Дарынды баламен жеке жұмастырды ұйымдыстыру
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз
үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек»,-дейді. Демек, ұстаздар қауымының
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымды насихаттау бағытында
интелектуалды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық қызығушылығын қолдау
мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс жасауына тура келеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең
алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның
дарындылығын дамыту»сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым
мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге
шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар
қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз
байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз
ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен
талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет,
себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке
бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты
бала деп баланың, ата-ананың,мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Қабілетті балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру біздің тәжірибемізде
төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды.
1.Жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың икемділігін,
қабілеттілігін айқындау, оларды топтарға бөлу;
2.Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау;
3.Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру;
4.Білімді бағалау,бақылау жүйелерін жетілдіру.
Шәкірттерді топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті
ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік
деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті
жоғары,орташа,төмен деп үш топқа бөлуге болады. Оқушылардың жұмысқа қабілеті деп
олардың өнімді оқу қызметімен шұғылдануын айтамыз. Жұмысқа қабілеттілік дәрежесі
оқушылардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерімен,оқуға ынтасы және іскерлігімен
анықтайды. Жұмысқа қабілттілікті арттыруда оқу дәйектілігі, оқуға құлшынысы,
денсаулық жағдайы,табандылығы,сезімталдығы, оқудың тиімді тәсілдерін қолдану тағы
басқалары елеулі роль атқарады. Жұмысқа қабілеттілігінің де жоғары,орташа,төмен
деңгейлері бар. Оқушыларды топтарға бөлу үшін мұғалімдер мен сынып жетекшілер
төмендегі бағытта жұмыстар жүргізеді:
а) оқушылардың жеке құжаттарын,мінездемесін, сынып журналын зерттеу.
Ә) оқушының сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасау,талдау.
Б) әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып шәкірттің білім
деңгейін айқындау.
В) оқушы білімін өздігінен жетілдіру іскерлігі мен дағдыларының бкастапқы деңгейін
анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу.
Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізу және жан-жақты талдау арқылы оқушылардың
икемділігін,қабілет мүмкіндіктерін айқындауға болады.
Әр мұғалім, тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы
қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Кейбір оқушылардың қабілеті ерте
ашылған гүл сияқты жұрттың бәрін, таңдандырып жарқырап көрінеді, ал екіншілерінің
мінез-құлқына, темпераментке байланысты көзге көп түсе бермейді.ал ұстаздың міндеті
оқушылардың көзге түсе бермейтін қабілетін көре білу және оны дамытуды жүзеге асыру.
Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастырудың ең басты да, негізгі формасы сабақ болып
табылады. Оқу материалын саралап оқытудың сабақ түрінде қолданылуы, негізінен,
дидактикалық материалдардың мақсаты жүйесі және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне
қарай әдістемелік тәсілдерді ұтымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қолдану
мақсатына қарай дидактикалық материалдар
ақпараттық,нұсқаушы,жаттықтырушы,аннотациялық бақылаушы болып бөлінеді.
Бұл материалдардың дені карточка-тапсырма, нұсқаушы парақтар, сызбалар тағы
басқа түрінде беріледі. Дидактикалық материалдар ауызша және жазбаша, зертханалық
және тәжірибелік,аналитикалық және графиктік сияқты танымды тапсырмаларды
орындауды көздейді. Сөйтіп дидактикалық тапсырмалар оқыту үрдісінің барлық
сатыларын қамтиды және бұл тапсырмалар жеке оқушының да, деңгейлік топтардың да
ерекшеліктері мен дайындық дәрежелерін, мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған, бұл
тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылардың өз күштеріне сенімі, білімді игеруге
деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, қабілеті,қасиеттері ашылады.
Біздің тәжірибемізде шәкірттерге берілетін шығармашылық сипаттағы
тапсырмалар сабақ үстінде негізгі бағдарламалық жұмыстар орындалып болғаннан кейін
барлық оқушыларға, яғни бүкіл сыныпқа түгел беріледі. Тапсырманы орындаған оқушыға
«өте жақсы» бағасы қойылады да, орындамаған оқушыға баға қойылмайды.
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар қабілетті шәкірттерді неғұрлым дамытуды
көздейді, сондықтан тапсырмалар мазмұны стандартты тапсырмалардан өзгеше болып
келеді. Осындай тапсырмаларды жүйелі орындату арқылы оқушылардың қабілеттерін
шыңдауға, ал кейбір көрінбей жүрген оқушылардың қабілеттерін, мүмкіндіктерін
көрсетуге мүмкіндік жасауға болады.
Қабілетті оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастырудың біздің мектебімізде
қолданылып жүрген тағы бір түрі пәнді оқып, үйретуге, шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды орындауға ерекше белсенділік көрсеткен оқушылармен жұмыстың арнайы
оқу бағдарламасын жасау барысында оқушының жеке ерекшелігі,қабілеті, ынта-ықыласы,
дайындығы, денсаулығы мұқият ескеріледі. Осындай бағдарлама бойынша жұмыс жасау
қабілеті шәкірттің мүмкіндігін тежемей оның білімге, ғылымға деген құлшынысының одан
әрі артуына жағдай жасады.
Оқушылармен жасалатын жұмыстың тағы бір түрі шәкірттердің ғылыми жұмыстармен
айналысуы. Бұл бағытта мектебімізде «Жас талап» ғылыми қоғамы құрылған. Осы
қоғамның ұйымдастыруымен лицей шәкірттері жыл сайын «Дарын» республикалық ғылыми-
практикалық орталығының бағдарламасы бағыттары бойынша ғылыми жоба жарыстарына
қатысып,әр түрлі деңгейде марапатталып келеді. Сонымен қатар облыстық, республикалық
КҒА-ң ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді.
Халықаралық ғылыми жобалар рейтингінде де лицей оқушыларының үлесі мол. Бұл
жұмыстар лицейде жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.
І кезең – наурыз, сәуір- тақырып таңдау;
ІІ кезең- мамыр- қыркүйек- тақырып бойынша зерттеу жұмысы;
ІІІ кезең- қыркүйек-қазан- ғылыми жоба жарыстарының мектепішілік кезеңі;
ІҮкезең – қазан-қараша- жұмыстарды сайыстың келесі кезеңіне ұсыну;
Ү кезең – қаңтар-ақпан- ғылыми жоба жарыстарын қорытындылау, талдау, бағалау,
ұсыныстар беру.
Шәкірттерді ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл
бөлінеді:
1. Тақырыптың ғылыми құндылығы;
2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;
3. Шешендік шеберлігі, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,
аудиторияны тартуы;
4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
5. Жұмыстың көркем безендірілуі;
Қабілетті шәкірттердің бейімділігі одан әрі дамыту, оның шығармашылық қызметін, іс-
әрекетін жетілдірудің бір түрі, оларды олимпиадаларға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру
мектеп бойынша, сондай-ақ пән мұғалімдерінің арнайы жасалынған жеке жоспары негізінде
жүргізіледі. Мектепішілік пән олимпиадасының жүлдегерлері, олимпиадаға қатысатын
үміткер оқушылар арнайы сауалнама негізінде іріктеліп мұғалімдерге бекітіліп беріледі.Бұл
оқушылармен дайындық барысы, жоспарланған жұмыстың орындау сапасы мектеп
басшылары тарапынан апта сайын тексеріледі, қорытындыланып отырылады. Тексеру
кезінде тапсырмалардың талапқа сай іріктеп алынуы, оның орындалу сапасы, пайдаланып
жүрген әдебиеттер, оның дұрыс іріктелуі, шәкірт дайындығының деңгейі, т.с.с. егжей-
тегжейлі тексеріледі.Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде оқушыларымыз
облыстық, республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып жүр.
Мектебіміздің негізгі міндеті талантты да дарынды оқушыларды ұштау, оқыту мен
тәрбиелеуді әрі қарай дамыту. Мектебімізді «Дарын» кешенді бағдарламасына сәйкес
оқушылармен жасалатын жұмыстардың жоспары жасақталып, алға қойған мақсаттар мен
міндеттер айқындалды. Осыған орай оқу жылының басында дарынды баламен жеке жұмыс
жоспары жасақтадым. Аптасына екі рет дарынды деп таңдалған баламен сабақ
өткіземін.Тапсырмалар беремін, қосымша әдебиеттерге сілтеме жасаймын.Пәндік
олимпиадаға,ғылыми жоба жазуға дайындаған оқушыларым облыс, республика көлемінде
жоғары деңгейден көрініп жүр.
2010-2011 оқу жылында Тағабердин Әлібек аудандық және облыстық «Атамекен» жас
турист-өлкетанушылар слетінде «Сөнбес жұлдыздар» бағыты бойынша «Сайын Назарбек
кемеңгер тұлға» тақырыбын қорғап І орынға ие болды.
2010-2011 оқу жылында Тағабердин Әлібек құқық негіздері бойынша республикалық
пәндік олимпиадаға қатысып «Күміс медаль» иегері болды.
2011-2012 оқу жылында Тағабердин Әлібек құқық негіздері бойынша республикалық

2011-2012 оқу жылында Ақылбеков Сағадат, Алиева Мира «Маңғыстаудың ежелгі
қалалары»тақырыбында ғылыми жоба қорғап, облыстық «Дарын» ғылыми жобаларын
сайысының ІІ орын жүлдегері болды. Сонымен қатар ҚР Кіші Ғылым Академиясының ХІІ
облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІ орын, Республикалық КҒА 38-конференциясында
ғылыми жоба бойынша І орынға ие болды.
2012-2013 оқу 10-сынып оқушысы СалиеваАйторғын «Қазақтың ұлттық киімдерінің
ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жобасын наурыз айында өткен ҚР Кіші Ғылым
Академиясының Маңғыстау облыстық филиалында қорғап, ІІ орынды иеленді.Сол жолы
Ақтөбе қаласында өтетін ҚР Кіші Ғылым Академиясының 39-конференциясына өз
ғылыми жобасын ұсынуға жолдама алған болатын. Айторғынның Ақтөбе қаласына
сапары да сәтті болып, ІІІ дәрежелі дипломмен оралды.
2013-2014 оқу жылында11-сынып оқушысы Салиева Айторғын облыстық «Дарын»
ғылыми жобалар сайысында«Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері»
тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап, жүлделі Іорынды иеленді. Сонымен қатар 10-
сынып оқушысы Жолбергенов Данияр «Бейнеудің керуен сарайлары» тақырыбында
ғылыми жобасын қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жолбергенов Данияр 2014 жылдың
18 ақпанында Алматы қаласында өтетін республикалық «Дарын» ғылыми жобалар
сайысына жолдама алды.
Оқушыларымның еңбектері республикалық ақпарат құралдары арқылы
насихатталуда.Ақылбеков Сағадаттың ғылыми жобасы республикалық «sabaktar.kz»
сайтында 25.12.2013 жылы «Ғылыми жұмыстар» категориясымен жарық көрді. Сонымен
бірге республикалық«45minut.kz» сайты ұйымдастырған «Жаңа білім- Жаңа ғасыр» атты
оқушылардың ғылыми жобаларын жариялайтын энциклопедияға енді.
Құрметті әріптестер!Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымды
насихаттау бағытында интелектуалды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық
қызығушылығын қолдау мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс жасай берейік.
БАЯНДАМА: ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ
Бала тәрбиесі –ата-ана үшін күрделі жауапты да міндет. Баланы өмірге бейімдеуде
мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен
ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
Адамгершілікадамның рухани арқауы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы қасиеттерімен
ардақталады.. Адамгершілік негізі- имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан
басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке,
инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос
қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын
кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын
үнемі сіңірумен болған.
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас
адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың
үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала
тәрбиесіне ықпалы зор.Халықтық педагогика – тәрбие жөніндегі халықтық
педагогикалық білім, тәжірибесі. Халықтық педагоиканы зерттеу нәтижесінде
педагогикалық мазмұн мен осы бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары,
этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы
тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Халықтық тәрбиенің негізгі түйіні еңбек тәрбиесі мен
өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру болып табылады.
Халықтық педагогика халық қажетіне сәйкес тәрбиенің ең адам сүйгіштік,
демократияшыл идеяларын ұсынады.
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған
өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді,
бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау
болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып,
Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын
жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке
жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ
жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп
жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық
психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың
жолдарын талдап көрсетіп берді. Мектептерде кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын
ұйымдастыруда халық шығармашылығының элементтерін пайдалану балалардың
адамгершілігін, жақсы мінез- құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі
мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда. Қазіргі замандағы мектепке
дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған
компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені аны
Кез келген бастауыш сынып жасындағы оқушы Гари Потер, Шрек, Бэмби сынды
кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық
емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар
заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде
нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала –
балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи
өсуінің қажетті алғы шарты және халықтық салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда
олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ұлт
ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға
жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде,
тәрбиелік шараларды пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан
зор екендігі сөзсіз. Халық арасында кең таралған ойынның бірі – «Сақина тастау».
«Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырыпты
пысықтағанда, сабақты қорытуға пайдалануға болады.
Бұдан басқа «Көкпар», «Бәйге», «Сиқырлы қоржын» «Асық» т.б. тәрізді түрлі
ұлттық ойындарды тәрбие сағаты барысында жаңа материалды түсіндіруге, оны қайталап
пысықтауда, бекітіп-қорыту кездерінде жарыс түрінде өткізуге болады.
Шәкірттерді жеке тұлға ретінде қалыптастыруда халықтық педегогиканың ұтымды
тұстары бар екендігі анық . Себебі, бар қуаныш, қызығын бала деп білетін халқымыз,
«баланы жастайынан» көргенді ұл, өнегелі қыз болуға, ту бастан инабатты келін, сегіз
қырлы, бір сырлы азамат тәрбиелеуді мақсат еткені аян. Үлкендердің қабағын бағып, бір
ауыз сөзінен, мегзеу, мысал, тұспал, жұмбақ, жорамалынан өмірдің сырын, істің жайын
пайымдай алатын сезімталдықты, сергектікті, болжағыштықты, аңғарымпаздықты
меңгерген. Солайша үлкенге ықылас, ілтипат танытып, кішіге мейірім, пейіл қоюда, ұя
бұзбай, отбасының ынтымақ-берекесін, ауыл-аймақтың, абырой-атағын қорғаудағы
намыскерлікті оқымай ұғып, жазбай жадында жаттап өскен. Халқымыздың басқа жұрттан
өзгешелігін, ерекшелігін мақтанышпен мадақтау, жандандыру, көркейту – елдігімізге ,
бүгінгі ұрпақтың азаматтығына сын болса керек.
Қазіргі заман білім беру жүйесі 90-жылдағылармен салыстырғанда ұлттық
педагогикаға бет бұрушылық басым екендігін атамауға болмас. Жаңа буын шығарылып
жатқан мектепке дейінгі мекемелерге арналған оқулықтарда «Талапбек» пен «Зерделі»
сынды кейіпкерлердің қазақ киімінде көрсетілуі, түрлі қазақы нақыштағы суреттер,
бейнелеу сабақтарында түрлі текеметтерді салу, жапсыру, мүсіндеуге берілген сағаттар
(әдемі қазақы оюлармен текеметтің суреті салынған) т. б ұлттық нышандар көңіл
қуантады.
Ата –анамен тығыз байланыс орнату мұғалім жұмысының маңызды бөлігі болып
табылады. Осыған орай тәрбие сағаттарында әркез ата-аналардың көмегіне жүгіну
орынды. Мәселен, Наурыз мейрамында немесе «Атадан қалған асыл мұра» атты тәрбие
сағаттарында оқушыларымның аналары жеке-жеке топ құрып, салт дәстүр бойынша
көрініс әзірледі, қарт ата бата берді. Аталар ұлдарға қамшы тоқудың әдістерін көрсетсе,
әжелер қыз балаларды ою ойып, кесте тігудің ерекшеліктерімен таныстырды. Тәрбие
құралы ретінде ұлттық педагогиканың алар ауқымы өте кең. Қазіргі мектеп оқушыларын
мектепке даярлық сыныптан ғылыми – зерттеу әдістеріне үйрету әр мұғалімнің міндеті.
Мектепке 5-сынып оқушыларына «Мен және отбасым» тақырыбында жыл көлемінде
зерттеу жұмысы беріледі. Бұл нағыз ұлтық тәрбиенің мысалы болады деген ойдамын.
Онда бала өзінің үш жұрты болатынын, қазақы туыстық атауларды, жеті атасын зерттеп,
дәлелдеу дәрежесіне жетеді. Бұл оның халықтық тағылымды бойына сіңіруге жасаған
алғашқы талпынысы. Баланың рухани жан дүниесін оятып, ұлттық дүниетанымын
қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды жас ерекшелігіне сай
іріктеп алу керек. Оларды іріктеуде баланың көңіл-күйіне, ішкі жан сезіміне әсер
ететіндей, одан алған әсері есінде қалатындай болып, олардың мазмұнына жоғары мән
берілуі қажет.
Сыныптан тыс сабақтарды баланың асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей
бағытта ұйымдастыру керек. Баланың рухани адамгершілік тағылымына кері әсер етуші
факторлар: соғыс ойындар, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және
компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыруда
мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн. Ұлттық нақыштағы іс-шараларды, балалар
оларға қатысуға құмартып тұратындай және оның жалғасын асыға күтетіндей дәрежеде
тартымды етіп өткізу керек.
Қазіргі кезеңде сынып жетекшілері қауымының алдына қойылған міндет
–оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы
мұраларын жаңғырту, яғни ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу.
Қазақ халқының халық ретіндегі адамгершілікке тәрбиелеуде жылдар бойы
жинақтаған мұраларының ерекшеліктері жайында жалпы қорытындыны Елбасы Н.
Назарбаевт «Тарих толқынында» еңбегіндегі «…Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-
мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді
таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты
осынша мол ұлттық құндылықтарымыз әрбір адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып,
сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмайсың» деген салиқалы сөздерімен
байланыстырып, біз көтеріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді
пайдалану керектігін көрсетеді.
Адамгершілік- қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес,
адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып
табылатын, қауымдық, әулеттік, халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық
пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Адамгершілік
барлық адамдарға тән қасиет ретінде, өмірдегі кесір-қырсық, жанға жат мінездер мен
кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады. Үлкенді сыйлау-
адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық
дәстүрге айналған. Отбасында, балалар бақшасында, мектепте, қоғамдық орындарда
үлкенді сыйлай білу дәстүрін бұзбау және қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Қазақ халқының ұлттық әдеп салтында адамгершілік жоғары бағаланады..
Адамдық қалыпты, әдепті сақтай алмаған адам «адамгершіліктен » шыққан болып
есептелінеді. Әдеп сақтау- адамгершілік белгісі. Әдеп сақтау сонымен қатар қазақ
халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік
тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы. Халық өмірлік практикада ешбір тиым
саусыз-ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат-мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау
жүйесін қалыптастырған.Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де зор. Әдепті адам
табиғатты қорғай білуге тиіс. Табиғаттың әсемдігіне, әдемілігіне кір келтірмеуге міндетті.
Суды былғау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау,жолдағы кедергі затты алып
тастамау,құдыққа түкіру, нанды лақтыру әдептілік емес. Халық ондай әдепсіздікті
кешірмейді. Әдеп сақтау- этикет, яғни мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан,
халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа
нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, сол
заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда, адамгершілік борышты өтеу болып
табылады. «Әдептілік- әдемілік» дейді халық. Әдептілік – имандылық,кішіпейілділік,
көпшілік деген сөз.
Мектепте де «әдеп» , «адамгершілік»деген сөздердің айналасында тәрбиелік
шаралар ұйымдастырылады. Көшеде жүру, көпшілік ортасында болу, үлкенге орын беру,
кішіге қамқорлық жасау, қарт адамды қадірлеу, ата-ананы ардақтау, жолдастық қарым-
қатынас, сәлемдесу, табиғатты қорғау төңірегінде сынып жетекшілері мен пән
мұғалімдері тәрбие жұмыстарын жүргізіп келеді. Мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар
ережесімен, балалар ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарымен байланыстырылады. Сынып
жетешісі « әдеп дегенді қалай түсінеміз», «Әдеп сақтау – адамгершілік белгісі»
тақырыбындағы сынып сағаттарын өткізеді. Әдеп сақтау, адамгершілік тақырыбындағы
әсем безендірілген жарнамалар бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді. Осы тақырыпқа
апталық ұйымдастырып, оның соңын жалпы мектепішілік кешпен ұштастыру қызықты
өтеді. Кешке ата-аналар, ұстаздар, өнер адамдары қатыстырылса оқушыларға берер тәлімі
мол болмақ.
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС: АҚМЫШТА ТУЫП, АҚШ-ТА ЖҮЛДЕ АЛҒАН
Әмин ағаның атын бала кезімнен етіп өстім. Әкем Иманғали «Біздің Әминжан айды
аспанға шығарды ғой» деп отырса, анам Жібек «Желаяқ бала біздің ауылға қашан келер
екен» деп қайнысының жолын тосатын. Сол кезде менің көз алдыма ертегідегідей
Таусоғар , Көлтаусарлармен аты қатар аталатын Желаяқ елестейтін.Әкемнің жазу
үстелінің жоғарғы жағындағы сөреде жинаулы тұратын М. Әбдіхалықовтың «Желаяқ
бала» кітабын қайта-қайта парақтайтынмын. «Қара түсті жүйріктерді» артқа тастап
жүйткіп келе жатырған Әмин ағаның суретіне қарай отырып, мақтанышқа
бөлетінмін.Кішкентай жүрегіммен қазақтың атын дүние жүзіне танытқан Әмин ағама бар
жақсылықты тілейтінмін.
Мектепте ұстаздық қызмет атқаратын әкем 1969 жылдың жазғы еңбек демалысын
алып, сол кездегі Сам орта мектебінің директоры , өзінің жан жолдасы Екібаев Жанбоз
аға екеуі Алматыға жолға жиналды, «Әминжанға барып қайтамыз, бұрынғы жеңістерін
айтпағанның өзінде соңғы жылдардағы табыстары молайды емес пе? Биыл мектеп
бітірген Байболды да ( Жәкеңнің ұлы) ала кетеміз, оқуға апарамыз, Әмин ағасына
тапсырамыз, бас-көз болып жүрсін» дегені әлі есімде. Ол жылы мен 1-сыныпты
тәмәмдаған едім. Алматыға кеткен жолаушылардың жолын асыға тосудамыз. Бір күні
олар да оралды. Әкем де , Жәкең де көңілді . Байбол аға КазПИ-дің денешынықтыру пәні
мұғалімдерін дайындайтын факультетіне оқуға түскен. Әкем шабаданынан
базарлықтармен бірге қызыл жібек матадан тігілген,жиегін қара атласпен көмкерген,
алдыңғы етегінде бізге беймәлім әріптермен жазылған жазуы бар әдемі шапанды
шығарып, алдымызға тартты. Бұл шапанды Әмин аға Жапониядағы жеңісті күндерінен
естелік ретінде менің әкеме, ағасы Иманғалиға сыйға тарту етіпті.
Әмин аға 1937 жылы 12 ақпанда Маңғыстау түбегі Шайыр ауылында Ақмыш
қонысында Елемес атамыздың шаңырағында дүниеге келген. Ата-бабалары Каспийдің
жағасындағы Қаламқас, Қаражанбас деген жерлерді мекендеген. Елемес ата Ақмышта
қоныс теуіпті. Әмин ағаның қыстың нағыз қаһарлы кезінде өмірге келуін кейінгі өмір
жолындағы жанқиярлық еңбегі, қайтпас қайсарлығымен байланыстырар едім. Әмин
ағаның өмір жолына үңілсек, балалық шағы соғыстың өтіне, елдің әбден тарығып,
қиналған кезіне дөп келіпті. Мектепке көрші ауылға 7-8 шақырым жерге жаяу қатынап
оқитын. Салт ат, арба-шана колхоздың шаруасынан босамайтын.
Кешке мектептен үйге жалғыз қайтады.Қараңғыда қаршадай бала екі ауылдың
арасында безілдеп жүгіреді екен. Алайда өзінің аяқ дүбірінен шошынып жылаған күндері
де аз болмаған. «Үйден алып шыққан азық-түлігімізді жарты жолға көміп кетіп, қайтарда
тауып алып, жүрек жалғаймыз» дейді Әмин аға. Екі ауылдың арасында қысы-жазы құстай
ұшып жүрген күндері кейін әлемге танымал жүйрік болуына септігін тигізді десе де
болғандай. Себебі таза ауада жүгірген адамның тынысы кең, денесі шымыр, өзі төзімді
болады емес пе?
Бала Әмин сабаққа алғыр, зерек болған. Әжесі Мақпалдың бауырында өскен ол
кішкентайынан ауыз әдебиетіне жақын болыпты. Талай қиссаларды жатқа соғыпты.
Атасы Тұяқ пен туысы Мүлікбай, әжесі Мақпал кішкентай Әминге «Қобыланды»,
«Едіге», «Ер Тарғын» жырларын жатқа оқытып, өздері сол тақырыпта әңгіме қозғайды
екен. Аталары мен әжелерінің адамгершілік, ізгілік, батырлық туралы туралы әңгімелерін
естіп, халық ауыз әдебиетімен сусындап өскен Әмин ағаның есейген шағында әдебиет пен
тарихқа қызығуы, өнер мен әдебиет саласы өкілдерімен етене араласуы, сыйласуы заңды
құбылыс еді.
Балалық шағын соғыс ұрлаған жас Әмин бұғанасы ерте бекіп, еңбекке ерте
араласты. Алайда қазақтың жақсысы мен жайсаңдарын жайпап жіберген зұлмат жылдары
дүниеге келген Әмин ағаны нұрлы болашақ күтіп тұр екен. Оның алдында сол күндерге
жету үшін тағдырдың түрлі кедергілерінен сүрінбей өту міндеті тұр еді. Елемес ата да
баласының жас кезінде атағы алысқа кетіп, айтулы додалардан жүлде алады деп
ойламаған шығар. Әмин ағаның бала кезінде спортпен шындап айналысу мүмкін емес еді.
Ескі-құсқы киімдерден доп жасап теуіп, көшенің құмын көкке шығарғаннан басқа амал
болмады. Бірақ бойы ұзын болмаса да қимылы ширақ жігіттің дене шынықтыру пәні
бойынша жетістіктері мол еді.
Әмин аға 1954 жылы Шахта орта мектебін бітірген кезде Елемес атаны соғыстан
қалған ескі жара мазалап ауырып жүр еді. Өзінің ауырғанына қарамастан баласының
болашағын ойлаған атамыз жиған-тергенін Әмин ағаның қалтасына салып, оқуға
аттандырады. Әмин аға 17 жасында Атырау педагогикалық институтының физика-
математика факультетінің студенті атанды. Көп ұзамай Елемес атаның денсаулығы
түзеліп, Әмин ағаның көңілі орнына түседі. Ол институтта жақсы оқиды. Үздік
студенттерге берілетін 35 сом стипендияны тұрақты алып тұрды. Ол кезде орташа
оқитындардың стипендиясы – 22 сом болатын.
Сол жылы Атырауға мамандығы дәрігер, өзі жеңіл атлетикадан разрядты спортшы
Анжелика Михайловна Куликова қызметке келеді. Ол келген бойда студенттерден
жүйріктер тобын құрып, ақысыз жаттықтыру бастайды. Бірінші курс студенті Әмин аға да
Куликованың қарауында жаттығу тобына енеді. 1954 жылы бозбала Әмин 100 метрге
жүгіруде 12,3 секунд нәтижемен Атырау қаласының чемпионы атанады. Куликованың
шәкірттері 1956 жылы Алматыда өткен Қазақстанның бірінші спартакиадасында Атырау
облысының намысын қорғайды. Осы сында Әмин Тұяқов бесінші орынға ие болды. Бұл
бәсекеде 1-2 қазақ желаяғы ғана жарысқа шығады.
Осы спартакиадада көзге түскен спортшылардан Қазақстан құрамасы жасақталып,
Мәскеудегі одақтық спартакиадаға әзірлікке кіріседі. Қазақ спортының басшысы Әбді
Артықов «құрамада қазақ жастарының болғаны дұрыс» деп, жеңіл атлеттер командасына
Әмин Тұяқовты қосады. Алматыға келген соң ауыл балаларының кез-келгені орындай
алатын жүгіру, секіру секілді жаттығулары танымал мамандарға ұнаған соң ғана Әмин аға
өзінен жап-жақсы желаяқ шығатынына сене бастайды. Сол сенім ауылдан келген жас
жігіттің тынбай жаттығып, шелектеп тер төгуіне ұласқан еді. Содан ұлттық құрама КСРО
халықтарының спартакиадасы басталардан бір ай бұрын Мәскеуге аттанады. Мәскеудегі
«Сталин» атындағы стадионда біздің желаяқтар жергілікті спортшылармен бірге
жаттығуға кіріседі. Жеңіл атлетика командасында жалғыз қазақ- Әмин Тұяқов. Он бес
одақтық республика мен Мәскеу, Ленинград(Санк-Петербург) қалаларынан жиналған
мықтылардың жарысы Әмин ағаға қатты әсер етті. Әмин аға қосалқы құрамда болып,
жарысқа қатыспаса да, небір әсерлі сәттерге куә болды. Мықты желаяқтарды көзімен
көрді. Олармен бірге тер төкті. Көп спортшылармен таныс-біліс болды, ел көріп, жер
көріп елге мол әсермен оралды. Осыдан кейін жанкешті жаттығулар қайта басталды.
Жеңіс жолы әрқашан да ауыр болған. Әмин ағаның 100,200 метр қашықтықтағы
нәтижелері екі жылға дейін жылжымай қойды. Аянбай төгілген тердің нәтижесінде 1958
жылы 100 метр қашықтыққа жүгіруде бірінші разрядтың дәрежесіне жеткен намысқой
жігіт одан әрі де аянып қалған жоқ. Аптасына төрт-бес мәрте қара тер болып жаттығады.
Нәтижесінде 1959 жылы маңдай тері ақталып, Қазақстан чемпионатында 100,200,400 метр
қашықтықтарда алдына жан салмай, жеңімпаз атанды.
1959 жылдан бастап А. М. Куликова жаттығу жүйесіне өзгеріс енгізді. Бұрын
желаяқтар қыста жабық ғимаратта жаттығу жасаса, енді дене қыздыру жаттығулары залда,
ал жүгіру жаттығулары далада өтетін болды. Таза ауадағы кәсіби дайындық көп ұзамай өз
нәтижесін берді.1959 жылдың жазында Әмин аға 100 метрді алғаш рет10,8, ал 200 метрді
21,8 секундта жүгіріп өтті. 1960 жылы Ресейде болған «Буревестник» ерікті спорт
қоғамының одақтық біріншілігінде 100 метрді 10,4 секундта артқа тастаған Әмин Тұяқов
«КСРО спорт шебері» атанумен қатар, жеңіс тұғырына көтерілді. 200 метрге жарыста да
қазақ желаяғы «Алтын медальді» ешкімге берген жоқ.
1961 жылы Ленинградта Кеңес Одағының әскерилер чемпионатында 60 метрде топ
жарған Әмин Тұяқов ЦСКА-ға қабылданды. КСРО құрамасының бас бапкері Гаврил
Коробков Әминді Мәскеудегі ЦСКА-ның жатақханасына орналастырып, стипендия
тағайындатты. КСРО-ның ұлттық құрамасында Тұяқов қысқа қашықтықтар бойынша
жаттықтырушы, бір кездегі атақты желаяқ Борис Токаревтың басшылығымен жаттығуға
кірісті. Екеуі бірден тіл табысты. Кеңес Одағының мықтыларымен бір құрамада болу,
бірге жаттығу Әмин ағаны шыңдай түсті. 1962 жылғы КСРО чемпионатында Әмин Тұяқов
көптен армандаған биігіне жетті. Осы жылы тамыздың 13-ші жұлдызында қазақ желаяғы
200 метрді 21,1 секундта жүгіріп өтіп, тұңғыш рет КСРО чемпионы атанды. 1963 жылы
сол жетістігін тағы қайталады, КСРО халықтарының спартакадиасында Әмин Елемесұлы
200 метрге жүгіруде алдына жан салған жоқ. 1962-67 жылдар аралығында Әмин аға 200
метрге жарысуда әлемдегің ең таңдаулы жүйріктердің бірі болды. 1967 жылы ол КСРО
халықтарының спартакадиасында осы қашықтықта екінші рет топ жарды. Әмин
Тұяқовтың 1965 жылы 200 метрге жаңғыртқан КСРО рекорды (20,6 секунд) үш жыл бойы
бұзылған жоқ. Әмин ағаның 100 метр қашықтықтағы ең үздік нәтижесі-10,2 секунд, бұл
көрсеткіш сол жылдардағы КСРО рекорды болатын.Әмин аға 1965 жылы Алматыда
болған Кеңес Одағының чемпионатында осы нәтижемен КСРО чемпионы Эдвин
Озолиннің рекордын қайталады.Алматыдағы чемпионатта ол 100 метрге жүгіруде «Күміс
медальге» ие болды. Ал, 200 метрде КСРО чемпионатының «Алтын медалін» кеудесіне
тақты. Жалпы Әмин Тұяқов - 200 метрге жүгіруде КСРО-ның бес дүркін чемпионы.
1965 жылы Киевте КСРО-АҚШ желаяқтарының жекпе-жегі өтті. Сол сында
құрамында Эдвин Озолин, Әмин Тұяқов,Ғұсман Қосанов, Николай Политико бар Кеңес
Одағының эстафеталық командасы 4/100 метрлік бәсекеде 1964 жылы Олимпиада
чемпиондары атанған АҚШ желаяқтарынан озып кетті. Екінші кезекте жүгірген Әмин
Тұяқов қарсыласын оқ бойы артқа тастап, Ғұсман Қосановқа таяқшаны бұрын берді. Яғни
екінші кезеңнен кейін КСРО құрамасы алға шықты.Қосанов сол артықшылықты сақтап,
Политикоға алдымен жетті. Политико көмбе сызығын қиғанда таблода 39,3 секунд нәтиже
жарқырап тұр еді. Бұл КСРО-ның жаңа рекорды еді. Бұған дейін еш құрамадан дәл бұлай
ұтылмаған АҚШ жүйріктері амалсыздан жеңілгенін мойындады. Шынында да Олимпиада
чемпиондарын тізе бүктіру КСРО құрамасының әлемдегі мықты команданың бірі екеніне
дәлел еді. Әмин Елемес ұлы Кеңес Одағында ғана топ жарып қойған жоқ, Еуропа
кубогының жеңімпазы әрі бірнеше мәрте жүлдегері атанды. Бұл дегеніңіз қазіргі Еуропа
чемпионы деген ұғымды білдіреді. Себебі ол кезде Еуропа чемпионаты өтпейтін еді.
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 1970 жылдардың ортасына таман тұсау кесті.
Сондықтан Әмин ағаның спорттық атақтарын айтқанда Еуропа кубогы мен КСРО
чемпионаттарындағы жүлделермен Әмин Тұяқов 1964 жылғы Токио олимпиадасына
КСРО құрамасының сапында барды. Бартенов Тұяқовты жарысқа қосқан жоқ. Сол жылы
көктемде Киевте болған ірі бәсекеде 100,200 метрде жеке- дара шыққан Әмин Тұяқовтың
орнына Бартенев Токиода Борис Савчукты жарыс жолына шығарды. Мұның түп-төркіні
бас бапкер мен спортшы арасындағы көзқарас қайшылығында, өзара келіспеушілікте
жатыр. Өмірде мұндай жағдайлар болып тұрады.
Әмин аға ұзақ жылдар спорт мектептерінде жаттықтырушы, одан кейін Қазақстан
ұлттық құрамасында бас бапкер болып қызмет атқарды. Еңбегі жеміссіз болған жоқ.
Шәкірттері Олимпиада ойындары мен әлем құрлық чемпионаттарында жүлде алды.
Тұяқовтан тәлім алған мамандарды спорттың әр саласынан кездестіруге болады.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев дене шынықтыру мен спорт саласын үнемі
назарда ұстап, қолдап көмектесіп келеді. Елбасы ««Қазақстан-2050» стратегиясы-
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа Жолдауында: «Денешынықтыру
мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болу тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт
денсаулығының кілті болып саналады» деген. Ал біздің желаяқ жігіттердің ішінде Әмин
ағаның деңгейінде жүгіретін мықтылар болмай тұр. Тіпті қазіргідей ғылым мен техника
өркендеген заманда спортшыларымыз Әмин ағаның өткен ғасырдың 60-жылдары
көрсеткен нәтижелеріне жете алмай жүр. Әмин ағалар қазіргідей жетілген спорттық
төсеніш үстінде жүгірген жоқ, қазіргідей керемет сапалы, аса ыңғайлы шиповка киген
жоқ. Ол кездің спорттық медицинасы да бүгінгі деңгейде емес еді. Соған қарамастан
асфальт үстінде немесе резеңке жолдарда қарапайым аяқ киіммен жарысып-ақ қазіргі
ғылым мен техника өркендеген заманның жүйріктерінен асып түсті.Әмин аға осыдан 45
жыл бұрынғы нәтижесімен қазіргі Азия ойындарында 100 метрде бірінші,200 метр
қашықтықта екінші орынды иеленеді екен. Ал біздің жүйріктер осы екі қашықтық
бойынша Азияның мықтыларын ұта алмай жүр.
Еліміз егемендік алғаннан бері желмен жарысқан қазақ желаяғын көре алмай
келеміз.Әмин аға ұлттық құраманың тізгінін ұстағаннан кейін өз ізбасарларын құм
арасынан іздеп, шалғай ауылдарды да аралап көрді. Егемен ел болып, оң-солымызды
аңғара алмай жатқан тұста алыстағы Жапониядан көмек сұрап, сапалы спорттық
киімдерді түп –қиырдағы аудандарға жөнелтіп тұрған Әмин аға қазір құрметті демалыста,
жары Алма жеңгемізбен балалары мен немерелерін қызықтап отырған ақсақал.
Әмин Елемесұлы Тұяқов -«заманынан озып туған» деген бағаға лайық
жан.Әлемнің небір мықтыларын жолда қалдырған Әмин ағаның есімі қазақ ұлтымен бірге
жасай береді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?