Қу патша
Бұрынғы өткен заманда бір патшаның қаласынан күн сайын әр түрлі қазына, һәм алтын, күміс нәрселер ұрлана беретін болыпты, сол себепті патша жарлық қылыпты:
— Жеті күн, жеті түнге дейін ешкім үйінен далаға шықпасын, әркім өз үйінде болсын, түнде ешкім от, яки шам жақпасын. Кімде-кім әмірімді орындамаса, бастарын кесіп, малдарын қазынаға аламын! – деді. Патшаның жарлығы жұртқа мәлім болған соң, қаладағы адамдар еш жаққа шықпастан үйлерінде болды. Ешкім от һәм шам жақпады. Патшаның өзі әр күн түнде қолына балта алып, ешкімге білдірмей көшеде жүретін болды.
Бірнеше күннен кейін бір күні түнде патша бір бұрышта отырып көреді, үш атты адам қолдарында қылыштары бар, тура патшаның қазынасына келіп кіреді. Олар да бұрышта отырған мұны көріп, өлтіру үшін қылыштарын суырып, қасына келеді. Сонда патша өзін білдірмей:
— Мен жұрттан асқан ұры едім, осы патшаның қазынасына кірмекке талап етіп ем, бірақ жалғыз болған соң, кіре алмай тұр едім, – деді. Сонда олар:
— Біздер сені өзімізге серік қылып алар едік, бірақ сенің не қасиетің бар? – деді.
— Сендердің не қасиеттерің бар? – деп патша олардың өзінен сұрайды. Сонда бұл үш ұры:
— Біздердің қасиетіміз әр түрлі, біреуіміз он сегіз мың әлемнің тілін білеміз, біреуіміз алтын-күмістің қай жерде жатқанын білеміз,– деді. Біреуі айтты:
— Мен қараңғыда көргенімді күндіз танимын,– деп. Сонда патша:
— Менің бір қасиетім бар, – деді, – қапылыста патшаға кімде-кім жазықты боп келсе, патша дарға аспаққа әмір етсе, сонда мен басқаларға білдірмей, патшаға көзімді қысып қойсам, патша ол адамды өлтірмей жіберетін еді,– деді. Ұрылар қуанып кетіп:
— Біздің қорқатынымыз жалғыз патша еді, оған сен айла ететін болсаң, бізге серік бол, қазынаға кірейік, – деді. Сол сөзбенен төртеуі қазынаға кіріп, патшаның алтындарын алып, сол сағатта бәрі де далаға шығып кетті. Жолай үш ұры патшаға:
— Сен бізге жақсы жолдас болдың, енді біздің мекенімізді көріңіз, – деді. Патша:
—Жақсы, – деді. Сол сөзбен үш ұрының мекеніне келді. Бір жерде көп моланың ішінде үлкен тас бар екен, тасты аударып тастап, бір тегістеген жерге кіріп жүре берді. Бұлардың жер астында мекендері бар екен, жайларын көрсетіп ұры: «Қазір қолыңа бір мың ділда ал, ертең базарға барып бір ат, бір қылыш сатып алып, кешке осы жерге кел, күндіз біздер ұйықтаймыз», – деді. Патша жақсы деп мың ділданы алып, өз қаласына келеді. Қалаға келсе, патшамыз жоғалды деп, өзінің қырық уәзірі: «Мен патша боламын, мен патша боламын», – деп, ұрыс шығарып жатыр екен. Патша бұларды көріп, әрқайсысын әр жаққа қуып жіберіп, өзі таққа мініп, жиырма батырына қару-жарақтарын асындырып, баяғы үш ұрының жатқан жерін іздетіп жібереді. Батырлар барып оларды ұйықтап жатқан жерінде ұстап, байлап патшаға алып келеді. Келген соң, патшаны таныған ұрылардың бірі:
— Ойбай, түндегі біздің серігіміз патшаның өзі екен ғой, – деді. Сонда біреуі:
— Әй, тақсыр, көзіңді қысар болсаң, қысар жеріңіз келді, – деді. Сонан соң патша адам жіберіп, олардың жатқан жерінен барша қаладан ұрлап алған нәрселерін алдырып, әрқайсысын өзінің иесіне қайтарыпты. Ұрыларды да өлтірмей, бұдан кейін ұрлық жасамаймын деген уәделерін алып, қол беріпті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?