Биология | Қуық түбі безінің қабынуы
Қуық түбі безінің қабынуы екі түрлі болады: оны жедел характерлі және созылмалы деп бөлеміз.
Мазмұны 1 Жедел түрлі
1.1 Инфекция жолдары
1.2 Клиникалық бейнесі
1.3 Емдеу шаралары
2 Созылмалы түрі
Жедел түрлі
Жедел харектерлі: тұтқиыл ұстайды, ұстағанда жанға қатты батады, ауру белгісі көп, азабы күшті болады. Бұл ауруға көп жағдайда бактериялардың, айталық, жуан ішек таяқшасының қуық түбі безіне қонуы себеп болады.
Инфекция жолдары
басқа орындардағы инфекция қан немесе лимфа арқылы қуық түбі безіне көшеді. Айталық, шиқан, шын жара, бадамша бездің қабынуы, тыныс жолының қабынуы, ішек қабынуы, несеп жолының қабынуы, қуық қабынуы т.б. ауруларды дер кезінде емдетпесе, бактерия қауырт өрбумен қатар қыруар токсин пайда болып, қан мен лимфа арқылы тұтас денеге тарайды.
таяу маңдағы инфекция ошағының жайылуы себеп болады. Қуық түбі безі, несеп жолы, тік ішек, анус сияқты ағзалармен өте жақын орналасатын аталған ағзалар бактерияның апаны саналады. Егер осы ағзалар инфекцияланып, дер кезінде тізгінделмесе, әсіресе, іріңді ісік пайда болса, дереу қуық түбі безіне жайылып, оны шұғыл қабындырады, жане катты ауырады.
[өңдеу]Клиникалық бейнесі
бүкіл денелік белгілер
науқас қызады, кейде қатты қызып, дене температурасы 39~40 градусқа жетеді, ауру адам қалтырайды, тіпті қалшылдайды. Буын-буыны сырқырап, лоқсиды, табеті қашады, дарменсізденеді, сүлкіні түседі. Онан да қатерлісі бактерия немесе бактериядан пайда болған токсин қанға өтіп, қан шіриді, егер дер кезінде өнімді шара қолданбаса науқас жазым болуы да мүмкін.
несеп жолы белгілері
несеп жиілейді, қыстайды, несеп жолы шаншиды, ашиды, кейде несепке қан араласқанын жай көзбен немесе микроскоп арқылы байқауға болады. Қуық түбі безінің ткандары қанталап, ежептәуір ісініп, несеп жолының қуық түбі безінен өтетін бөлігін басып қалатындықтан, қуық мойыны кептеліп, несеп жолы бір сәтке тосылады да, несеп жанға батып, сыздықтап келеді, кейде қуық тұтылады.
шат белгілері
ұма мен анус аралығы шат деп аталады, қуық түбі безі шұғыл қабынғанда шат солқылдап ауырады, шыбық, бел, шап сыздайды. өте-мөте тік ішек пен анус маңы ауық-ауық солқылдап ауырып, жанға батады, тіпті науқас үлкен дәретке отырудан жүрексінеді. Жыныстық қатынас үстінде, шыбық қатайған жане шауһат бөлінген сәттерде науқас ерекше қатты ауырсынады.
Емдеу шаралары
қозғалмай жатып дем алу, көп су ішу керек. Бұл дененің имунитет қуатын арттырып қалмастан, көп су ішіп, қайта-қайта дәрет сындыру арқылы вирус-бактериялардың мөлшерін азайтып, антибиотик дәрілерді жедел ерітіп, емдеу өнімін жоғарылатуға да болады.
еритромицин, линкомицин, амписиллин сияқты сезімтал антибиотик дәрілер арқылы аурудың бетін дереу қайтаруға болады.
Созылмалы түрі
Қуық түбі безінің созылмалы қабынуы : қуық түбінің бактерия, микоплазма сияқты қоздырғыштармен инфекциялануы немесе инфекция емес себептердің тітіркендіруі арқылы қабынуы болып табылады. Қуық түбі безінің созылмалы қабынуы әр адамда әр қалай белгі береді: кейбіреулердің жанына қатты батқанмен, кейбіреулерге жеңіл тиеді. Әдетте оның негізгі белгілері төмендегідей болады (бұл белгілер науқастың бойынан толық табыла бермеуі мүмкін):
несеп қалыпсызданады.
несеп жолы кейде батып кейде жеңіл ашиды немесе ауырады, науқас дәрет сындырғанда жайсызданады, несеп жиілейді, қыстайды, сарқылмайды; несеп жолы шаншиды, үлкен-кіші дәреттен кейін үрпіден ақ тамшы ағады. Әдетте, көп су ішіп, қайта-қайта дәрет сындырса бұл белгілер басыла қалады.
кіндік асты мен шат аумағы, бел-құйымшақ маңайы ауырады немесе жайсызданады.
шат аумағы мен қуық басы және анус маңайы, қасаға сүйек маңы, кіндік асты, шап бөлімі, борбай, ұма, ен сияқты орындар сыздап, ашып немесе шаншып ауырады. Әрине, бұл белгілер асқазан, өт ауруларының белгілерімен салыстырғанда көп жеңіл, дегенмен, ер адамның көңіліне қалайда үрей салатыны хақ.
жүйке жұқару белгілері пайда болады.
науқаста жүйке жүесінің қызметы бұзылуға тән ұйқы қашу, түс көбею, бас ауыру, еске сақтау қабылеті төмендеу, ой шашырау, тұла бойы дәрменсіздену, мазасыздану, жабығу сияқты белгілер пайда болады.
жыныстық қабілеті өзгеріске ұшырайды.
көптеген науқастардың жыныстық психикасы қалыпсызданады, жыныстық зауқы төмендейді, жыныстық қабілеті нашарлап, жыныстық тұрмысқа көңілі тартпайтын болады. мұның себебі: біріншіден, шыбық тұрған кезде ауырсынатындықтан, жыныстық қабілет тежелуі; екіншіден, науқастың артықша алаңдауы жыныстық қабілетке кері әсерін тигізуі мүмкін. Шындығында, бұл шақта шыбық пен еннің физиологиялық көрсеткіштері төтенше қалыпты болады.
Мұнан басқа, кей науқастардың қызуы көтеріледі, шабы тепшиді немесе шылқылдап терлейді, ұлжарағы өзгереді т.б.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?