Қарашаш қыз
Ертеде бір хан болыпты, өзінің қырық қатыны бар екен. Үлкен бәйбішесі бір күндері екіқабат болады. Ханның өзі бір жаққа жол жүруге сайланып, орнына қалдырған уәзіріне айтады: «Осы қатынымнан қыз туса, ол қызды өлтір де басын өзіме алып қойып, келгенімде көрсет, ұл тапса, алдымнан сүйінші сұрап шық», – деді. Хан сапарға шығып кетеді.
Бірнеше күндерден соң бәйбішесі босанып, қыз туыпты. Ханның тапсырған уәзірі қызды айдалаға апарып өлтір деп, бір адаммен жіберіпті. Ол адамына жолда бір қу кемпір жолығады, бұл қызды өлтіруге апаратынын білген соң, оған айтады: «Сен бұл қызды тектен-тек өлтірме, онан да маған бер, мен жеті қабат жер астына салып асырайын», – дейді. Әлгі адам кемпірдің мұнысы да дұрыс екен деп, қызды беріп қоя берді.
Хан кеткен сапарынан еліне қайтып, қатынының қыз тапқанын есіткен соң, баяғы орнына қалдырған уәзірін шақырып сұрайды: «Ол қыз қайда, өлтірдің бе?», – деп. Уәзір айтады: «Жоқ өлтірмедік, өлтіруге жіберген адамыма бір қу кемпір жолығып, бұл қызды өлтірме, мен адамға көрсетпей, жер астына салып асырайын деп алып кетіпті». Хан мұнан соң ел-жұртын жинап, халқына айтады: «Менің сол қызымды кімде-кім тауып өлтірсе, мен оған алтын тағымды беремін», – деп. Ешкім өлтіруге талап қылып шықпайды. Ханның өзінің жалғыз бір ұлы бар еді. Сол ұлы тұрып айтады: «Мен өлтірейін», – деп. Хан баласын бір ақ боз атқа мінгізіп, әдемі киімдер киіндіріп, айтады: «Қарындасыңды тауып өлтіріп, басын маған алып келіп көрсет, өлтіріп басын әкелмесең, онда өзіңді өлтіремін», – деп.
Бұл жігіт бірнеше күндер іздеп, ақырында баяғы қу кемпірдің үйіне келіп, онан тіке сұрайды: «Сізде асырауға берген бір қарындасым бар еді, соны өзіме қайтып беріңіз», – деп. Кемпір балаға айтады: «Тұра-тұр, қарындасың жеті қабат жер астында еді, аты - Қарашаш, алып келейін», – деп кетті де қалды. Бірнеше уақыттан соң Қарашашты кемпір алып келеді, өзі әдемі, сұлу, жақсы болып өскен екен. Ағасы кемпірмен қоштасып, Қарашашты алып қайтады. Жолда әкесінің айтқанын қылып өлтірейін десе, қимайды, ойлайды: «Қой, тектен-тек өлтіріп, мен мұның обалына қалмайын, бір теңін тауып қосайын», – деді де бір жерлерге келіп, қосын тігеді. Ағасы отын жиып келейін деп, қыр астына кетсе, қарындасының қасына бір қалмақ жігіт келеді. Бұған қыз көңілі кетіп, асық болып, қалмақты сандыққа салып жасырып тастайды. Ағасы отын алып үйіне қайтады, қарындасының ешбір ісін сезбейді, құлан мен киік атып келіп, сонымен қорек етіп, сол жерде мекендеп тұра беріпті.
Біраз замандар өткен соң, Қарашаш жерік болады, бір күндері ағасына айтады: «Маған таутайлақтың сүтін тауып әкеліп бер», – деп, ағасына жылап жалынады. Ағасы қарындасын қимай, таутайлақты іздеп кетеді. Көп машақат етіп, ақырында бұл жігіт таутайлақты тауып, Құдай тағаланың жәрдемімен ұстап алып, сүтін сауып, ыдысқа құйып алып, қосына қайтады. Мұның аман қайтып келе жатқанын қалмақ жігіт көреді де: «Ағаң өлместен, аман-сау келе жатыр екен», – деп Қарашашқа айтады. «Енді сен оны пілдің сүтін іздетіп жібер», – деп үйретеді. Үйіне келіп ағасы қарындасына таутайлақтың сүтін береді. Ал Қарашаш бұл сүтті төгіп тастап, бөтен сүт керек деп, ағасын пілдің сүтін сауып әкеліп бер деп, тағы да ұзақ сапарға жібереді. Ағасы іздеп кетеді, пілді тауып, сүтін сауып алайын десе, піл өзіне ұмтылады. Сонда бұл жігіт налып, Құдайға сыйынады. Құдай тағала дұғасын қабыл етіп, сол жерде піл өз-өзінің ашуын басып, сүттің ғана керектігін біліп, талтиып тұра қалады. Жігіт сүтін сауып алып, қосына қайтады. Қалмақ жігіт тағы аман-сау келе жатқанын көріп, Қарашашқа айтады: «Ағаң тағы аман-сау, тірі келеді ғой, енді сен оны қара қасқа атты қыз батырға жібер, сол мұны өлтірмесе, менің оған ешбір айлам қалмады», – деп. Қарашаш тағы алдап, ағасын қара қасқа атты қыз батырға жібереді. Жігіт қарындасын қимағаннан тағы да қыз батырды іздеп кетеді. Көп іздеп, машақатпен тауып алады, қыз батыр ат үстінде жүр екен, көрген жерден-ақ жігітке ұмтылады, жігіт те қарсы тұра қалып, екеуі ат үстінде алысып, жігіт ақырында қыз батырды аттан аударып жерге жығып, өлтірейін деп жатқанда, қыздың төбесіндегі өріп қойған шашын көріп, мұның қыз екені сонда ғана есіне түседі де өлтірмейді. Екеуі сөйлесіп жөн сұраса, ол қыз сол жігіттің өзінің жас күнінде айттырған қалыңдығы екен. Мұнан соң қыз батыр күйеуін үйіне ертіп әкеліп, қонақ қылып сыйлайды.
Мұнда бұл жігіт үш күн жатып, қайтайын деген соң, қыз батыр күйеуіне сыйға қара қасқа атты мінгізіп қайтарып жібереді. Бұл жігіттің қара қасқа атқа мініп, аман-сау, тірі келе жатқанын қалмақ шығып көреді де Қарашашқа айтады: «Енді менің ағаңды өлтіруге ешбір ақыл-айлам қалмады, өзің бірдеме қылып ағаңды өлтірмесең болмас», – деді. Ағасы қосқа таяна бергенде, Қарашаш қалмақты сандыққа салып қойып, ағасы келіп отырған соң, біраздан кейін ағасына айтады: «Кел, аға, асық ойнайык, ұпай салып, ұпай алысайық», – деп. Екеуі біраз ойнаған соң, Қарашаш ағасына он ұпай салып: «Енді ұпайымды бер, ойнамаймын», – дейді. — Ұпайым үшін қолыңды артыңа біріктіріп байлаймын, соны өзің шешсең болар, – дейді. Ағасы бұған көпке шейін көнбейді. Сонда Қарашаш: «О дүниеде, қияметте аламын да, бұл дүниеде бермесең», – деп ішінен күңкілдепті. Ағасы сонда тұрып: «Шырағым, қиямет деген киын сөз еді, айтқаның-ақ болсын, тілегеніңше қолымды артыма байластыр», – дейді де орнынан түрегеліп, қолын даярлапты, Қарашаш мықтап тұрып ағасының екі қолын біріктіріп, қайыспен артына байлайды да «енді үзіп кете бер» депті. Ағасы біраз бұлқынып еді, қанша бұлқынса да үзетін болмады. Қайыс созыла берді, үзілетін көрінбеді. Сонда Қарашаш сандықтан қалмақ тамырын шығарып алып, қолына ағасының қылышын беріп, «енді мықтап шап» деді. Қалмақ сол қылышпен жігітті екі бөліп шауып тастады. Мұнан соң қыз Қарашаш ағасын екі қоржынның басына салып, қара қасқа атқа теңдеп, «қайда барсаң, сонда бар» деп, бір салып қоя берді. Қара қасқа ат баяғы өзінің үйренген жеріне қыз батырдың үйіне келді. Қыз теңделген қоржынды көріп, батырдың жіберген сәлемдемелері екен ғой деп, қоржынды алып, үйге келіп, аузын шешіп қараса, екі басында шабылған күйі батырдың өзін көріп, есінен танып, өзі сол жерде жығылыпты. Біраздан соң есін жиып алып, өзіне келген соң қыз батыр мықты Құдайға, пірлеріне, бабаларына сиынып дұға қылып, күйеуінің жараларына түрлі ақ дәрілер жағып, Құдай жәрдемімен күйеуін тірілтіп алады.
Жігіт бұл қыз батырды отаумен ұзатып ырғап-жырғап алып, бағанағы қарындасы Қарашаш пен қалмақтың қосының үстіне келіп, олардың екеуін де тірілей ұстап алып, шауып өлтіріп, қарындасының басын үйіне алып қайтып, әкесіне тапсырып, көңілін бітіріп, сөйтіп алтын таққа мініп, қыз батырмен бірге патшалық құрып, барша мұраты басына жетіп, бірнеше заман дәурен сүріп тұрыпты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?