Менің жазғы демалысым
№ 101 мектеп-лицейдің 2 «А» сынып оқушысы
Болат Айсұлтан Досханұлы
Сынып жетекшісі Кушанова Индира Кенесовна
Болат Айсұлтан Досханұлы
Сынып жетекшісі Кушанова Индира Кенесовна
Менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді. Жазғы демалысымызда әжем тәтем екеумізді көптеген қалаларға алып барады. Біздің саяхатымыз осылай басталады. Біз барған қаланың ең әуелі мұражайымен, кітапханасымен танысамыз. Сол қаланың тарихы жайлы әжеміз бізге әңгімелеп береді. Содан соң кітап дүкеніне барып, түрлі қызықты кітаптарды сатып аламыз. Біз Маңғыстау облысы Ақтау қаласына барып, Каспий теңізін көрдік. Теңіз жағалауында аққулар өз топтарымен жүзіп жүр. Ақтау қаласының сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол жерге жан жақтан туристер көптеп келеді екен. Демалысымыздың соңғы бөлігінде әжем бізді ауылға алып барады. Қайнаған жұмыс осы ауылда екен. Ауылдың табиғаты өте керемет. Таза ауа, қаладағыдай көп көлік жоқ. Мен атаммен малдарды жайғаймын, ал тәтем әжеммен сиыр сауып үйренеді. Кеш құрым ауылдағы достарымызбен түрлі қызықты ойындар ойнаймыз. Міне біз үшін ұмытылмас жазғы демалысымыз осылай өтеді.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?