Тіл – ұлттық қазына

 Тіл – ұлттық қазына

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына. Тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына.

Тіл - өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тіл – ұлттың тірегі. Заңғар жазушы М.Әуезовтің «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес.

Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы.

Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «… Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, Сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ», - деп тіл жайында терең толғанған екен.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы, қадір-қасиеті Елбасын да аз ойландырып, аз толғандарып жүрген жоқ. Бір сөзінде, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Анна тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», - десе, кейінгі Жолдауында айтылған: «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың анна тілін одан әрі дамытуға күш жігерімізді жұмсауымыз керек», - деген сөзінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқысы болуын уағыздап отыр. Иә, айта берсең, қазақ тілі туралы проблема көп. Жаза берсең, таусылмайды… Ең бастысы, ана тілімізді ардақ тұтайық, ағайын!!!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Гость Аяулым
    Гость Аяулым 28.10.2020 16:45
    0 + 1 -
    Шығармалар жақсы əрі, түсінікті екен рахмет???????
  2. Алина
    Алина 22.10.2020 11:31
    2 + 0 -
    Күшті шығармалар

Ілмектер: тіл туралы шығарма, тіл туралы шығарма қазақша, тіл туралы шығармалар қазақша, тил туралы шыгарма, тіл ел байлығы шығарма, скачать тіл ел байлығы шығарма, сочинение на казахском языке про язык, сочинение на казахском языке про родной язык, сочинение на казахском языке про государственный язык, тіл туралы шығарма жоспарымен, тіл туралы шығарма 9 10 11 сынып, тiл туралы шыгарма казакша жоспар, тіл туралы шығарма эпиграф, тiл шығарма эпиграф, Қазақ тілі туралы шығарма, казак тили туралы казакша шыгарма, қазақ тили туралы казакша шыгарма, қазақ тили туралы рефераттар, қазақ тілі туралы шығарма авторымен, Ана тілі туралы шығарма, Қазақша шығарма: Ана тілі, Қазақша шығарма, Ана тілі казакша шыгарма, сочинения на казахском языке на родной язык, Қазақша шығарма: қазақ ана тілі, қазақша шығарма: ана тілі, ана тілі казакша шыгарма, қазақша шығарма: қазақ ана тілі, ана тілі туралы шығарма, ана тілі туралы шығарма қазақша, ана тили шыгарма, ана тили шыгарма казакша, ана тили шыгарма скачать, тіл-ұлт қазынасы шығарма, сочинение на казахском языке мой родной язык, сочинение на казахском языке про казахский язык, Тілім менің-тірлігімнің айғағы шығарма