Қобдабай Қабдыразақұлы | Асыл әжелердің үлгі өнегесі
Сурет: Ким Евгений
Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.
Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. Оның ішінде жасау, дүние де әйелдің өзіне тән. Еркектің әлемі үйдің босағасынан шықққаннан кейін басталады. Үй - әйелдікі, түз еркектікі. Киіз үйде әр нәрсенің, әр заттың өз орны болғаны сияқты әрбір отбасы мүшелерінің де жанұяда өз орны бар. Бұл тәртіп, жүйе бұзылмауы тиіс. Яғни, әйелге тән заттар өз тарапында болып, еркек жағына ауысып кетпеуі керек» (Д.Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. Түркістан 2004). Жаратылыс заңдылығында әйел сұлулық пен нәзіктіктің үлгісі саналса, еркектің пешенесіне қайрат-күш пен жігерді сарқа жұмсау жазылған. Еркек әйелдегі жіңішке, нәзік сезімнен құралақан болса, әйел қанша тырысқанымен еркек-тегі қайрат-күшпен иық тірестіре алмайды. Демек, бірінде жоқ сезім екіншісінде бар, бірінде бар қабілет екіншісінде жоқ. Әйел өзінің жаратылысына тән нәзіктікті қажет ететін үй шаруасымен, бала тәрбиесімен шұғылданса, еркек те өзінің жаратылысына сай қайрат-күшті қажет ететін түздің жұмысын атқарады. Яғни, әйел мен еркектің бір-бірінсіз төрт аяғын тең басып өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан да қазақтың дүние-танымында еркек пен әйел тең саналады.
Қазақтың ер-жігіттері нәзік жандылардың ішінде Құдай қосқан қосағын ғана өзімен тең көрген. Ал, әженің ұлағатын ұйып тыңдап, оның өнегесін ұдайы ұлықтай білген. Әулет кейуанасын пір тұтып, оны патшасындай сыйлаған. Аналарды «пейіш ананың аяғының астында» деп ардақтаған. Әпке-қарындастарын екі бетімнің ары деп аялап, олардың өтінішін екі етпеген. Қызын аз күнгі қонағым деп, шұғаның қиығы, алтынның сынығы деп, бөркіне үкі тағып, еркелетіп өсірген. Сайып келгенде айтпағымыз, әйел затын желеп-жебейтін қастерлі рухқа балап, оның нәзік болмысын космогониялық жаратылыспен байланыстырып, тіпті жер-су атауларын да әйел затымен атаған жаһандағы бірегей ұлтпыз. Сондығы болар, қазақ тарихында, көптеген аналар - ел ұстазы аталған.
Домалақ ана. Домалақ ана (Шайхы Мизамбекқызы Нұрилә) (VI-VII ғ.ғ.) Домалақ ене 1378 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Шын аты - Нүрила. 1456 жылы, яғни 78 жасында қайтыс болған. Өзгені де өз баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті. Домалақ ананың қадір қасиеті ерте-ақ танылған. Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол Домалақ ана мазары. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпақтың ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.
Ел ішіндегі деректерге қарағанда Домалақ анаға «Диһнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара хайдар деген кісі оның даналығына тәнтті болып қойған екен. «Диһнат мама» - парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағана береді. «Диһнат мама» сөзі уақыт өте келе тілдің даму заңдылығына орай дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Домалақ ана ел арасындағы даулы мәселелерге араласып, бітімгершілікпен шешімін табуға өз үлесін қосқан. Домалақ анадан ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылдылығымен ерекшеленіп, ел билеген.
......Нүрила келіншек бұлақ басында жалғыз үй отырады. Бәйдібектің екінші зайыбы Зеріп болса, соның алдында Шаян өзені бойына жайлауға қонғанды. Бәйдібектің билік жұмысымен Түркістан, Сауран жаққа кеткенін естіп, Сайрамда жатқан Қара Қайдар деген қарақшы Боралдайдағы Бәйдібек байдың жылқысына аттанады. Сабаудай-сабаудай оншақты жігіт бұлақ басында отырған жалғыз үйге бұрылады. Бөтен адамдардың үйіне бұрылғанын көре салып Нүрила әжесінің кимешегін киіп. Кемпірге ұқсап отыра қояды. Мұртты қара шойыртпақ:
- Бұл кімнің үйі?
- Біздің отағасының үйі.
- Отағасың кім?
- Бәйдібек би.
- Өзі қайда?
- Түркістан жаққа жолаушылап кеткен
- Шөлдеп келеміз, сусын бар ма?
Нүрила оларға ешкінің айранын ұсынады... Мұртты жігіт айранды менсінбей, қасындағы серіктеріне береді. Олар айранды сіміріп салып тағы сұрайды. Нүрила екі зерең айран берген соң:- Мырзалар, айран таусылды, - дейді.
Мұртты жігіт:- Оқасы жоқ, жігіттер сусындаса болғаны, мен нан ауыз тиейін.
Нүрила оған бір күлше нан береді. Қара мұртты күлшені шетінен опырып жейді де: - Күлшең тәтті екен, не қосып ең?
- Өз емшегімнін сүтіне илеп пісіріп едім.
- Пәле. Алланың рақымына қараңыз. Сіз бізге ана, біз сізге перзент боп қалдық қой! Сізді ұмытпаймыз... Қайтарда соға кетерміз. Екінші шегір көз жігіт:
- Бәйдібек байдың жылқысы қайда?
Нүрила сезіктене қояды:
- Оны қайтерсіздер? Жылқыға да, жылқышыларға да тимеңіздер. Жолдарыңыз бола қоймас. Әуре боласыздар. Менің тілімді алсаңыздар, кейін қайтыңыздар! Алаңғасарлау бір жігіті:- "Қатынның тілін алған қараң қалады" демекші, алған бағытымыздан қайта қоймаспыз, - деп бәрі жүріп кетеді. Соның алдында үш күн, үш түн нөсер жаңбыр жауып, Боралдай өзені тасып жатқан кез екен. Қарақшылар өзенге барса, Боралдай суы кенересінен асып, бұрқырап жатады. Олар өзен жағалап өткел іздеп біраз әуре-сарсаң болады. Саяздау шығар деп бір жерінен өте берем дегенде, алдымен әлгі алаңғасар жігіттің аты тасқа сүрініп кетіп, ат-патымен суға ағып бара жатады. Тағы бір-екеуі шүңейтке түсіп кетіп аттарынан айырылып, өздері өлдім-талдым дегенде, малтып жағаға әрең шығады. Қара мұртты:- Жігіттер, болмас, кейін қайтайық. Әлгі кемпір тегін адам емес екен. Қайта барып кешірім сұрап, ауылды табайық, - дейді. Атынан айрылған үшеуі өзгелеріне мінгесіп, бәрі Нүрилаға қайтып барады. Алғашқы келгендегідей емес, бұл жолы бәрі аттарынан түсіп:
- О, қасиетті Ана, кешіріңіз! Айтқан тіліңізді алмаймыз деп, осынша пәлеге ұшырадық! Оң батаңызды беріңіз, елімізге қайтайық! - дейді. Кішкентай Жарықшағын емізіп отырған Нүрила:- Ендеше қолдарыңды жайыңдар! Құдай оңдасын, әруақ қолдасын, Адал жүріп, адал тұрыңдар. Алдарыңнан жарылқасын!- деп, оң батасын береді. Осы кезде әлгі қарақшылардың бастығы: - Диһнат мама! - деп оған тағзым етіпті. - Сіз маған шын ана болдыңыз? Құдай-ақы, нағыз әулие, киелі ана екенсіз, біз енді түсіндік! Бұл Қара Қайдар аталып кеткен қарақшылардың бастығы түркмен жігіті екен. Оның шын аты Айдар Нүркелеұлы еді. Кезінде Қызыл Қожаханның әскербасы болыпты.Ол өле-өлгенше Нүриланы "Диһнат мама" деп, Боралдайда болса Боралдайға, Ташкентке барса Ташкентке, Түркістанда жүрсе Түркістанға әдейі барып, сәлем беріп, Нүриланың батасын алып жүретін бопты. Жұмысы оңғарылып, ақ жолға түсіпті.
Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай
Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Домалақ ана туралы ән:
Кенде емес қой бұл қазағым ақыл берген данаға,
Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға.
Теңізімнің тамшысындай арналады бұл әнім –
Елін сүйген қасиетті Домалақтай анаға
Елін сүйген қасиетті Домалақ ана
Қиратқан соң тас-талқан ғып қасиетті мазарын,
Ата-баба әруағы салмай қойды назарын.
Бәлкім әлде содан болып жүр ме екен өмірде
Ұрпағыңның бұл күндері тартып жүрген азабы.
Толғанайын, айналайын, Домалақ анна
Көп адасқан ұрпағыңды кешіре гөр ардағым,
Әруағыңмен желеп-жебеп жүре берші әрдайым!
Қадіріңді, қасиетіңді кеш білсем де әз Ана,
Есіміңді әнге қосып мәңгілікке жалғайын!
Толғанайын, айналайын, Домалақ ана
Риза болшы қолда барға, Домалақ ана
Домалақ ана Жетісу жерінің, Әулие ата, Шымкент, Ташкент халқының арғы анасы болып саналады. Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ танылған. Сөйтіп ол қазақтың анасына айналған. Ене деп сыйлау, құрметтеу, әулие санау Ұмай анадан кейін осы жанға қонған деседі. Ол ел арасында өмір сүре жүріп, елдік, халықтық намысты қатты ұстаған. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында сәулетті күмбез бар, бұл ХІ ғасырдың сәулет ескерткіші болып табылады. Ананың символы ретінде аналардың анасы атанған Шайхы Мизамбекқызы Нұриләнің зиратының басына тұрғызылған кесене 1957 жылы қайта жөндеуден өткізіліпті. Аңыз бойынша Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам ғана өте алатын көрінеді. Бәйдібек би баласы Жарықшаққа (1398-1475) ерекше мейірім, қамқорлық көрсетеді. Оның болашағын ойлап, Нүриланы баласымен Ташкентке көшіріп апарады. Әкесі Қараша биден қалған әулі-жайға иелік еткізеді. Нүрила жалғыз баласын қала дәстүрімен тәрбиелейді. Медресеге оқуға береді. Жарықшақ оқуға аса ықыласты, зерек болады. 7-8 жасында арабша кітаптарды, аңыз, хиссаларды мүдірмей оқитын болады. Нүрила Жарықшақтан кейін 1402 жылы Қызайым деген қыз, онан соң Тәңірберді, Ақберді деген екі ұл, Күләйім және бір қыз туады. Бұл перзенттерінін Қызайымнан басқасы жастай өліп кетеді. Ал Қызайым Нүриланың өзіне айнымай тартқан ақылды, шымыр боп ер жетеді. Қызайым бойжеткен соң Найман Аталық дегеннің үлкен баласы Шағыр батырға ұзатылады. Қызайымнан Дербіс, Бегімбет, Ителмен, Меңі туады. Олар кейін 19 болыс ел боп кетеді, бәрін "Қызай найман" деп атайды. Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдай-назар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе, Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген он шақты мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болған. Кейін елі-жұрты сол тауды "Қызай тауы" деп атап кетеді.
Жарықшақ кейін Бұхардағы жоғары медресені тамамдап, Ташкент мешітінде имам-софы болады. Нүрила баласын Уәйіс нағашысына ертіп барып таныстырады. Ол кезде Уәйіс Моғолстанның ханы боп тұрады. Нағашысы Жарықшақты Жетісу атырабына бек етіп белгілейді. Сонымен Жарықшақ Жетісу өлкесін ұзақ жылдар билейді. Жарықшақтың бірінші әйелі Тәукел бибіден: Албан, Суан, екінші әйелі Бибіфатимадан Дулат (1426-1506) туады. Нүрила кіші келіні Бибіфатиманы еркелетіп "Бипаш" дейді екен. Бәйдібек баба мен Домалақ ана сол ежелгі Дулу тайпасының атымен Дулат деп қойған. Дулат 1426-1506 жылдары өмір сүрген батыр әрі би болып шығады. 1452 жылдары Жарықшақ анасы Нүриламен ақылдаса отырып, үш баласына Жетісуды өрлей мекендеп, ен жайлауға қоныс тебуді тапсырады. Содан Албан одан тараған Сары, Шыбыл ұрпақтары, Суаннан өрбіген Байтегей балалары Қытаймен шектес Нарынқол, Кеген жерін мекендеп кетеді. Ал Дулаттан өсіп-өнген Ботбай, Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары қазіргі Талдыкқорған, Алматы, Шымкент облыстарын мекен етіп, тіршілік етеді. Дулаттың сол төрт баласынын өскелеңдігі жөнінде: Шымыр көп пе, шыбын көп пе, Жаныс көп пе, қамыс көп пе, Сыйқым көп пе, қыйқым көп пе, Ботбай көп пе, бота көп пе?-деген халық ортасында сөз қалған.
«Бәйдібек балаларына енші бергенде, даланың қалыптасқан заңын бұзып, өзінің жақсы көрген сұлуының балаларына үлесті ерекше мол беріп, Домалақ ененің балаларына қалған ақсақ-тоқсақ, кәрі-құртаңын ғана береді. Бұған риза болмай тұртаңдаған балаларына Домалақ ене: «Тәңірінің жазуы солай шығар. Құдай деген құр қалмас, жасағаннан тілейік» деп олардан тағдырдың салғанына көнуді талап етеді. Бәйдібек, Домалақ енені балаларымен жұртқа қалдырып, өзі басқа жаққа көшіп кетеді. Арада бес жыл өтеді. Баяғы ақсақ-тоқсақ, кәрі-құртаң малдың төлінен өнген төрт түлік далаға сыймай кетеді. Домалақ ене кім келсе де есігін айқара ашып, дастарқанын жайып, құрметпен қарсы алады. Ал, шалғай жайылымға кеткен Бәйдібек - үлкен жұтқа ұрынып, жоқшылықта қайтыс болады. Мұны естіген Домалақ ене балаларын жұмсап, әкесін арулап жерлеткізеді. Жылы болғанда асын бергіздіреді. Өзі қара жамылып, қосағының қайғысын аза тұтады.» (Момышұлы Б.)
ӘБІЛҚАЙЫРДЫҢ БОПАЙ СҰЛУЫ (Бәтима, өмір сүрген уақыты шамамен 1690-1780 жылдар). Қазақ ханымдары сол дәуірдің кеңесшілері болды, сол заманның ырқына көніп, ел басшыларының тұрмыс жағдайына да, мемлекеттік істерінің орындалу барысына да кірісіп отырды. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен ел тыныштығын тербеткен қазақ әйелдерінің рухы әрқашан жоғары болған. Солардың бірегейі өз ерліктерімен, ақылдылығымен тарихта атын қалдырған. Бопай сұлу-ханның бәйбішесі, ел анасы, байырғы дала өркениетінің дәстүрімен, көргенділікпен елдің қамын ойлайтын ұрпақтарын тәрбиелеген. Бопай сұлудың қазақ қоғамында өзіндік орны ерекше.
Қазақ халқы бастан кешкен аса күрделі кезеңдердің бірі ХҮШ ғасыр болса, сол кездің саяси-әлеуметтік істеріне белсене араласқан көрнекті қайраткерлердің бірі Бопай (Бәтима) болған. Бопай − Кіші жүздің ханы Қожасұлтанұлы Әбілқайырдың зайыбы әрі мүдделесі. Олардың үйлену тарихының өзі үлкен дастан. «Бір күні Кіші жүздегі әйгілі батыр Жәнібек пен Әбілхайыр жолда келе жатып кеш түсе бір ауылға кез болады. Бұл бір батырдың ауылы екен. Ауыл иесі аса бай, жасы үлкен кісі екен. Оның бой жетіп отырған қызы Бопай сұлуды көргенде Әбілқайыр ақыл-есі кете ғашық болды. Жәнібек батыр жас төренің бұл мінезіне таң қалады. Келесі күні жолға аттанған Әбілқайыр күтпеген өнер шығарып сол ауылда қалатынын айтады. «Қайтсем де Бопай сұлуды алмай тынбаймын»-деген Әбілқайыр оған ермей қалып қояды. Қыз ауылына қайтып келген Әбілқайыр өзінің төре тұқымынан екенін жасырып Бопайдың әкесінің малын бағуға жалданады. Ұзын бойлы, батыр тұлғалы, жігіттің сұңқары Әбілқайыр батыр жылқышы болып жүрсе де, аз уақыт ішінде ауыл адамдары арасында сенімге ие бола бастайды. Көп ұзамай сырын ашқан жас батырды Бопай сұлу да жан тәнімен ұнатып сүйіп қалады. Осылай екі жастың ара-сындағы сезім ұлғая түсіп, Әбілқайыр Бопай сұлудың әкесінен рұқсат сұрауға бел буады. Мұндай жағдайды күтпеген қыздың әкесі қызының бағасын білгендіктен, өзіне кедей жігітті тең көрмейді. Ендігі кезекте ол қызын Әбілқайырға берместің амалын іздестіріп, «Қызымның қалың малына ала аяқты 90 күрең ат және 60 боз ат әкелесің, әйтпесе қызымды бермеймін»- деп шарт қояды. Аталған шарт жас батырға ауыр тиеді. Дегенмен көзсіз ғашық болған Әбілқайыр қыз әкесінің шартын орындауға жолға аттанады. Бопай сұлудың әкесі «Жалғыз атты кедей жігіт бұл шартымды орындай алмас»- деп үміттенеді. «Тірі жүрсем Бопай сұлуды алмай тынбаймын»- деп серт берген Әбілхайыр әлгі айтқан жылқыны ағайындарынан, ел-жұрттан сұрайды, алайда ешқандай нәтиже шықпайды. Шарқ ұрған батырдың осындай аянышты күйін естіген Жәнібек батыр жетіп келеді. Қу кедейлік қолын кесіп отырған жас төрені аяған, әрі келешегіне сенген Жәнібек батыр Әбілхайырға керекті 150 айғырды өз жылқысынан шығарып, санап береді. Оған қоса ол өзі барып Бопай сұлудың әкесіне қазақтың әдет-ғұрпы бойынша құда түседі. Сөйтіп әйгілі қазақ батыры Жәнібек екі ғашықтың басын қосып, үлкен азаматтық іс жасайды». Әбілқайыр хан мен Бопай ханымның арасынан Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ есімді бес ұл туған Әрине, ежелден келе жатқан қазақтың дәсүрі бойынша Бопай сұлудың атастырылып қойылғаны белгілі. Оның үстіне байдың қызы болғандықтан, сәйкесінше мықты адамға айттырылған. Әбілқайыр мен Бопай сұлудың арасындағы ғашықтық сезім дәстүрді бұзуға мәжбүрледі. Қалай болған да Әбілқайыр сынды жас батырдың Бопай секілді әйгілі сұлуға үйленуі оның шын мәнінде өмірдегі бақыты еді. 1711 жылы олардың тұңғыш баласы Нұралы дүниеге келді.
Бопай төре ұрпағының шаңырағында құтты келін болды. Ол келін болып түскелі Қажы сұлтан шаңырағының құт-берекесі арта түсті. Әбілқайырдың тасы өрге домалады. Көп ұзамай Әбілқайырды Кіші жүздің игі жақсылары ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Бопай сұлудың өз басы да қазақ әйеліне тән кішіпейілділік, ақылдылық, ұстамдылық, парасаттылық және басқа сол секілді қасиеттерімен Әбілқайыр шаңырағында жақсы келін, әрі жақсы бәйбіше атанды. Әйел болса да ердің ақылы мен батырлығын өз бойына сыйдырған абзал жан еді. Бопай сұлудың аса беделді болғаны соншалық Әбілқайырдың көптеген саяси істерін ақылмен шешуге көмектескен. Батыр атанған Әбілқайырдың қилы мінездеріне тоқтау айтып, сабырлыққа шақырып, сабасына түсіріп, қиын мәселелерді бабымен шешуге көмектескен. Бопай Әбілқайырдың ел басқару ісінде кеңесшісі, арқа сүйер тірегі болған. Елдің ішкі және сыртқы саясаты мәселелері шешілетін құрылтайларда Бопай өзі құқық білгілері билер мен шешендік өнер иелерімен қатар сөз сөйлеп ел басқару ісіне қатысқан. «Бопай сұлу өзінің ақылымен құрметке ие болған, сондықтан да кей кездері орданы басқару ісіне үлкен әсер еткен. Әдетте әйелді барлық қоғамдық жұмысқа араластырмайтын қарым-қатынастың болғанына қарамастан, Бопай сұлудың өзінің жеке мөрі болған»- деп А.И.Левшин жазып кеткен. Сондықтан ел ішінде қадірі артқан Бопай анаға халқы мәртебелі, парасатты «Бара бәйбіше» атағын сыйлаған. «Бара бәйбіше» ұғымының Батыс Қазқстанда бірнеше мазмұнды мағынасы бар көрінеді. Негізінен - өз ақылымен, даналығымен елге қадірлі болған ел ішіндегі аса беделді аналарымызға айтылған. Сонымен қатар, Бопай сұлу есімі «Ардақты бәйбіше», «Ардақты ана» болып ел есінде мәңгі қалды.
Әбілқайыр əйелі Бопайдың кеңесін тыңдап, оның пікірін бағалаған. Әсіресе Еділ қалмақтары мен башқұрттармен қарым-қатынастың өршіген шағында Әбілқайырдың сол кездегі Ресейге жақындасуын қолдаған Бопай болатын. 1731 жылы А. И. Тевкелев бастаған Анна Иоанновнаның елшілігі келген кезде, бірінші болып өз мөрін басқан еді. Сонымен қатар өз үлгісі негізінде өзгелерді де осы шартқа көндіре алған. Әбілқайыр өлгеннен кейін ұлы Нұралының хан болып сайлануы, Бопайдың Ресей империясымен дипломатиялық қарым-қатынасының негізінде іске асқан. Бопай ақыл-кемеңгерлігімен қатар, таңқаларлық ерекше əдемі болған. Бұл туралы көптеген аңыз-əңгімелер ғана куəлік етпейді. 1736 жылы Кіші жүз даласына ағылшын саяхатшысы жəне суретшісі Джон Кэстль келген. Кэстльдің суреттеріндегі оның бейнесіне қарай отырып, Бопайдың бес баласы бар, қырықтан асқан əйел екеніне сену қиын. Сонымен қатар, дала сұлуының соншалықты нəзік келбетінің арғы жағында асқан ақыл мен қатал мінездің болғанына сене алмайсыз. ХVIIІ ғасырдың ортасында, яғни 1748 жылы Әбiлхайыр өлгеннен соңғы дəуiрдегi тарихи құжаттарда Бопайдың аты көп кездеседi. Оның Орынбор басшыларына жəне Петербургке жазған хаттары сақталған. Бопай сұлу 1780 жылы 31 мамырда қайтыс болған. Алайда ел ақындары мен дана қарттары аузынан Бопай есiмi түскен жоқ. Белгiлi Адай ақыны Абыл жыраудың (1777-1864) Баймағамбет сұлтанға айтқандарының iшiнде мынандай толғаулар бар: Апамнан (Бопайдан) туған əкең Айшуақ хан, Табаның таймай тұр-ау мiнген тақтан. Дəлiрген тажал сынды дəрежеңдi, Деп жүрсiң Құдай қорып, Қыдыр баққан...Әбiлқайыр ханның Бопайдан басқа да əйелдерi болған. Бопайдан кейiн əр түрлi жағдайда екi əйел алған екен. Алайда, барлық құжаттарда Бопай сұлудың ғана аты аталады. Оның осынша құрметке ие болуы тек Әбiлқайыр ханның əйелi ғана емес, өзiнiң жеке басының ақылдылығы мен беделiне байланысты болды. Әбiлқайыр хан мен Бопай сұлудың алты перзентi дүниеге келдi. Солардың бесеуі ұл, бiреуi қыз бала болған. Ұл балалары Нұралы (1710/11-1790), Ералы (1720-1794), Қожахмет (1722-1749), Айшуақ (1723/24-1810), Әдiл (1730-1750). Қыз баласы Зылиқа 1745 жылы дүниеге келген. Бопай сұлудың тəрбиесімен өніп-өскен үш ұлы да хан болып, еліне елеулі қызмет атқарған. Нұралы (1748-1786), Ералы (1791-1794), Айшуақ (1797-1805). Кiшi жүз хандары болды. Аңызға айналған Бопайдың тұлғасының даңқы қазақ еліне таралған. Бопайдың аты мақтаныш пен өнегенің рəмізіне айналған. Бопайдың мавзолейіне тəу ету мақсатында қадірлеп, қастерлеп халық рухына сыйынған. Ел iшiнде қыздарға Бопай деп ат берушілер көбейген. Соның ішінде өз дəуірінің мақтанышына айналған Кенесарының қарындасы Бопай Қасымқызын да атап өтуге əбден болады. Бопай сынды ақылына көркі сай кемеңгер əйел - ана тұлғалары қазақ тарихында көнеден бері баршылық. Сол кездегі қазақ халқының басына ел болу немесе елдігін мүлде жоғалту қауіпі төнгенде Әбілқайыр ұстанған саяси бағытты Бопай жалтақсыз қолдап, ең бір шешуші кезеңдерде айырықша икемділік-тапқырлық танытып отырған. Мұны Бопай ханымның орыс патшайымдары Анна Иоановнаға, Елизавета Петровнаға, бригадалық генерал А.И.Тевкелевке, Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке, канцлер А. П. Бестужев-Рюминге жазған хаттарынан және ол хаттардағы ел мүддесіне қатысты ұстанған әрекет-ниеттерінен айқын аңғарылады.
Бопай ханшайым 1780 жылы 31 майда қайтыс болып, күйеуінен кейін 32 жыл ғұмыр кешеді. Жосалы жерінің Елекке қараған маңындағы жерге Бопай ханшайымның сүйегі қойылады. Біздің елімізде тарихта Бопайдай анамыз болғанын ешқандай азамат есінен шығармайды. Ол кісінің істері әрбір адамға өнеге үлгі бола береді. Дәлірек айтқанда қазақ аналары қара табан қойшыдан бастап, ел басқарған ханға дейін өмірге дайындап, тәрбиелей алған еді.
Facebook

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?