Ақпараттық технологияны пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

 Ақпараттық технологияны пайдаланудың әдістемелік  ерекшеліктері

Ел Президентінің « «Қазақстан – 2030» бағдарламасында XXI ғасырда
білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге
бағыттауымыз керек» деген сөздер бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім
мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті.
Бүгінгі күні Есет батыр атындағы ОӘПМИ – ның кітапханасы алдында
тәрбиеленушілерге, мұғалімдерге, кластан тыс жұмысын жүргізетін офицерлерге
білім берудің және тәрбиелеудің сапасын жоғарылату, әр пәнді және іс-
шараларды жоғары дәрежеде оқыту мен іс-шараларды өткізу үшін талаптар
қойылған. Бұл мәселелерді шешудің негізі – мектеп кітапханасы өз ролін
толығымен орындап, кітапханда бар ақпаратты қолданып, мұғалімдердің
теориялық және әдістемелік шеберліктерін жетілдіруіне көмек көрсету.
Бүкіл дүниежүзілік беталыстан шеттеп қалмау мақсатында қолданылып
жатқан компьютерлік технологияны біздің мектебіміздің үрдісіне мүмкіндігін
толықтай пайдалануда. Интернет, мультимедиа, электронды сөздіктер,
электрондық оқулықтар тәрізді интерактивті оқыту әдістері оқу үрдісіне және
тәрбие процесіне қосылды.
Бүгінгі несиелік оқыту технологиясы барысында оқцтыдың интерактивтік
әдісін қолдануы және оның қажеттілігі сөзсіз. Ізденіс жұмыстарын жүргізе
отырып және де әлемдік қорлардан керекті ақпаратты ала отырып»интернетте»
өз бетімен жұмыс жасау тәрбиеленушінің оқуға деген қабілетін арттырып,
қызығушылығын тудырады:
1. Интернет тәрбиеленушіге материалды асықпай, мұқият оқып білуге
жағдай жасайды;
2. Интернет алынған ақпаратқа талдау жасауға мүмкіндік береді;
3. Интернет тәрбиеленушінің өз бетімен жұмыс істеуді әдетке айналдыру
қабілетін оятады,мөзіндік пікірін қалыптастырады;

Сонымен қатар мұғалімдер өз жұмыстарын интерактивтітақтаны қодану
мәселесін қолға алып кітапхана бірқатар кластан тыс жұмыстарын өткізуде.
Ақпараттық технологияның тиімділігін және оның қазіргі кезеңде
өтеқажеттілігін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Үмбеталиева Гүлбадан өз
сабағында көрсетті. «Қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлері»
тақырыбындағы өткізген шарасы 9 класс тәрбиеленушілерінің біліміне үлкен үлес
қосты.осы сабақта тәрбиеленушіле төрт ойынға қатысып, сөзжұмбақ шешіп,
интерактивті тақта арқылы сөз құрамын, сөзжұмбақ, фонетикалық карталарға

жауаптарын шешті. Осы ашық сабақта қатысқан әріптестерден «өте жақсы» деген
баға алып, жоғары дәрежеде өтті деп саналды.
Жоғары дәрежеде және кітапхана ресурстарын қолдану арқылы мерекелерге
байланыстышолулар ұйымдастырылып, орыс тілінде «Знаменательная
грамматика» атты конкурстық ойынды орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің
мұғалімдері Альбакасова А.К және Катпина Б.К дайындап кітапханада өткізді.
Осы ойынның ерекшелігі мен инновациялық әдісі тәрбиеленушілердің
қызығушылығын және интелектуалдық талаптарын, дүниетанымын арттыру үшін
сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, экспресс-гейм, жаттығулар дәрістерін интерактивтік
тақтаны пайдалану арқылы өткізілді.
Осы мақсатта мектеп ішіндегі кітапханада құрылған интерактивтік тақта
үлкен жұмыс атқаруда. Ең алдымен тәрбиеленушілердің алдарына қойылған
тақырыптар жан-жақты ашылып және олардың қызығушылығын арттыру
міселесін шешеді.
Есет батыр атындағы ОӘПМИ-ның кітапханасы тәрбиеленушілерге оқу
бағдарламасында бекітілген және мектеп орындауға міндетті білім беруді қолдау,
оны жүзеге асыру және кітапхананы пайдалану әдістерін дамыту, білімін көтеру,
ақпараттарды қолдану мүмкіндігін жасау, жаңа технологияларды пайдалану
әдістерін түсіндіре отырып, осы бағыттарда көпшілік жұмыстарын өткізеді.
Ақпараттық технологияны толық пайдалану мақсатында кітапхан
компьютеріне тәрбиеленушіге қажетті тесттер енгізіліп, олардың әр піннен өз
білімін тексеріп бекітуге мүмкіншіліктері бар. Бұдан соң тәрбиеленушілер өз
бетінше қызығуы артып, өз білімдерін көтеруге ұмтылады.
Кітапхана жан-жақты анықтама ақпаратының негізінде оқырмандарға сапалы
ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсетеді. Кітапханаға интернет жүйесі
қосылғаннан бастап, бұл арқылы кітапханалық қызмет көрсетудің саны мен
сапасы жоғарылады, оқырмандар жақын және алыс шетелдердің ірі
кітапханаларының каталогын пайдалана алады.
Болашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет
дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен
алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты озық
тәжірибелерді , осы мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық
мүмкіндігі туды деп айтуға болады. Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция
екені анық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?