Сүлеймен Баязитов | Тек ақылмен
Әңгіме)
— Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,— деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады.
Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты – Сәмен.
Ол Акашамен бір сыныпта оқитын. Акаша ол басын көтерген тұста бұған барлай көз салып:
— Үстінде сол көнетоз көйлегің... Сол баяғы шалбарың саған әке-шешең... — дей бергенде Сәмен оның сөзін бөліп:
— Не жаңалық бар? — деп сұрады.
— Жаңалық сол,— деді ол,- біздің Қойтаста қазір тың игерушілерден аяқ алып жүре алмайсың. Үлкендерше айтсақ, ауылды қандаладай талап, биттей бүріп тұр.
Сол сәт Сәмен Акашаның аузына аңтарыла қараған.
Сол сәтте:
— Кто ты такой, почему сидишь на моей койке?- деп өзіне қарай беттеп келе жатқан сары шашты, шегір көзді ұзын тұрықты, ақсары қызды көрген Сәмен сәл-пәл абдырап Акашаға бұрылған. Ал ол бұған назар аудармастан:
— Хороший парень!- деп қарқылдап күле бастаған. Сол сәт жаңағы қыз:
— Я тебе покажу... Муж говорит «проклятый басмач»,- деп есіктен ата жөнелген.
— Өй, мына пәлең кім? Айтып өлтірсеңші!- деген Сәмен дегбірі қашып.
— Айтқанда енді. Бұл тың игерушілердің бірінің қызы- Настя, Коля деген ағасы бар. Ол да осында мектепте оқиды. Сен отырған кереует Настянікі.
... Осы сәт интернат меңгерушісі Рахметтола ағаны ертіп келген Настя мұны көрсетіп: «Келсем кереуетімде мынау жатыр. Ал Акоша оны «сенің күйеуің» деп мені мазақтап күлді»,- деп мұңын шаға бастады. Оның сөзін шала ұққан Рахаң:
— Сенің Настяны менің әйелімсің деп айтқаның рас па?- деп бұған шүйліге жөнелді.
— Раха бұл сөйдеп қана қоймай, құшақтап... Мектепте, тіпті қала берді қылжақбастығымен ауылға аты шыққан Акошаның мына сөзі отқа май құйғандай әсер еткен.
— Қой мұны былай қалдыруға болмайды, пәлесінен аулақ. Мен директорға жолығайын. Мына пәлені интернатқа ала ма, алмай ма өзі шешсін,- деп шығып бара жатты. Сәмен Акошаға:
— Мұның не?- деді.
— Әзіл ғой, бауырым, әзіл. Интернатқа сені алмағанда директор қызын жатқызар дейсің бе?
Директор Настяға:
— Сәменнің саған сен менің әйелімсің дегені рас па?
— Жоқ, маған Сәмен сенің күйеуің деген – Акоша.
Сол сәт директор Рахаңа: «Сіз өзі орысша білмейсіз бе? Екіншілей маған мұндай мәселемен келмеңіз деген зілдене тіл қатып. Неге екені белгісіз бәрін бүлдірген Акаша қаға берісте қалып, интернат меңгерушісі бұған тағы да: «Ана қызға не оның ағасына тиістің бар ғой. Аяғың көктен салбырап түссе де, көзіңе көк шыбын үймелетіп, интернаттан да, оқудан да шығартып жіберемін.
Сен үшін тың игерушінің балаларына пана бола алмады деп партиядан, қызметтен қуылар жайым жоқ»,- деп оңашада да, балалардың көзінше де сан рет жерден алып, жерге салған. Тіпті мұнысын ол кісі қазақша айтумен шектелмей ойдым-шойдым орыс тілінде тың игерушінің балаларының көзінше де сан рет қайталаған.
Мұны естігенде қыз да, оның ағасы да өздерімен бір бөлмеде жататын қазақ балаларын бидайдай қуырып, қораздана қоқилана қарайтын. Алғашқы аптада досы Аманғали үйден әкелген екі-үш теңге ақшам бар еді. Сол жоқ, үшті- күйлі жоқ деумен жүрді. Бірақ оған ешкім мән бермеді. Бір күні оған шешесі қатынасқандардың бірінен екі-үш сом ақша беріп жіберіпті. Соны көзі шалып қалған балалардың бірі қапысын тауып, ақшасын қағып алса керек. Түскі астан кейін Аманғали ақшасын іздеп әлек-шәлегі шықты. Меңгеруші ағайға айтып еді, ол: «Өзің жоғалтып алған шығарсың»,- деп бет бақтырмады.
Бұл кезде Коля мен Настя сабаққа кеткен, қалған балалар:
— Қой, біраз бой жазып, ойнап келейік,- деп есікке беттеген. Тек Сәмен күндегі әдетінше терезенің алдында әлдебір әдеби кітапты құныға оқып отыр еді. Бөлмеге бір кіріп, бір шығып әбден мазасы кеткен Аманғали бұған:
— Басынды-ау!- деп мұңын шаға бастады. Кітаптан басын алмай: «Бұл кім басынды?»- деп сұрады.
— Ақшамды ұрлап алған баланы айтам.
— Ол кім?
— Коля!
— Оның ұрлап алғаныңа көзің толық жете ме?
— Көзім жеткенде... Интернатта бұрын-соңды ұрлық болған емес. Коля мен қарындасы келгеннен бері ұры пайда болды деді ол. Аманғазының сөзінің жаны бар. Сол сәт оның ойын:
— Тек сенің ғана қалтаңа түскен жоқ. Басқаларының қалтасын теспей сорды. Тек бірі үндемейді.
Менің немді алады. Әкем төсек тартқаннан бері қалтама көлденең көк тиын түскен емес.
— Сен де...
— Иә, саған,- деген Аманғазы оның сөзін бөліп, Рахаң тың игерушінің баласының қалтасына түстің ұрысың деп... интернаттан да, оқудан қудырса, онсыз да әкемді жоқтаумен діңкесі құрып жүрген шешемді...
Сол сәт Сәмен оны біртүрлі аяп кеткен.
— Жетім ғой... Ертең әкем өлсе...
— Ол ақшасын қайда сақтайтынын білесің бе? — деп сұраған.
— Кереуетінің астындағы кішкене жәшікте.
— Оны қайдан білесің?
— Сендер менің ақшамды ұрлап алғыларың келсе де, ұрлап ала алмайсыңдар. Күзетшісі берік! — деп газетке оралған салыны көрсеткен.
— Сыртқы есіктің күршегін салып, шүмшеуірді ала кел деген бұл. Содан кейінгісін көре жатармыз.
— Ал, кәне ,-деді бұл,- жәшіктің құлпын аш! — деген шешімді үнмен. -Енді шүмшеуірді бері әкел. Газетке оралған салыны еденге алып қойған бұл Аманғалиға: «Ақшаны алып шық», — деген.
— Сенің неше сомыңды ұрлады?
— Бір сомымды.
— Соны ал, қалғанын орнына қой.
— Енді қолыңды сабындап жу.
Бұлар әлден соң дүкенге бет алды. Дәптер сатып алып, соның екеуін Аманғалиға берген.
— Ал аузыңа берік бол. Коля салының орнынан қозғалып қалғанын бірден аңдап, ақшасын қараған. Бір сомының жоқ екенін айтып ағайға шағымдана бастады. Балалар бір ауыздан алған жоқпыз деді. Ал Коля бақырып жылай бастады. Рахаң шарасыздыққа салынып: «Пенсияға 2-3 жыл қалғанда»,- деп міңгірлеп сылқ етіп отыра кеткен.
Сол сәт Сәмен:
— Коля, -деген,- сенің ақшаңды алған мен. Балалардың аузы ашылып бұған таңырқай қараған. Рахаң:
— Өй, өй мынау не дейді?- дей берген. Сәмен қолындағы дәптерлерді Коляға ұсынып:
— Мына дәптерлер сенікі, қалғанын Аманғазыға бердім. Өйткені сен...Коля үнсіз басын изеді. Орнынан ата тұрған Рахаң Коляға төніп келіп:
— Твоя свинья, они не боится, не боится, — деген асқан ризашылықпен қарқылдай күліп. Сонаң соң бұларға бұрылып: «Тың игерішінің баласы дегенге құдайларын ұмытып, тым дандайсып кетіп еді. Орайы келгенде, міне осылай тәубаларын естеріне түсіріп қою керек. Міне осылай... Тек ақылмен деген сұқ саусағын көкке безеп.
Сүлеймен Баязитов

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?