Сұлулығымен баураған - Көлсай

 Сұлулығымен баураған - Көлсай

2016 жылдың жаз мезгілі. Алматының күйбелең қарбаласын артқа тастап, әсемдігімен көпті таң қалдырған Көлсай көліне бет алдым. Көңілде алабұртқан екі сезім ұштасқандай. Бірі оқушылық өмірді артта қалдырып, стіденттік өмірге қадам басқалы отырған қуаныш сезімі болса, енді бірі ҰБТ-дан аз балл жинап қалдым-ау деген өкініш сезімі. Көлсай көліне аттануымның басты себебі осы ҰБТ еді. Ата-анам барып сергіп қайт деп жіберген. Әке-шешемнің маған артқан үміттерін ақтай алмай қалдым-ау деген беймаза бір сезім тағы бар. Ол кісілер бұл өмірдің шағын ғана сынағы, ештеңе етпейді, сені оқытпағанда кімді оқытамыз деп жұбатқан. Неде болса барлығы артта қалды. Алда тек жақсылық деген оймен сайын дала төсіне көз тастаумен келемін. Бірте-бірте қырат-қырат жоталар мен әсем жартастардың бейнесі көзге түсе бастады. Жол бойындағы ауылдардан бұзау қуып, ат мініп жарысқан балаларды да көзім шала бастады. Не деген керемет десеңізші! Кәдімгі ауыл тынысы! Осылайшы уақаттың зырғуымен 4-5 сағаттық жолды артқа тастап, көлге де жеттік. Көліктен түсе сала биіктігіне көзің жетпейтін қарағайлы жартастардың ортасында орналасқан Көлсай сұлулығымен өзіне баурап алды. Бейне бір табиғат сұлулығының барлығы осы жерде жиналғандай. Алматының түтініне әбден уланған өкпем, бұл жердін ауасымен енді тыныстай бергісі келетіндей. Сылдырлап аққан мөлдір суы мен әсем әуенін сайраған бұлбұлының үні осы табиғатпен үйлесім тапқандай. Осынау көркем табиғаттың сұлулығына көзім тоймай, бір орында қатып тұрып қалыппын. Бағанағы беймаза сезімдер енді ұмытылғандай. Ойымда ештеңе жоқ. Тек осы бір табиғат сұлулығына ары қарай үңілсем екен деген жаңа ой пайда бола бастағандай. Табиғат кереметі деген осы шығар!

Тұяқбай Нұржан

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?