Кембридж тәсілімен тәжірибелік зерттеу сабағым жайлы
Мен тізбектелген зерттеу сабақтарымды өзім класс жетекшілік ететін 8 «В» сыныбына өткіздім. Класта 25 оқушы бар, оның ішінде 13 ұл бала, 12 қыз бала. Сыныптың психологиялық ахуалы жақсы, сондықтан сабақтар топтамасын жасауда қиындық болмады. Сабақтарды өткізбес бұрын оқушылардың деңгейін анықтау, топтағы жетекшілерді білу мақсатында және оқу мен пәнге деген қызығушылығын анықтау үшін мектеп психологымен оқушылардан сауалнамалар алып, қорытынды жасадым. Қорыта кетсем, логикалық деңгейлеріне байланысты алған сауалнамаларда 10 сұраққа дұрыс жауап беріп өте жақсы деп танылған 5 оқушы, жақсы деп танылған, 8 оқушы, орташа деп танылған 7 оқушы, төмен деген баға алған 5 оқушы. Психологиялық тұрғыдан қарағанда сыныптың логикалық ойлау деңгейі жақсы. Топтағы жетекшіні анықтау үшін социаграмма жүргіздім. Нәтижесінде Елдос, Жомарт, Гулзия, Томирис, Аралхан сыныптың лидерлері болды, қалыс қалған балалар Аягүл мен Еламан. Сауалнама қорытындысы бойынша білім деңгейі орташа Еламан кластағы тұйық, ойын еркін жеткізе алмайтын, көпішілікпен араласпайтын оқушы екенін байқадым. Бірақ орыс әдебиетіне қызығушылығы басым Аяжанды басқа жағынан көрдім. Аяжан сабаққа ынтасы жақсы, ашық мінезді, жан- жақты, ұшқыр ойлы, айтқанының барлығын өмірмен байланыстыра алатын оқушы екенін білдім. Сондықтан Аяжанды, Елдосты, Еламанды бақылауға алдым. Оқушылардың сабаққа деген көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама алынды, бұл сауалнаманы тәжірибенің соңында да алуды жоспарладым. Мектептегі тәжірибемде өте қызықты сәттер көп болды, оның себебі оқушылардың пәнге деген қызығушылығынан болар деген ой түйдім, өзгерістер енгізілген сабақтың барлығы да көңілге қонарлықтай өтті. Сабақтың тақырыбы: Рувим Исаевич «Дикая собака Динго или повесть о первой любви» әңгімесі. Сабақтың мақсаты: визуалды тәсіл арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізу, сыни тұрғыдан ойлауға ықпал ету, бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал ету. Сабағымда оқытудағы АКТ әдісін пайдалану, сыни тұрғыдан ойлау әдісі (фишбоун, Блум Таксономия әдісі), визуалды әдіс, топтастыру секілді әдіс-тәсілдерді пайдаландым.
Сабақты бастамас бұрын кластың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін смайликтер арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін біліп алдым. Содан тақырып бойынша класты орысша мақал-мәтелдерді жинақтау арқылы топқа бөлдім. Тақырып достық, махаббат туралы болғандықтан, сабақты осы тақырыптағы мақал-мәтелдердің мағынасын мағынасын ашудан бастадым.
1-топ: Те, кто умирает за любовь, любят слишком сильно.
2-топ: Старый друг лучше новых двух.
3-топ: Лучше друг верный, чем камень драгоценный.
4-топ: Кто друга в беде покидает, тот сам в беду попадает.
5-топ: Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
6-топ: Не узнавай друга в три дня, узнавай в три года.
Бұл жерде мақал- мәтелдің мағынасын ашу топ басшыларына берілді, олар Аяжан, Аралхан, Томирис, Жомарт, Аружан, Данияр есімді оқушылар болатын. Осы тапсырманы олар өздерінің жауапкершіліктеріне ала отырып, мағыналарын өмірден мысал келтіріп отырып, өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра ашып шықты. Сұрақ-жауап әдісі ең тиімді әдіс, себебі, ол оқушылардың көру қабілеттерін ойлау қабілеттерімен ұштастыра дамытады. Үй тапсырмасын тексергенде олардан «Әңгіме кім туралы?» деп сұрағанымда Мейірбек «Таня, Коля, Филька» деп жауап берді, «не себепті Филька кеудесіне Таня деп жазып алды?» деген сұрағыма Жомарттың «ол Таняны жан дүниесімен жақсы көрді», Аяжанның «Таняны өмір бойы ұмытпаймын дегенінің белгісі», Салтанаттың «Мен шын досым үшін бәріне де дайынмын» деген жауаптарын естідім. Бұл жерде балалармен кері байланыс орнаттым. Проблемалық сұрақтарға жауап бергізу арқылы оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға ұмтылыс жасадым.
Мен сабағымның өн бойында бағдарламада аталған жеті модульдің барлығын да кірістірдім. Жоғарыда аттары аталған әр топта топбасшылық қызмет атқарған оқушыларым талантты, дарынды балалар болатын. Олар сыныптағы оқушылардың сабақтағы қойылған мәселелерді талқылап, өзіндік пікір қалыптастырып, ой түйіндеулеріне себепші бола білді. «Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 13-бет) деген қағидаға сүйене отырып, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді көбірек пайдалануға тырыстым. Сол тәсілдердің бірі – топтық және жұптық оқыту деп есептеймін. Осыған орай, мен оқушыларыма алдымен фишбоун әдісімен жұпта, содан кейін топта жұмыс жасаттым. Оқу үрдісінде қаңқаның басында мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді, жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақталайтын дәйектер жазылады, балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады. Осы тапсырмаларды негізге ала отырып, оқушыларға постермен жұмыс жасаттым. Бұл қорытынды сабақ болғандықтан оқушылар бұл әдісті оңай орындады. Себебі алдыңғы сабақта оқушыларға «Дикая собака Динго или повесть о первой любви» бейнефильмінен интерактивті тақтадан үзінді көрсеттім. Осы тапсырманы орындағанда ерекше көзге түскен жұп Аяжан мен Еламанды айтуға болады. Аяжан Еламанды тақырып бойынша сөзге тартып отырды. Еламан ойының барлығын қазақша жеткізіп, ал Аяжан болса оны орысшаға аударып жазды, кейбір сөздерді Еламан ғаламтор арқылы іздеп отырды Ал басқа топ арасында постерді ерекше безендірген Ақнұрды айтпай кетпеуге болмайды. Осы жерде мен оның сурет салудағы талантын байқадым. Осы Бағдарламаның аясында сабақта ақпараттық -коммуникациялық технологияны пайдалану оқушыларға зор ықпалының тигізетініне көз жеткіздім. Себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. «Ақпараттық-коммуникациялық технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады... Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін + сыни тұрғыдан ойлауын + әлеуметтік хабардарлығын + оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 61, 68-беттер) делінген. Сонда олар өздерінің білгендеріне қосымша ақпарат іздеп, ойларын толықтырып жеткізе алды. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 28- бет).
Әрі қарай әр топқа дайындап келген жуан және жіңішке сұрақтарды оқушыларға қойдым. Бұл жердегі менің басты мақсатым – оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдалану болатын. Егер оқушылардың жауаптары толық емес немесе дұрыс емес болған жағдайда, оларға сенің жауабың дұрыс емес деп кесіп айтуға болмайды, сол себепті мен сол сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау арқылы қойдым. Сол уақытта дұрыс жауап бермеген оқушы өзінің қате жауап бергенін түсінеді.
Американ психолог Бенджамин Блумның сыни тұрғысынан ойлауды дамытуды көтеретін сұрақтары бар «Блум таксономиясын» сабақта мағынаны ашу кезеңінде қолдандым.
Білім – әңгімеде қандай мәселелер көтерілген дегенге, оқушылар Таняның әкесіз өскені, оның көп жағдайда өзін жалғыз қалғандай сезінуін айтты.
Түсіну – әңгіменің ең қызық жері: Таня әкесінің үйіне қонаққа барғанда өзіне тиісілі тамақты дастархан басында ішпей, итімді тамақтандырып келемін деп тысқа шығып, жануарына бермей тығылып өзінің жеп қойғанына түсініктеме бергіздім.
Қолдану – сен Таняның немесе Фильканың орнында болсаң не істер едің? Данияр «Мен Фильканың орнында болсам, онда мен Таняға мен сен үшін бәріне дайынмын, мен сені жақсы көремін деп айтар едім» деді. Аралхан болса «Мен қызға ондай сөздерді ешқашан айтпаймын, бірақ хат жазуым мүмкін, өзімнің сезімімді білдіру үшін» деп жауап берді.
Талдау – жеке оқиғалардың пайда болуын қарастыру: «Таня мен Коля, Филькаға тән қасиеттерді ата, қандай адам?» деген сауалға, Таня Коляны жақсы көреді, бірақ әкесі оның анасына кетіп қалғаны үшін жек көреді, сезімін білдіргісі келмегенмен, Женя оны байқап класс оқушыларына айқайлап айтады» деп жауап берілді.
Жинақтау – әңгіме туралы толық қорытынды жасауда, бұл топтың оқушылары мысалдарын дәлелмен кітаптан оқып беріп отырды.
Бағалау – бұл топта оқушылар Таняның жасаған іс-әрекеттеріне есеп бере отырып, ол шын досы Филькамен қимай қоштасқанын айтты.
Осы жұмыс барысында маған ұнағаны Томиристің тобы өз ойларын ашық айтты. Әңгіменің бас кейіпкері оқушылармен қатар болғасын, махаббат, достық тақырыбы болған соң ба, олар өздерімен салыстырып отырды. Сіз Таняның орнында болсаңыз не істер едіңіз? деген сұраққа топ мүшелері барлығы өз ойларын еркін жеткізді. Мысалы Томиристің өзі «Мен Таняның орнында болсам Колямен дос болуға тырысар едім. Үлкен адамның қателіктеріне неге балалары жауап беру керек» деп айтты.
Әр топ өз жұмыстарын постерлер арқылы қорғап отырды. Осы уақытта Еламан топ ішінен постерді қорғауға шықты. Ал бағалауға келер болсам, топтарға бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалаттым. Бағалау кезінде Еламан өзінің қоятын бағасын стикерге жазып, оқып берді.
Нұсқаулықта «Мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, -58 бет) дегенінің дәлелі іспеттес бұл. Үнсіз оқушының, яғни сабақта баға бермек түгілі, өз ойын еркін жеткізіп айтпайтын баланың, мен бағалайыншы деп көп ішінен суырыла алға шығуы – осы оқудың оң нәтижесі болғаны деп білдім.
Сабақты қорытындылай келе мен «Шын дос қандай болады?» мына қорапшаның ішінде шын дос бола алатын адамның суреті бар, «Қалай ойлайсыңдар, ол кімнің суреті?» деп жалпыға ортақ сұрақ қойып, барлық оқушының жауабын тыңдап шықтым. Содан соң әр топтан бір-бір оқушыдан сыныптан сыртқа шығуларын сұрадым. Оларды сыныпқа бір-бірлеп кіргізіп, қораптың ішіне үңіліп, сұраққа қайта жауап бергіздім. Оқушыларға айнаға қарап, ойларыңды айтыңдар дегенде, Салтанат атты шәкіртім «Мен де достарыма адалмын», Еламан «Қиын жағдайда әрқашан көмектесуге дайынмын», Аяжан «Шын дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», Елдос «мейірімді, тек шындықты айтатын адам» деп бір жағынан адал досқа мінездеме берсе, екінші жағынан өздеріне тән қасиеттерін жеткізді.
Қорытындылай келе, егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, сол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше деп білемін. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, жан дүниесі рухани байыған, еліне елеулі, халқына қалаулы бола аларлық жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты, таныс объектілерді зерттеуімен байланыстырудың маңызы зор. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту – бүгінгі білім беру саласыныың маңызды міндеті болып саналады.
Өз сабақтарымды Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын басшылыққа ала отырып, алдағы уақытта жұмыс жасау тиімді екенін түсіндім. Оқушылардың бұлай өздігінен пікір алмасуы, бірінің айтқанын бірі тыңдай бастағаны, диалогке түсе білуі мен үшін жетістік. Бұдан мен олардың еркін сөйлеуге бірте-бірте үйреніп келе жатқанын аңғардым. Осы модулдерді тәжірибеге енгізгенде оқушыларда біршама өзгерістер болды:
-Топпен бірлесе жұмыс жасау арқылы оқушылардың белсенділігі артты;
-«Белсенділігі төмен» оқушы ынталанды;
-Еркін сөйлеуге, өз пікірін айта алатын болды.
Мен алдағы уақытта жаңа әдіс тәсілдерді пайдаланып, оқушыларға түрлі тапсырмалар беріп білімге деген құштарлықтарын арттырсам деймін. Себебі бұл – оқушыларды өз пікірін дәлелдеп, оны қорғауға жетелейді, өзіндік пікірін еркін айтуға төселдіреді. Алдағы уақытта осыған көп көңіл бөлемін деп түйдім. Келешекте өз сабақтарымда жеті модульді басшылыққа ала отырып, өз тәжірибемде тиімді қолдансам, жоғары нәтижелерге қол жеткізетініме сенемін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?