Есек пен саршұнақ

 Есек пен саршұнақ

Бір күні саршұнақ бақшаға кіреді де өсіп тұрған көкөністің әптер-тәптерін шығарып бүлдіреді. Бақшашы ұстап алыпты да сілейте сабапты. Сарышұнақ есінен танып қалыпты. Бақшашы оны өлдіге санап, қоршаудың сыртына лақтырып тастапты. Есеңгіреп жатқан сарышұнақ аздан кейін есін жинайды да сүйретіліп барып, шалғынның арасына еніп кетіпті. Сол арада біраз тыныққаннан кейін, орнынан тұрып, арғы жақтағы тоғайға барыпты. Сол жерде оның қиыспас досы, қасқыр, тұрады екен.

Сүйретіліп барып, қасқырдың апанына кірген соң, саршұнақ өзінің көрген қорлығын айтып, таяқ зардабынан оңалғанша, қасқырдың апанына паналай тұруды өтініпті.

Қасқыр досының бұл тілегін қабылдап, бір бұрышқа жатқызып қояды да өзі қонағын тамақтандыру үшін жем іздеп кетеді. Айналаны түгіл шолып шығады, ештеңе таба алмайды. Апанына бос сопиып, бос қайтады қамығып. Досының бұл кейпін көрген соң саршұнақ

– Досым, бері қара, – дейді көңілін аулап. – Осы маңдағы бір ауылда саяқ жүретін маған таныс бір есек бар. Мен жорғалап болса да соған барайын да осы араға ертіп келейін. Сен осында тоса тұр. Екеуімізге сол есектің еті бір аптаға жетер.

– Ой, досым-ай, мұның қандай жақсы ақыл, – дейді қасқыр қуанып. – Қысылтаяңда сүйеніш болар нағыз досым екенсің ғой. Тезірек барып келерсің.

Сарышұнақ сүйретіліп апаннан шығады да әлгі өзі көріп жүрген есекті іздеп кетеді. Ауылға таяп келсе, есек ауылдың сырт жағындағы тақырдың шөбін түртінектеп, жайылып жүр екен.

– О, досым, – дейді, саршұнақ қасына жетіп барып, – бұның не? Байқаймын, бұл арадан сен аузың толып шөп жей алмайтын түрің бар ғой. Шөпшек теріп жүргенің қалай? Білмеуші ме ең? Анау тоғайдың арасында балауса шалғын жайқалып тұрған жоқ па? Жүр, мен сол араға ертіп барайын. Шалғынға малтығып жүресің. Аз күннен кейін қарның қампиып, балықтай болып семіріп шыға келесің. Мына жерден не жеп жүрсің? Түріңді көріп, жаным ашиды, тарамысыңа ілініп, тыртиып тұрсың. Сүйегің сорайған ап- арықсың.

Молшылықты естіген соң, есектің аузынан сілекейі ағып, саршұнақтың айтқанына көнеді де шалғынды жерге бармақ болады. Сөйтіп, саршұнаққа ілесіп жүре береді.

Біраз жерге барған соң, таяқтың зардабынан әлі кетіп, қалжыраған саршұнақ өзінің шаршағанын айтып, есектің жотасына мінгізіп алуынды өтінді. Жұдырықтай тышқанға жаны ашыған есек сол арада саршұнақты арқасына мінгізеді де әрі қарай жорғалап жүре береді. Тоғайға жақындау бір төбенің басына шыққан кезде, қарсы алдындағы шалғынның арасында көкжал қасқырдың жүргенін байқап қалады. Сол жерде жүрісін тоқтатып:

– Қап, әттеген-ай! – деп, өкінеді есек қамығып. – Ауылға барып қайтпасам, болмады.

– Неге, не бітіресің? – деп, сұрайды саршұнақ таңданып.

– Әке-шешемнің мұраға қалдырған мүлкін үйге тастап кетіппін, – дейді есек. – Алыс жолға шыққанда, қауіптен қорғайтын қасиетті зат еді. Соны алып жүруім керек.

Осыны айтады да жалт бұрылып, ауылға қарай шапқылай жөнеледі. Жолда келе жатып, әкесі өлерінің алдында қайда жүрсең де әрқашан тастамай алып жүр, қауіп-қатерден сақтайды деп, беріп кеткен мүлікті алмай, шалғынға бармайтынын айтады.

Сол бетімен ауылға келген соң, есек ышқына ақырып қоя береді. Оның ащы даусынан шошып оянған ауыл иттері өре тұрып, шулай үріседі. Осы айқай-сүреңнен есі шыққан саршұнақ есектің жотасынан секіріп түсіп, жан сақтайтын тесік іздей бастайды. Бірақ жасырынып үлгере алмайды, иттер тарпа бас салып, түте-түтесін шығарады.

«Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген сөз содан қалыпты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 423



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?