағам деп санаған. Сондай-ақ жүрек ауруларының емі ретінде құрманы пайдалануды өсиет еткен. Ал, қазіргі медицинада, құрамында калийдің жоғары болуы себепті, дәрігерлер құрманы жүрек қан-тамыр ауруларына пайдалануға кеңес береді...
Құран аяттары мен хадистерде: «Құрма дәнінің салмағындай», «құрманың жұқа қабығындай», «құрманың қылындай», «пәлен сағ құрманың мөлшеріндей», «құрманың жартысындай» деген секілді теңеулерді жиі жолықтырамыз. Бұл да өз кезегінде құрманың құрметтілігін көрсетеді...
Алла Тағала «Мәриям» сүресінде, толғағы келген Мәриям анамызға: «Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен құрма түседі. /Құрмадан/ же, су іш әрі тыныштыққа бөлен!» деп бұйырады. («Мәриям» сүресі, 25-26)
Ал, Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ей, Айша! Кептірілген құрмасы жоқ үйдің тұрғындары – аштықта. Ей, Айша! Кептірілген құрмасы жоқ үйдің тұрғындары – аштықта (немесе тұрғындары ашығады)», – деп екі не үш рет айтты», – деген. (Муслим)
Яғни, бұл хадис адамның аштығын басу үшін кептірілген құрма жеткілікті болатындығын көрсетеді.
Бұхари мен Муслим жеткізген хадисте Айша (Алла оған разы болсын) жиені Ғұруаға: «Ей, әпкемнің ұлы! Біз жаңа туған айды, сосын (тағы бір) жаңа айды, екі ай ішінде үш жаңа туған айды көрсек те, (осы уақыт ішінде)Алла Елшісі үйлерінің (ошақтарында) от жағылмайтын», – деп айтқан. Ғұруа: «Уа, нағашы әпке! (Сонда) күнкөрістерің не еді?» – деп сұрағанда, ол: «Екі қара: құрма мен су еді. Бірақ Алла Елшісінің ансар көршілері бар еді, олардың сауын түйелері не қойлары болатын. Солар Алла Елшісіне (сауындарының) сүттерін сыйлайтын, ал ол бізге ішкізетін», – деген.
✅ Тағы бір хадисте: «Құрма кеселді кетіреді, (өйткені) онда кесел жоқ қой. Шын мәнінде, құрма – жәннаттық жеміс және онда шипа бар», – делінеді.
(Құрма жайлы басқа да аяттар мен хадистер бар. Біз тек осы мақаламызға қажеттісін атап өттік.)
✅ Құрма және сүт. Пайғамбар кеңесі
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таңғы аста құрма мен сүт ішуді өсиет еткен. Осы тұста бізде: «Неліктен өзге азықтың арасынан дәл осы екеуін атады?» – деген сұрақ туындайды. Әрине, Алла Елшісінің өсиетінде игіліктен басқа нәрсе болмақ емес, (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)...
Құрма, сондай жеміс – құрамындағы нәрлі заттардың арқасында қанға жылдам түсіп, ағзаға жеңіл сіңеді әрі тез қорытылады. Нәтижесінде шаршауды басып, ағзаны қуаттандырады.
✅ Құрма – адамның жүйке жүйесіне игі әсер беріп, тыныштандырады. Сондай-ақ, құрма – бауыр, ішек құрт инвазия ауруларына, терінің құрғауы, еріннің тілінуі, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы секілді жағдайларда өте пайдалы. Ол – сүйек пен тістің саулығына өте қажетті фосфорға бай. Құрамында А витаминінің көп болуы жүйке жүйесінің, қалқанша безі мен өкпе қызметінің жақсаруына үлес қосып, күш-қуатты көтереді және терінің жаңарып отыруын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?