Мұхтар Шаханов (Біз қазақтың екі ақыны біргеміз)

 Мұхтар Шаханов (Біз қазақтың екі ақыны біргеміз)

Олжас Сүлейменовке

Біз қазақтың екі ақыны әрқашан да біргеміз
Түрлі сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде
Бүлінген жоқ іргеміз.
Бірімізді екіншіміз ылғи қолдап жүргеміз.
Біз қазақтың екі ақыны әрқашан да біргеміз.
Көзі тірі пайғамбар жоқ, даңқы шырқап өскенмен
Пайғамбардың барлығы да өз жеріне кеш келген.
Бұлт құрсамай тұрар кезі өте сирек Айдың да
Ал сен туған мекеніңе терең тамыр жайдың да
Айналдың зор айбынға,
Міне содан өрбіп жатыр бақытың да, қайғың да.
Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде
Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге,
Баба түркі сөз төркінін ыждағатпен қопардың,
Семейдің зор қасіретін әйгіледің әлемге
Сөйтіп Абай, Шәкәрімнің аруағынан бата алдың.
Мен Аралдың, Желтоқсанның
мұң-зарына болысып
Қыран таулы қырғыздардың ел ақыны атандым...
Ешкім бізді өгей ұлы дей алмайды Отанның.
Елден алған, жерден алған жырларының қуатын
Жолың болғай, ғасырының үні болған ұлы ақын!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. abat nurgaliev
    abat nurgaliev 16.03.2019 13:39
    0 + 1 -
    Өз тілінде сөйлемеген, ойламаған еш адам, Өз ұлтының патриоты болған емес ешқашан! Бұл өмірдің заңы емес пе, жан аға?! Олжастардай тайғақтарға нақ сенуге бола ма?