Сүлеймен Баязитов | Қасиеті туралы
Екібастұз қалалық “Отарқа” газетінің 1998 жылғы 31 шілдедегі № 31,32 сандары “Дархан даланың данышпан ұлы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 140 жаста” деген айдармен жарық көрді. Газеттің сол сандарында белгілі журналист Амангелді Қаңтарбайұлының “Ескелді естеліктері” басылды. “Күтпеген қонақтар”, “Өртке оранған өңір”, “Қой қырғыны” атты үш әңгімеден тұратын естеліктер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ерекше қасиетін айшықтауға арналған құнды дүниелер. Автор өзінің балалық шағында үйлерінің Мәшекеңнің зират үйімен көрші қоныстанғанын баяндайды. “Әлі есімде өте кедей едік, тістеуік жирен биеміз, екі лағы бар қара қасқа ешкіміз болды. Неге екенін кім білсін, біздің үйде ыдыс- аяқ та жетімсіз болатын.
Балта да жоқтын. Оның бәрі есімде қалғаны жолаушылап біреу- міреу келе қалса, шешем мені Мәшекеңдікіне жұмсайтын .” Осы жолдарды оқығанда еріксіз ойға қаласың. “Апырай, Мәшекеңдікіне жұмсайтын”- деуіне қарағанда, айнала төңірегін мекендеген тірі адамдар Мәшекең аруағын қастерлеумен одан тура мағынасында қолқайыр да көрген екен- ау. Мәшекеңнің бейіт үйінен ағаш жаруға балта, үйге келген қонаққа ыдыс- аяқ алулары соның айғағы емес пе?!
Шешесінің жұмсауымен Мәшекеңнің бейітіне келген бала “Ассалаумағалейкум, ата, аман жатырмысыз” деп сәлем берді. Құран оқуы, қажетті нәрсесін сұрап алуы, пайдаланып болған соң, орнына әкеліп қоюы- бір шеті ата- баба тәлімі, бір шеті мұсылмандықпен ұштасып жатқан жоқ па, ұрлық қылмау, өтірік айтпау, біреудің ақ адал дүниесін пайдаланып кетпеуі ата- баба дәстүріне де, мұсылманшылыққа да тән емес пе. Міне, осы “тату көршіліктің” шырқын аяқ астынан келе қалған күтпеген қонақтар бұза жаздайды.
Олар, ең бірінші, молланың үйіне барады, іле бұлардың ауылына келіп қиғылық салады. Өздерінің молланың үйіне барғандарын айтып, есігінде құлып тұр, ішіне мысық қамап қойыпсыңдар деп қиғылық салады. Автордың баяндауынша, үй ішіндегілер Мәшекең дүние саларында: “Егер маған өзім ұнатпайтын, арам ойлы адам келсе, не мысық болып мияулаймын, не тауық болып қыт- қыттаймын” депті – міс. Ал сөз болып отырған жолаушылар сондай жандар болса керек.
“Өртке оранған өңір”, “Қой қырғынында” да Мәшекеңнің дара қасиеті сөз болады. Өрт. Оны өшіруге кетіп бара жатқан әке- шешелері балаларына: “Төсек орын, ыдыс- аяқ, киім- кешектерді арбаға тиеп, молланың үйіне барыңдар. Ол жерге өрт болмайды, қорықпаңдар”,- деді. Өздері тілсіз жау өртке қарсы аттанып бара жатып, көзінің қарашығындай балаларын алаулаған от ортасында қалдыра тұрып, “молланың үйіне барыңдар.
Ол жерге өрт бармайды” деулері, бірінші құдайға, екінші Мәшекеңнің аруағына сену емес пе?! Құдайдың құдіретімен сол маңдағы биік таулардың бірі Бөкенбай тауының басына шығып кеткен өрт автордың жазысына қарағанда: “Өрт Мәшһүрдің үйі тұрған төбеге дейін келеді де, етекке жете бере жалп- жалп сөнеді”. Бұлардың тұрақтары да өрттен аман қалады. Өрттен паналаған бұлар ауыз үйге кіріп, көз іледі. Түсінде Мәшекең: “Балам, үйіңе қайтсаңшы”, - деп аян береді.
Иә, пендесіне өмір берген, өнер берген аса мейірбанды Алла тағаланың саусақпен санарлық сүйікті құлдарына ғана тарту еткен ерекше қасиетінің бізге беймәлім қыры мен сырына таңырқай, тамсану біз сияқты муминдердің пешенесіне жазылған шешуі жоқ ұлы жұмбақ болса керек. А. Қаңтарбайұлының қаламынан туған қоспасы жоқ дүниелерді оқу барысында осы ойға берік табан тіреп, Алла Мәшекеңе иман бере гөр деп тіледік.
Сүлеймен Баязитов

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?