Жол үстіндегі немесе таксист ағамен әңгіме
Атыраулықтар үшін яғни біздер үшін алдыңғы апта қолайсыздау болды. Неге десеңіз, ауа-райының күрт өзгеруі ықпал болып тұр. Жауын-шашынның жаууы, көшелердің лай суға толуы, былаң батпақ балшықтың сарсаңы халықты біраз сарсаңға салды. Апта демекші, алдыңғы аптаның жексенбі күні жастар сүйікті ойындарының біріне айналған жайдарман ойыны болған еді. Осы кешке баруды көптен күтіп тіпті жоспарлаған да едім. Сәті түсіп, жолға шықтым, қалтамның жұқалығына қарамастан такси ұстауға бел будым. Жол жиегін де қол көтеріп тұрғанымды бірден байқаса керек, бір такси жеделдетіп келіп тұра қалды. Айтқан бағама келісе кеткені, кішкене де болса қуанышқа бөледі. Біраз жолды артқа тастағаннан кейін, ағамды сөзге тарта бастадым. Қай жерге барсаңда, жанармайдың жыры ғой баяғыша. Бұл ағамызда осы әңгіменің төркінен ауытқаған жоқ. Әп дегеннен-ақ жанармай құнының қымбаттауы мен тапшылығын айтты. Жанармай түгілі, тамақтың, киімнің күннен-күнге бағасының шарықтап бара жатқаны, ағамызды іштей қынжылтатын секілді. Әңгіменің өрбуі былай басталды: жүргізуші ағаның айтуынша қазіргі таңда таксисттің жай-күйін қара халықта ұғыну керек. Олар да таңнан кешке дейін нан табудың қамымен жүгіріп жүргені белгілі. Сонда тапқан табысың күнделікті тамағына ма әлде жанармайына жеткізе ме?- деп іштегі шерін айтты да, үнсіз қалды. Үнсіздікке жол бермеу үшін тағы да сұрақ жаудырып, «осы жұмысыныз тұрақты кәсібіңіз бе немесе қосымша табыс көзіңіз бе?» - деп сұрауды жөн көрдім. Бір мезетте жылы дауыспен таксист аға былай деді: «мен тұрақты таксист жүргізушісі емеспін, бұдан бір жыл жарым осы кәсіппен айналысқанмын, ал бүгінгі күнде дүкенім бар.Оның өзін жалға алып отырмын, кіріс-шығысын жабуым керек.Соның шаруасымен шапқылап, ара-тұра демалыс күні шығып тұрамын» деп, әңгімесін аяқтады. Арада тағы да үнсіздік. Үнсіздіктің артында не жатқанын кім білсің? Бір жақсысы жүргізуші ағаның бір бағамен қатып қалмайтының ұқтым. Тек тұтынушы келіп ұсынған бағаға келісіп, жүре береді екен. Содан тұтынушы саны да көп екенін айтты. «Әр істің соңында қайыры мен берекесі» бар деседі бұрынғы дана халқымыз.Турасында, тегін айтылмағаның осы әңгімеден кейін ұққандай болдық. Жол бойы әңгімеміз жарасып, ағаның жылы қабақ білдіріп, сөз алмасқанға, тұшымды жауап айта алғанына дән ризамын.
Сағыныш Қайыр
АтГУ журналистика кафедрасының 3- курс студенті
Сағыныш Қайыр
АтГУ журналистика кафедрасының 3- курс студенті
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?