Қойшы мен бай
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді. Бай іздейді, бірақ таба алмайды.
Қойшы бірнеше күн жүрген соң, бір ауылдың шетіндегі бір кішкене үйге қонайын деп кіреді. Үйде қарт пен кемпір тұрады екен, үйі әрі тар, әрі кішкентай көрінеді.
— Ата, өте алыстан келемін, қонуға бола ма?–деп қойшы рұқсат сұрайды.
— Үйіміз тар, өзіміз шақ отырмыз. Бұдан басқа бір кең үйім бар еді, онда қазір «шайтандар» бар. Қысы-жазы содан шықпайды, жазда пішенімді шауып береді, қызметімді бітіреді, ал қыста қарымды күрейді. Күнде «Қызмет тауып бер» деп мазамды алады. Басқа бір үйге қон, шырағым, – дейді, шал күрсініп.
— Атеке, ол үйіңе мен жатайын, талай рет «шайтанмен» жолдас болғанмын, – дейді қойшы. Қарт қойшыны шайтан бар деген үйіне кіргізеді.
Қойшы үйдің төріне жата бергенде, шайтандар қойшыны қоршап алып:
— Қызмет бер, қызмет бер,– деп маза бермейді. Қойшы барлығына бұйрық беріп:
— Таң атқанша терезенің алдына бір үлкен үй тұрғызыңдар, үйдің алды көл болып, жүзген қаздары, айнала өскен ағаштары болсын,– дейді.
Шайтандар түн ортасы болмай-ақ қойшының тапсырмасын орындап, тағы да маза бермейді. Қойшы мазасын ала берген соң, барлық шайтандарды жинап:
— Кәне, барлығың қой болып мына пештің ішіне кіріңдер де үндемей жата қалыңдар,–дейді. Шайтандар пештің ішіне кірген соң пештің аузын да, төбесін де үлкен таспенен қойшы бітеп қояды. Шайтандар шыға алмай:
— Тұра тұр бәлем, қой баққаныңда бір кездесерміз,–деп ұйқыға кіріседі.
Таң атқан соң қойшы шалмен қоштасып, жолға шығады.
Қойшы бірнеше күндер жол жүріп туған еліне келеді. Әкесі-шешесі қуанып той жасайды. Бірақ кедейліктен қойшы сол жердегі бір байдың қойын қыста далаға бағып шығуға екі қозылы қой, бір қайыс етік, бір шекпен киімге жалданады.
Күндерде бір күні қойшы қойларды қар астындағы тебінде жайып жүрсе, баяғы бекітіп кеткен шайтандары келіп, қойшымен амандаса кетеді. Қойшы бір құшақ қамысты алып өртей бастайды.
Шайтандар қорқып:
— Ойбай, не істеп жатырсың?–дейді.
Қойшы:
— Сендерді алтындарыңды тауып бермейді деп, өртейін деп жатырмын,–дейді. Зәресі кеткен шайтандар «Ойбай, өлтірме, қазір алтындарымызды әкеліп берейік», – деп жалына бастайды.
Қойшы отты сөндіре қояды. Көп кешікпей шайтандар алтындарын қойшыға алып кеп береді. Қойшы алтынды алып шайтандармен «қош» айтысады.
Қойшы алтынды даладағы бір иесіз үйге сақтап, байға жұдырықтайын әкеліп көрсетеді. Өмірінде алтын көрмеген бай қойшыға:
— Маған алтыныңды сат,–дейді. Қойшы:
— 400 қойға ал, – дейді. Бай қойын беріп, алтынды алады. Екінші күні әуелгіден көбірек алтын әкеліп, байға тағы көрсетеді. Бай оны да қойшымен келісіп жалғыз арғымағына алады. Үшінші күні қойшы бір торсық алтын әкеліп көрсетеді. Бай бұл алтынды жалғыз қызына сатып алып, қойшыны өз алдына отаулап шығарады.
Күндерде бір күні қыс өтіп, жаз да шығады. Қойшы байдан тиесілі қойларын, заттарын алып, қалған алтынын, алтынға алған қойларын алып өз алдына үй-жай болыл шаруашылық құрады. Үрейі ұшқан бай қойшыдан қорқып, іргесін аулақтай береді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?