Нағыз ханша
Ерте, ерте, ертеде бір ханзада болған екен, оның қайтсем де ханшаға үйленем деген асыл арманы бар көрінеді, тек нағыз ханшаға. Міне, ол сол себепті дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп шығады, алайда өзі ойлағандай ешкім ұшыраспайды. Ханша дегендерің толып жатыр, бірақ нағыз ханша ма екен солар?! Осы арасын біле алмай, ол арып-ашып еліне оралады, – нағыз ханша қолға ұстатпас асылдай ынтықтыра түседі.
Бірде іңірде күн райы кілт өзгеріп, тау-тасты жаңғырықтырып күн күркіреп, найзағай ойнап, жаңбыр шелектеп құйды. Бұл неткен сұмдық!
Кенет қаланың қақпасы сарт-сарт қағылды, кәрі корольдің өзі шықты.
Қақпа алдында бейтаныс ханша тұр еді. Құдайым-ау, оның сиқы не болып кеткен! Жалбыраған шашынан, малмандай көйлегінен сорғалаған су кебісіне құйылып, асып төгіліп жатыр, сол түріне қарамай, нағыз ханшамын деп қоймайды өзі.
«Оны біз әлі біле жатармыз!» деп ойлады да кәрі ханым ләм деместен жатар бөлмеге беттеді. Барған бойда бар төсеніштер мен көрпе-жастықты алып тастап, төсектің тақтайын жалаңаштап, оған бір түйір бұршақ дәнін қойып, осының үстіне қабаттап жиырма көрпе, жиырма құс төсек салды.
Осы салынған төсекке ханшаны жатқызды.
Ертесіне одан қалай ұйықтап тұрдың деп сұрады.
– Ах, айта көрмеңіз өте нашар! – деп ханша безек қақты. Тіпті көз ілмедім десе де болар! Бұл неғылған төсек екенін бір құдайдың өзі білсін! Әйтеуір, бір қатты заттың үстінде жатып шықтым, өне бойым көкпеңбек болып қалған шығар! Қырсық деп осыны айт!
Міне, осы арада оның нағыз ханша екеніне ешкімнің шүбәсі қалмады. Қырық қабат көрпе астындағы бұршақ дәнінің қаттылығын сезу – тек асыл туған текті бекзаттарға ғана тән болса керек.
Қалыңдық іздеп шарқ ұрған ханзадамыз оған үйленді. Енді ол өзінің нағыз ханшаға үйленгеніне сенімді. Ал бір түйір бұршақты музейге жіберді, әлдекім ұрлап кетпесе ол әлі сонда жатқан болу керек.
Ханзаданың үйлену тарихы, міне, осындай!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?