Ізденген жетер мұратқа

 Ізденген жетер мұратқа

жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді. Арман мен мақсат үндескен тұста, таңдау мен талғамның орны бір бөлек. Менің таңдауым Қазақстандағы ЖОО-ның көш басы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болды. Басты арманым осы университеттің қабырғасында білім алып, студенттік жылдарымның қызықты күндерін өткізу еді. Аллаға шүкір! Бұл күнде арманым орындалып, өз биігіне де жетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, кәсіби білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Университетте 15 факультет бар және 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Менің факультетім – Филология және әлем тілдері факультеті, факультетте талай танымал, дарынды түлектер түлеп шыққан. Атап айтар болсақ: Мұхтар Әуезов, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин, Тұрсынбек Кәкішев, Рымғали Нұрғали, Мәулен Балақаев, Сұлтанғали Садырбаев, Гүлнар Дусматова, Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Жанна Қуанышева т.б. Факультетіміз университет ішінде «екінші өнер ордасы» деген атақ алған. Оған себеп барлық шараларды ұтымды ұйымдастырып, білім мен өнер сайысының нәтижесінде студенттер қай кезде де бірінші орында тұр. Біздің кафедрамыз – «Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері» кафедрасы. Университеттің шетелдегі білім ордаларымен байланысы мен қарым қатынасында кафедраның үлесі зор. Кафедрада теория мен тәжірибені орайластыру мақсатында бірнеше ғылыми үйірмелер ұйымдастырылған. Қазіргі таңда менің меңгеріп жатқан мамандығым Шетел тілі: Екі шет тілі, академиялық білімнің бакалавр деңгейін көрсететін жоғары білікті мамандықтардың бірі болып табылады. Жалпы екі шет тілін бірдей меңгеріп шығарудағы мақсаттардың бірі еліміздегі үш тілді жетік менгерген азаматтарымыздың ретін көбейту, сондай-ақ, өзге елдермен қарым-қатынас тілдерін елде барынша дамыту. Шетел тілі: Екі шет тілі мамандығының оқыту бағдарламасы негізінен педагогикалық бағытқа көп көңіл бөледі. Сол себепті осы мамандықты алып шыққан бітірушілер көбіне ұстаз болып қызмет атқарып жүр. Мен биылғы жылдың наурыз, сәуір айларында Атырау облыстық Дарынды балалар мектеп-интернатында педагогикалық тәжірибеден өттім. Онда ағылшын тілінен 6-7-сыныптарға сабақ бердім. Педагогикалық тәжірибеде ұстаздарымнан алған білімімді саралап, нәтижелі болуы үшін тындырымды еңбек атқаруға тырыстым, ашық сабақтарымда жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдандым. Балалармен тығыз қарым-қатынас жасап, « Менің болашақ мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел және бірнеше тренингтер өткіздім. Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі жарқын болашақ. Білім беру жүйесіндегі өзгерістердің оң нәтиже беруі үшін , мұғалімдердің аянбай тер төгуі қажет! Елбасымыз «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген, олай болса жұмыла көтерген жүк жеңіл, мен де Қазақстанның болашағына, қазақ білімінің өркендеуі жолында қолымнан келгенше еңбек етемін!

Мырзахметова Жанар Мұратқызы,

ҚазҰу филология әдебиеттану және әлем тілдері факультеті 3-курс студенті.

Практика жетекшісі: Әлиакбарова Айгерім Тілесбекқызы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?