Биология | Ревматизм
Ревматизм.
Ревматизм-созылмалы инфекциялық - аллергиялық ауру. Бұл аурумен көбінесе 7-15 жас аралығындағы балалар ауырады. Ревматизм адамзатқа көптен белгілі: Гиппократтың жазбаларында ревматизмнің симптомдары келтірілген жазулар, емдеу жолдары туралы деректер бар.
Аурудың себебі-инфекциялық фактор- «А» группасының гемолитикалық стрептоккогі. Ревматизм көбіне баспадан, созылмалы тонзилиттің асқынуынан 10-12 күннен кейін басталады да организмдегі дәнекер тканін зақымдайды.
Клиникасы: Ауру баланың жалпы жағдайының баяу бұзылуынан басталады. Ревматизм болған баланың жүрегі эндокардит, миокардит түрінде зақымданады: баланың жүрегі шаншып ауырады, жүрек көлемі үлкейеді, жүрек соғуы жиілейді, тыңдағанда шу естіледі, бала тез жүргенде, баспалдақтан көтерілгенде шаршағыш болады. Эндокардиттің салдарынан тулғаннан кейін бітетін ақаулары пайда болуы мүмкін. Әсіресе митральды, аортальды ақаулар.
Ревматизм кезінде буындардың зақымдануы екі түрде өтеді: ревматикалық артриттер және артралгиялар.
Ревматикалық артрит болғанда зақымданған буында қабынудың барлық белгілері айқындалады: буынның ісінуі, қызаруы, ауырсынуы, қызметінің бұзылуы, жергілікті температураның пайда болуы.
Ревматикалық артриттердің ерекшеліктері:
Үлкен буындар қабынады: шынтақ, иық, тізе т.с.с.
Процесс бір буыннан екінші буынға көшіп тұрады.
Буынның қабынуы тарқағанда оның қызметі толық орнына келеді.
Ревматикалық артралгия болған кезде буын қақсап қатты ауырсынады,бірақ өзгермейді.
Ревматизммен ауырған баланың орталық жүйке жүйесі де жиі зақымданады. Бұл энцефалитті «кіші хорея» деп атайды. Ауру баяу басталады: бала мазасыз, жылаңқы, тез өкпелегіш болады, жазуы нашарлайды, жүрісі өзгереді, бет-аузын себепсіз тыржыңдатады, тамақ ішкенде төгіп-шашады, түймесін сала алмайды. Баланың бұл қылықтарының негізінде кейбір бұлшық еттердің еріксіз қысқаруы-гиперкинездер жатыр. Сондықтан бала өз қимылын бақылай алмайды. Сонымен қатар бұлшық еттердің тонусы төмендеген-гипотония.
Ревматизмнің өтуі екі кезеңге бөлінеді:
1. Белсенді кезең-ревматизмнің бар клиникасының айқындалған кезеңі-ревматизмнің атакасы.
2. Белсенсіз кезең-ревматизмнің ремиссиясы. Бұл кезеңнің өзінде бала ауруынан толық айықпайды, организмде стрептококктар сақталады.
Диагнозды айқындау үшін:
Анамнезді дұрыс жинау керек.
Аурудың клиникалық симптомдарын іздестіру.
ЭКГ, ФКГ, УЗИ өткізу.
Лабораторлық зерттеулер: қанның және несептің жалпы анализдері, қанның биохимиялық анализі (ревмапробалар).
Ревматизмнің емделуі ұзақ этапты өткізіледі.
1. этап-баланы арнайы ревматологиялық бөлімшеде емдеу. Мақсаты-ревмтизмнің атакасын тоқтату.
2. этап-жергілікті ревматалогиялық санаторийлерде емдеу. Мақсаты-ауруды толық ремиссияға жеткізу.
3. этап-балалар емханасында.Ревматолог пен педиатр диспансерлік бақылауға алып екіншілік алдын-алу өткізеді.
Ауруханада бала 1,5- 2 ай емделеді: 2-3 жұма балаға төсек режимі тағайындалады, сонан кейін режим еппен кеңейтіледі. Тамағы баланың жасына сай, егер бала ісініп, қан тамырлар жүйесінің жұмысы бұзылса оларға ас тұзы және су азайтылады.
Дәрілік емдеу:
Антибактериалдық ем-пенициллин 2 жұма бойы баланың жасына сәйкес егіледі, онан кейін бициллин 1 айда 1 рет жыл бойы тағайындалады. Бициллин қанда ұзақ сақталатын пенициллин түрі.
Арнайы гипосенсибилизациялаушы ем-салацил қышқылы препараттарымен өткізіледі: аспирин, анальгин, амидопирин 3-4 апта.
Витаминді терапия.
Антигистаминді препараттар-супрастин, тавегил, пипольфен т.б.
Өте ауыр өткен жағдайда-гармондар.
Жүрек гликозидтері-строфантин, коргликон.
Миокардтың жұмысын жақсартатын дәрілер-ККБ, АТФ, рибоксин.
«Хорея» болып ауырған балаларға бром препараттары, люминал, седуксен беріледі.
Артрит болған балаға парафин, озокерит тағайындалады.
Бала жазыла келе емдік дене шынықтыру тағайындалады.
Ревматизмнің профилактикасы біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.
Біріншілік профилактиканың мақсаты-ревматизмді болдырмау. Ол үшін балаларды жақсы, құнарлы тамақтармен тамақтандыру, жасына қарай денесін шынықтыру, күн тәртібін сақтауы керек. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік есепке алып емдеу керек. Әсіресе баспамен жиі ауыратын, созылмалы тонзилиті, кариесті тісі бар балаларды сауықтыру керек.
Екіншілік профилактиканың мақсаты-ревматизмі бар балаларды есепке алып, оны аурудың қайталануынан (атакасынан) сақтандыру. Диспансерлік есепте ревматизммен тұрған балалар жылына екі рет лабораторлық-клиникалық тексеруден өтеді: қанның жалпы және биохимиялық анализі, несептің жалпы анализі, стоматолог пен ЛОР-дәрігерінің тексеруі, ЭКГ, ФКГ, емхананың ревматологының тексеруі. Сонан кейін рецидивке қарсы ем алады-аспирин, аскарутин, поливитаминдер 10 күн, бициллин егіледі. Бұл емдік шаралар күз, көктем айларында тағайындалады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?