Оқыту мен оқудағы АКТ-ның тиімділігі
Білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үдерісін адамды қоршаған
ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып ұйымдастыру керек.
Қазіргі таңда маңызды өзгерісі ол ақпараттық технология.Бұл медиабілімнің
оқу үрдісін дамытуға зор ықпалын тигізеді. Олай болса мектептегі сабақ
барысындаАқпараттық коммуникациялық технологияның тиімділігі өте
маңызды, біріншіден, оқушылардың қызығушылығың оятады, екіншіден,
олардың белсенділігін арттырады, үшіншіден шығармашылық ахуал
тудыруға бағыттайды, төртіншіден есте сақтау қабілетін дамытады және
сабақ барысында мұғалімнің уақытын үнемдейді.Мұғалім әр оқушының
сабаққа белсенді әрі қызығушылықпен жұмыс істеуіне ықпал тудыруы қажет.
Сонда ғана оқу материалы терең әрі саналы түрде меңгеріледі, білімге сенімі
артады. Осы орайда уақыт талабына сай жаңашыл өзгерістер аясында мен де
өзімнің тәжірибемде оқушының шығармашылығын дамыту мен белсенділігін
арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта
қолдануыма көңіл бөлдім.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар – білімді бағалау және
пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді, оқу-тәрбие
үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін
ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. АКТ оқушыларға
ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін
жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін
маңызды құрал болып отыр[Мұғалімге арналған нұсқаулық 61- бет].
ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан оқытуда жаңа
технологияларды тиімді пайдалануда ағылшын тілін үйретіп, сол тілде еркін
сөйлеу алуға көп септігін тигізеді. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық
технологияны пайдалану кезінде сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып,
білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық-
коммуникациялық технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану
арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс
таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге
дағдыландырады. Ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде -
оқытудың жаңа моделін құруға жол ашады деп болжадым:яғни, ең
біріншіден, сабағымды жүйелі өткізу үшін интерактивті тақтамен слайдтар
құрып, оқушылардың есте сақтау қабілетінің дамуына бағыттадым.
Оқушылар сонымен қатар, сабақта Кеңес дәуірінен келе жатырған
қарапайым тақтаға бормен жазып қана емес, жаңа оқыту технологиясы
бойынша мүмкіншілігі көп интерактивті тақтаға арнайы қаламымен жаза
отырып, бірнеше тапсырмаларды орындап өз қабілеттері мен қаншалықты
қазіргі заманға сай қоғам ағымымен өркениетті болып өсіп келе
жатырғандарын айқындады. Интерактивті тақта қай сабақтың түріне болса да
тиімді. Ол бір мезгілде тақтаның және көрнекі құралдардың, сабаққа керекті
материалдарды оқушыларға дайын түрінде көрсетуге қолданылатын жүйе.
Сонда, интерактивті тақтамен жұмыс оқушының қызығушылығы мен
белсенділігін арттырып қана қоймай, ақпараттандыра да алады.ХХІ ғасыр
оқыту үдерісінде жаңа технологияның маңыздылығын білумен қатар, сол
арқылы жұмыс жасауды дамыту талап етіп отыр. Яғни бұдан шығатын
қорытынды баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту
болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде беру
- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі, оқытып
тәрбиелеу.Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және
дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең
педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген
эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық
білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды
сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті
қажет етеді.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 63бет).
Әдеттегідей, мен орта мерзімді жоспарымда сабағымның барлығындада
интерактивті тақтаның Power Point және Activ Studioпрограммаларының
слайдтары мен флипчаттары тақырыпқа нұсқаулық түрінде қолданып
отырдым, аталған слайдтар көмекші бола білді, оқушының оқулықтан алатын
ақпаратын қарапайым мысалдар арқылы түсіндірдім. Менің ойымша, Active
boardтан көру арқылы оқушылардың сол кезде тақырыптың атауы мен
мақсатын таба білгені, қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін
оятқаным деген ойдамын. 7- сынып оқушылары сабақтың барлық
кезеңіндеде оқушыларға аударма ісіне электронды мультимедиялық сөздіктің
пайдасы көп тиді, себебі білмей қалған сөздерді өз бетінше таба білді.
«Білім - ол әдіс тәсілдер арқылы дәләлденеді және іс тәжірибе арқылы
шыңдалады» - деген Шульман (Shulman.L.S. Those who understand:
Knowledge growth in teaching, [Түсінетіндер үшін: оқытудағы білімнің өсуі.]-
1986), Educational researcher. Ал Мишра мен Кёлердің пайымдауынша,
барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті
мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар
зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін
ғалымдармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері
жеткіліксіз бағдарламашылар мен тәжірибелі мұғалімдер сияқты
технологиялық сарапшылармен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие
болады(Мұғалімге арналған нұсқаулық 65 бет).
Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білімнің үйлесімінін
алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша,
егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс
болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай
түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек
П.Мишраның айтуы бойынша «Уақыт өте келе сабақ жоспарының құру
технологиясы өте тиімді болады. Көптеген нәтижелі жұмыстарды түрлі әдіс-
тәсілдер арқылы жеткіземіз. «Фитнес» зерттеу жобасында компьютерді жетік
меңгерту дәстүрін қалыптастырған және оқушылар қажетті ақпаратты
қолдану технологиясын білуді талап етеді. Келешекте ақпарат қолдану
технологиясы үздіксіз дамуы өмір бойы дамып отырады»-[Mishra.P &
Koehler.M.J. Technological pedagogical contentknowledge: A framework for
teacher knowledge [Түсіндірілетіндер үшін: оқытудағы білімнің
өсуі.Educational researcher]-2006.
Мектебіміздегі Merits бағдарламасының негізіндегі және басқа да
электронды оқулықтар ағылшын тілі пәні бойынша тақырыпты меңгеруде
бірден – бір қосымша әрі көмекші ресурс болып табылды. “Have you been to
Central Asia?” тақырыбындағы сабақтың негізгі бөліміндегі танымдық
қабілетін дамытуүшін бейнеролик көрсетіліп оғансын тұрғысынын ойлауына
«Стоп кадр» пайдаланды, интерактивті тақтада мешіт, бетперде және
базардың суреттері берілді. Осы суреттерден шағын мәтін құруды
ұсындым.Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда
болды?- деген сұрақ қойдым. Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз?
Нәтижесінде оқушылар бір біріне сұрақ қоя білді, өздерінің жауаптарынан
мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен бейнемәтінді қайта тыңдап,
салыстырып отырды.Кластағы тіпті орташа оқытын оқушы Гүлзия ойын
терең және нақты жеткізе білді. Топтың намысы үшін барын салды, ал үздік
оқушы Зарина өз тобындағы қабілеті төмен Нұрбекке көмек көрсетіп үнемі
оны қолдап отырды. Выготскийдің пікірі бойынша, жақын арадағы даму
аймағы – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған
өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым
қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын
болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз
бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге
болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды[ Мұғалімге арналған
нұсқаулық 28 бет]. Зарина өз білімімен шектеле қоймай, келесі сабаққа
мультимедиялық таныстырылым арқылы жуан және жеңішке сұрақтар
құрастырып келетінін айтты.Оқушылар көрсетілімнен соң өз ойлары мен
жауаптарын ұсына отырып, көптеген мағлұматтарға ие бола білді. Кейін
бейнеролик көрсету арқылы жаңа сөздердісурет арқылы табуға ұсыныс
бердім, оқушылар тауып астына жазып отырды.Осы материалдар көмегімен
төмендегідей жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастырдым. Орта Азия тақырыбын
меңгеріп алған соң Қазақстан мен Өзбекстанныңортақтастығы мен
айырмашылығынайқындау үшін интерактив тақтаға Венн диаграммасы
сызылып, оны балдар «Кім шапшаң?» ойын арқылы толықтырды.Олардың
білімің тексеру мақсатында эталон тесті кезінде АКТ-ны
пайдаландым.Демек, АКТ өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен
қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып
табылады. “Kazakh national games” тақырыбында оқушылар интернет көзін
пайдаланып, талдап және жинақтады. Мысалы, Brainstorming (миға шабуыл)
кезеңінде How many popular games do you know in Kazakhstan?Can you play
ournational and popular games?сұрақтарына жауап беріп, әр оқушы өз ойын
айтты және актерлік шеберліктерін диалог барысында көрсете білді.Мысалы
“Sport in Britain” сабағымда интерактивті тақтада спорттық іс қимылдар
суреттерін бейнелеп сол суреттерден әнмен және қимылмен көрсету
тапсырылды.көздеген мақсатым-балалардың актерлік шеберлігін шыңдау
болды.Онда ең үздік оқушы ол Альфия болып танылды, ал ең үздік әнші ол
Нұрбек атанды.Миға шабуыл кезінде «Кім бірінші шыңға шығады?»
мультимедиалық суреттер арқылы балдар алғашқы уақыттанбері шыққан
спорттық ойын түрлері рет-ретімен қою болды. Онда оқушылар тарих
пәнінен өз білімдерін көрсете білді, білгір тарихшы атағына ие
сабырлыАйдана атанды.
Бандура (2011) «Мен» тұжырымдамасының өзіндік тиімділік
компонентінің басты факторы – қол жеткізген нәтиже деп атап көрсетіп,
«жетістік» деп аталатын нітиженің бірізді және шынайлықпен орындалғанын
мойындағанда ғана өз күшіне еніп, айқын танылатынын ескерткен
болатын.[Мұғалімге арналған нұсқаулық- 2011].Оқушыларды бағалаған
кездеде АКТ арқылы бағаладым «Сіз білесіз бе өзіңіздің бағаларыңызды?»
атты таблица құрылып деңгейлеп бағаланды. Ал келесі сабағымда “Music”
тақырыбындада ақпараттық-коммуникациялық технологиясы арқылы
анаграмма шешіп, әлемге әйгілі “The Beatles” тобының“Yesterday” және “My
Bonnie” синглын тыңдап өздері қосылып айтты. Балалар Нұрбектен қалып
қоймау үшін бар күшін салды.
Жалпы, ағылшын тілін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы
оқыту төмендегідей ерекшеліктері арқылы сипатта алады:
1. оқушының мұғаліммен, парталас көршісімен жеке қарым-қатынасқа түсуі;
2. тілдік және тілдік емес ақпараттың түрлі және кең көлемде пайдалана алу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларкөмегімен мұғалімдер шет
тілін оқыту барысында сабақта мынадай жұмыс түрлерін жасай алады:
1. грамматиканы оқу (теориялық білім алу);
2. грамматиканы оқу (практикамен ұштастыру);
3. лексиканы оқу;
4. жазу, сөйлем құрастыру;
5. ойын (анаграмма, сөзжұмақ және ребустарды шешу);
6. сөздік диктант жазу;
7.мәтінді оқу және тыңдау;
8.ән айту және сергіту сәтін өткізу;
9. диалог құру (әр түрлі суретпен).
Аудио және бейне құрылғыларды арнайы іздемей-ақ, осы
мүмкіндіктерді оқушылар үшін интерактивті тақтаны қолдануға болатынын
атап өтуге болады. Жоғарыда атап өткендей, мультимедиялық, лингофондық
білім беру үрдісі де оқушының ағылшын тілін меңгеруіне тиімді жол екенін
байқатты.
Коммуникативті ортаны құруды көздеген оқытудың жаңа жүйесін
қалыптастыру мен педагогикалық тәжірибеге жаңа ақпараттық
коммуникациялық құралдарды енгізу оқытуды дамытудағы стратегиялық
тапсырма болып саналады.
Менің ойымша, егер алдағы уақытта барлық оқушымыздың алдында
интернетке қосылған компьютер немесе ноутбук болса олар шетелдік елдік
оқушылармен жүйілі байланыста болса скайп арқылы сөйлесіп немесе хат
алмасып отырса сонда ғана, ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын, іздемпаз,
шығармашыл өзге адамдармен ойын бөлісер оқушы тәрбиеленеді. Алдағы
уақытта сабағыма 7 модульді кіріктіругеосы технологияларды қолдана
отырып, өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген
үміттемін. Себебі, оқушыларға осы технологияны пайдаланып сабақ
өткізгенім ұнады, олар сабақты жақсы бағалады. Өзімнің кәсіби тәжірибемде
үнемі естен шығармай, пайдалы жақтарын ала отырып, сабақтың түрі
өзгергендігі байқалды, жаңа сабақты түсіндіруге жіберілетін уақыт
үнемделіп, оқушылардың өздеріне сөйлеуге, өзін-өзі басқаруға мүмкіндік
береді, бұл арада мұғалім тек нұсқау беруші, бақылаушы ғана болып
қалады.Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді. «Нашар ұстаз шындықты
қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы
ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да
жауапты.
Сол себепті, ағылшын тілі сабағында ақпараттық-
коммуникациялықтехнология білім алудағы жаңа тәсілдерді, компьютер
және тағы басқа жаңа сандық ақпараттық құралдарды пайдалану, дәстүрлі
бағалаудан бөлек бағалаудың түрлерін қолдану, жас ерекшеліктеріне сай
білім беру, талант пен дарындыны анықтау, оларды көшбасшы мен бәсекеге
қабілетті азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етемін. Бұл оқыту нәтижесінде ең
бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін көп ізденіп, оқытудың тиімді
жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруде өзімнің де ынталығымның
артқанын байқадым. Ағылшын тілі пәнінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияны тиімді пайдалансақ, оқушылар өз тілін құрметтей отырып, өзге
тілді еркін меңгере алатынына сенемін. Ақпараттық-коммуникациялық
технологияғаықпалдастырылғанына туралы рефлексивтік есебіне сонғы
сөзімде өзімнің өленімен аяқтағым келеді:
Қолданып ақпаратты,
Өткіздік сабақтарды.
Топ болып талқыладық,
Шарладық ғаламшарды.
Олай болса, жаһандану жағдайында ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдана отырып, оқушы тұлғасын дамытудағы ізденістерім
оң нәтиже беретініне сенімім мол.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?