Менің Отаным-Қазақстан

 Менің Отаным-Қазақстан

№103 жалпы орта мектебінің

4 «В» сынып оқушысы

Әбдіқалық Айсәуле
Менің Отаным-Қазақстан. Мен өзімнің қазақ елінде туғанымды мақтанышпен айта аламын. Қазақ елі өте бай және тәуелсіз ел. Қазақстанда мерекелер өте көп болады. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз еліміздің көркеюіне үлкен үлес қосқан. Мен президенттің осындай адам болғанына қуанамын.

Астана-біздің елордамыз. Астанада көптеген биік-биік әдемі ғимараттар бар. Барлығына таныс: Бәйтерек, Ханшатыр, Ақорда, Пирамида. Бәйтерек-Астананың символы. Бәйтеректің басында елбасымыздың қолтаңбасы бар. Мен Астанада болғанда, «Бәйтерекке» шықтым. Ондағы елбасымыздың қолтаңбасына қолымды қойып, әнұран шырқалғанда ерекше сезімде болдым.Бәйтеректің биіктігі-97 метр. Өйткені 1997 жылы Астананың негізі қаланған. Астананың ең бірінші аты-Целиноград, кейін –Ақмола болып өзгертілген. Ал 1997 жылы 16-шілдеде елбасының жарлығымен Астана деген ат берілді.

Қазақстанның барлық қалаларының өзіндік ерекшелігі бар. Атырауда мұнай бар. Мұнайдан түрлі жанар-жағар майлар алынады. Онсыз көліктер жүрмейді. Ал көліктер жүрмесе адамдар ешқайда бара алмай қалады. Қарағанды қаласында көмір өндіріледі.Көмірсіз үй жылымайды. Көмірді алғаш тапқан адам-Апақ Байжанов. Мен Шымқалада тұрамын. Шымкент ең ыстық өлке. Біздің қаламыз өте әдемі, онда барлығы бар. Табиғаты тамаша, ауасы таза.

Қазақстан

Бұл менің ғажап елім,

Мәңгілік қазақ елім

Жарқырап жайнай берші,

Байлыққа бастар елім.

Мен Отанымды мәңгілікке сүйіп өтемін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 554



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?