Қазақ әдебиеті | Құл Алшын Қартайұлы

Қазақ әдебиеті | Құл Алшын Қартайұлы

Құл Алшын Қартайұлы, Құл батыр (1673-1742) — шектінің алғашқы ұраны, Бақтыбай батырдың ұстазы. 1673 жылы Каспий теңізінің жағалауында дүниеге келген.1742 жылы Арал теңізінің Құланды деген жерінде дүниеден өткен. Шыңғыстың ұрпағы Құлбатыр Шекті елінің әрі көсемі, әрі қол бастайтын батыры болған.
Шежіре деректері бойынша Құл батыр Кіші жүз → Әлім → Шекті → Жақайым → Көгіс → Торжымбай → Қартайдан → Құл батыр туады. Қартайды жеңгелері атын атамай, қалжындап Быламық деп атап кеткен. Одан тараған ұрпақ бүгінде өздерін быламықпыз деп жатады.
1727 жылғы Қалмаққырылған, 1719-1730 жылдардағы Аңырақай-Итішпес шайқастарына қатысқан. Құл батыр ту ұстап, шеп бұзып шектінің ұранына айналған.
Ұлы шайқаста Құл батыр жекпе-жекте Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің жиені, ойратың Шоорос тайпасының батыры Доржы Сенкудің басын шапқан. Осыдан кейін жау қолының көбесі сөгіліп, шектілер шабуылға көшкен[1].
Құл батыр ел басшысы болумен қатар көріпкел әулие болған адам. Жаумен шайқаспас бұрын жаудан жеңілетінін алдын ала болжап, соған сай қимыл жасаған. Құл баба Тама Есет, Табын Бөкенбай, Назар Жомарт батырлармен үзеңгілес болып, елін жаудан қорғаған[2].
Құл батыр өз заманында ақылгөй, әрі әулие, әрі батыр деген құрметті атқа ие болған. Арал ауданында «Құлдың құдығы», «Құлдың қорымы», «Есентай құдығы» деген жерлер бар[1].
Құл батыр әулиеге Құланды елді мекенінен 18 шақырым жерде кесене тұрғызылды. Кесененің биіктігі – 6 метр


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?