Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқуда жаңа технологияларды қолдану әдістері

 Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқуда жаңа технологияларды қолдану әдістері

Ж.Аймауытов пен А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерін саралағанда,
олардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдар бір-бірімен ұштасып жататынын байқаймыз.
Мәселен, Ж.Аймауытов балаға тілді үйрету үшін төмендегі шарттарды белгілейді:
1)Басқа пәндерден тіл оқуында айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек
етсін; 2) Жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс
болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, кейін сол нәрсе туралы
сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін; 3) Баланы тілдің әр түріне
машықтандырғанда, белгілі жүйе қолданылсын.Жазу, оқу, тыңдау, сөйлеуден соң келеді,
соңғылары тәжірибеден соң келеді.Сондықтан әуелі бала көрген- білгені туралы әңгіме
құрып, кейін оқуға, жазуға үйретілсін; 4)Бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп,
сонан кейін үлгілі сөздерге еліктеуге мүмкіндік берілсін; 5) Әңгіме үшін берілетін мағлұмат
кітаптағы даяр заттар бола бермей, баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен
алынсын.Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын.
Ал А.Байтұрсыновтың «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді
тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі-оның білімінің, шеберлігінің керек
орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар
қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты
әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек»,-
дейді.
Ағартушы ғалымдардың еңбектерін оқи келе, А.Байтұрсынов пен Ж.Аймауытовтың
бүгінгі күн тәртібіндегі жан-жақты дамыған, шығармашыл, өркениетті, заман талабына сай,
іскер, азаматтық қасиеті мол, дүниелік білімді меңгерген тұлға қалыптастыру міндетін ғасыр
бұрын сезіп, мақсат,міндетті дөп басып аңғарғанын байқадық.Себебі, оқытудың жаңа
технологиясы аталып жүрген дамыта оқыту, деңгейлік саралап оқыту, шығармашылық
қабілеттерін дамыту жолдары педагог-ғалымдарымыздың еңбектерінде бұдан 70 жыл бұрын
айтылғанын айқын аңғаруға болады.
«Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі» демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты саясатының
бірі.Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту
жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік
жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан
ұйымдастыру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-
тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық,
ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу-XXI ғасырдың басты талабы.Бүгінгі таңда
жаңа технологияларды сабақтарда тиімді қолдану мақсатқа жетудің басты құралы болып
табылады.Осындай технологиялардың бірі –сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.Оқу мен
жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту-шыңдалған ойлау, кез- келген даму деңгейіне

байланысты мәселелерге сын көзбен қарау, күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды,
жауапты шешім қабылдауға құштарлық, үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің
қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.Сыни тұрғыдан
ойлау технологиясы үш кезеңнен тұрады.Олар: қызығушылықты ояту, мағынаны тану,
толғаныс.Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай жетістіктерге қол жеткізеді: оқушылар
басқалармен қарым-қатынас жасай береді; басқаларды тыңдай білуге, кез-келген жауапқа
түсіністікпен қарауға үйретеді; өз ойын, пікірін топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге
баулиды; керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз
етеді; ең бастысы- оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа
қызығушылығы артып, оқушылардың белсенділігі жоғарылайды. Сабақтың бастапқы
кезеңінде оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Топтастыру» стратегиясын
қолдануға болады.Әдебиет сабақтарында бұл кезеңге тән іс-әрекеттер жазушы өмірі, оның
шығармалары туралы оқушылардың білімін нақтылауға арналады.Келесі кезең- «Мағынаны
тануда» автордың шығармасын оқыту арқылы мазмұнын меңгерту, сол арқылы идеясын
аңғарту көзделеді.8-класта әдебиеттен Ш.Айтматовтың «Найман-Ана» әңгімесін оқытуда
«Бағытталған оқу» стратегиясын қолдану тиімді.Оқушыларға проблемалық сұрақтарды
мынадай мазмұнда қоюға болады:
- Осы абзацты оқи отырып не сезіндіңіз,ойыңызға не келді?
- Қандай проблема көтерілгелі тұр?
- Әңгіме не туралы екен?
Ал жетекші сұрақтар мазмұны мынадай болып келеді:
-Әрі қарай не болады?
-Енді не болады екен?
-Сізді осы ойға жетелеген не нәрсе?
-Әңгіменің маңыздылығы туралы не ойлайсыз?
Ары қарай тағы мынадай проблемалық сұрақ қойылады: «Егер сіз Найман-Ананың орнында
болсаңыз не істейсіз және неге?» Оқушылар ары қарай жалғастырып оқыған соң, оларға
«Әңгіме қалай аяқталады деп ойлайсың?», «Әңгіме сіз ойлағандай аяқталды ма?», «Сіздің
осылай ойлауыңызға не себеп болды?» деген сұрақтар қойылады.Содан соң «Автор осы
арқылы не айтпақ болды?» деген проблемалық сұрақ беріледі.
Сабақтың келесі кезеңі «Толғаныс» сәтінде «Егер сіз автор болсаңыз әңгімені қалай аяқтаған
болар едіңіз?» деп оқушыларға шығармашылық тапсырма беру арқылы жазушылық
қабілеттерін дамытамыз.
Әдебиет сабақтарында ойлаудың төменгі деңгейі,аралық төменгі деңгейі, терең ойлау
сатысы дағдыларын қалыптастыру мақсатында Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдерін
қолдануға болады.
Ойлаудың төменгі деңгейінде ақпаратты танып білу және еске түсіру үшін жай және
нақты сұрақтар, жаттап есте сақтауды талап ететін сұрақтар қоюға үйретеміз.

Аралық төменгі деңгейінде ақпараттардың жаңа нұсқаға ауысуы, идеялар мен фактілердің,
бағалаудың ара қатынасын анықтау, қайта өзгерту, естігенін немесе оқығанын жаңғырту,
елестету сияқты әрекеттер жүзеге асырылады.Оқиғаны ойша елестету, үйренгенін, көргенін
қайта елестету арқылы көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны
бүкіл бітім-болмысымен түсіне алады.
Қолданыс.Мәселелерді тану,проблемаларды шешу, мәселелерді теңдестіру, қорыту,
қондырма сұрақтар, бір мәселені шешуге немесе әрі қарай зерттеуге, оқу немесе үйрену
кезінде күтпеген жерден кездескен себептерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Терең ойлау сатысында анализ немесе талдау әдісі бойынша жалпы түсінік пен ойлау
процесін жете түсінуінің негізінде кейбір әңгіме бөліктерін сынау.Барлық оқиғалардың
талапқа сай түсіндірілуін немесе басқа жауаптар, басқа жағдайлар арқылы дұрыс
түсіндірілуін талап етеді.
Синтез.Түпнұсқасы бірдей формаларды қайта құру, осыған сәйкес жаңа мазмұн тудырып,
мүмкіндік туғызу және нәтиже шығару.
Бағалау.Шешімге келу, түсінікті бағалау қолданысына байланысты пікір айту.Оқушының
жақсы немесе жаман, дұрыс не бұрыс деп келген пікірін қорытындылайды.Мысалы,
Ш.Айтматовтың «Найман-Ана» әңгімесін оқытуда төмендегідей сұрақ түрлерін қолдануға
болады.
-Мәңгүрт Найман –Ананың баласы емес, басқа біреу болса, қайтер еді? ( Анализ)
- Найман-Ана Мәңгүрт ұлын жуан-жуандардан ұрлап алып,еліне алып барған жағдайда не
болар еді? (Анализ)
-Мәңгүрттің кімге керегі бар? (Есте сақтау)
-Ана сезімі қандай еді? (Есте сақтау)
-Мәңгүрт бейнесі арқылы автор нені айтқысы келді? (Талдау)
№51 гимназияда 2009-20012 жылдар аралығында эксперименттен өткен
«Биоинформатика және синергетика» технологиясының «Алгоритм», «Жаттықтырғыш»,
«Лидер», «Биоинтернет» технологиялық картасын қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдануға
болады.
«Биоинтернет» картасы бойынша ұйымдастыру кезеңінен кейін «Алгоритм» картасы
бойынша үй тапсырмасы тексеріледі. Жаңа сабақты оқушылардың арасынан үш сарапшы
шығып, мұғаліммен бірге тірек-сызба арқылы түсіндіріп шығады. Содан кейін класқа бір
төмен, бір аралық, бір жоғары күрделілік шегіндегі барлығы үш тапсырма беріледі. 5 оқушы
орындап болғаннан кейін 30 секунд өткен соң, оқушылар альфа, бета, гамма тобына
бөлінеді.Альфа тобынан-3 оқушы, Бета тобынан-2 оқушы, Гамма тобынан -1 оқушы ,
барлығы 6 сарапшы шығады.Альфа тобының сарапшылары Бетаны тексереді, Бета тобының
сарапшылары Гамманы тексереді.Гамма тобының сарапшысы Гамма оқушыларының
жауаптарын тыңдайды.Оқушылар жауаптары матрица арқылы бағаланады.Тағы да үш
тапсырма беріледі. Бұл тапсырма бойынша бета-гамма топтарынан 5 оқушы орындап
болғаннан кейін 3 секунд өткен соң жұмысты тоқтату керек.Сарапшылар оқушылар

жұмыстарын тексеріп, оқушылар жауаптарының дұрыстығына қарай топтарға
ауысады.Рефлексияда I циклдың нәтижесі бойынша қай оқушымен жұмыс жасау қажеттігі
анықталады.Тағы да үш деңгейлік тапсырма беріледі.Бета мен Гамма тобы оқушыларының
63%-ы Альфа тобына ауысқанша қайталана береді.Бағалаған кезде Альфа тобында отырған
оқушыларға «5», Бета тобындағыларға-«4», Гамма тобындағыларға-«3» қойылады.
Ал әдебиет сабақтарында «Ауызша-1», «Ауызша-2» 6, «Әмбебап» технологияларын қолдану
арқылы көркем шығармаға деген қызығушылығы артып, оқу техникасы жетіледі.Оқушылар
белгіленген уақытта мәтінді оқып шығады, мазмұнын түсінеді. «Ауызша-2» картасында I
циклда өткен тақырып бойынша оқушыларға қарама-қарсы сұрақтар қойылады, матрицаға
түсіріледі.Сабақ басында мұғалім жаңа тақырып бойынша тірек сөздер жазады, 7 сөзге 30
секунд, 14 сөзге 1 минут15 секунд, 21 сөзге 2 минут 30 секунд уақыт беріледі.
Осындай тәсілдер оқушылардың көркем туындыны қабылдау, түсіну, талдау қабілеттерін
дамытады.Әсіресе өзіндік ойы, пікірін жетілдіруде де өте тиімді болып келеді.Сабақ
барысында оқушылар өздерінің,бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзбен қарай отырып, жаңа
тың идеялар туғызады.Баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.Қазақ тілін оқытуда да оқушылардың
белсенділігін арттырып, қызығушылығын оятады. Жаңа материалды қабылдауы мен есте
сақтауын дамытады.
Жаңа технология түрлерін сабақта қолдану арқылы мұғалім үнемі ізденіс үстінде болады,
жас ұрпаққа білім беруде нәтижелерге, жетістіктерге жете алады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?