Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Мазмұны:



Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің інде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.


Қарап көріңіз:


Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!


16 жас құтты болсын!

..... сені мен 16 жасынмен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!



 Құтты болсын келген іңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.


Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.


18 жас

Сені 18-ге толған туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!




Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!




Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.




Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!



Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!



Пайдалы сілтемелер:



Туған күн құтты болсын!
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші - адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші - тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші - қатарыңда кемелді бол.
Бесінші - берекелі, беделді бол.
Алтыншы - арыстандай айбатты бол,
Жетінші - жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.


Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!


Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!


Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң - төз
Жарыссаң - оз
Ойнасаң - ұт
Күрессең - жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!


Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күндеме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!


Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек, қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!!


Қысқаша тілектер

Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.


Өткенге өкінбе, Болашақты болжама, осы шақты бағала.


Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.


Өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін.


Шаттыққа толы күндер,
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.


Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.


Қыстай қатты денсаулық,
көктемдей көңілді өмір,
жаздай ыстық махаббат,
күздей мол табыс тілеймін


Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.


Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін
Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 15
  1. Құрбыма тілектер
    31 + 22 -
    Қымбатты құрбым! Сені туылған күніңмен құттықтаймын! Өміріміздегі ең маңызды сәттерді бірге өткіздік. Сондықтан, сен мәңгілік менің жүрегімде боласын. Әрқашан бақытты, әдемі және көңілді болуынды тілеймін! Жарқын еріндеріннен ешқашан күлкі кетпесін! Сені қолдайтын және армандарыңды жүзеге асыруға көмектесетін адамдарын әрқашан қасында жүрсін! Сүйікті құрбым! Көбірек күл, бүгін сенің күнін! Армандарын мен тілектерін орындала берсін, әр жаңа күн қуаныш пен жақсы жаңалықтар әкелсін! Алла тағала осындай құрбыны сыйлағаны үшін қуаныштымын. Өйткені, сен маған әрдайым жәрдем жасауға дайынсын. Өмірде қателік жасаудан қорықпа. Мен әрқашан сенің жанындамын! Менің сүйікті қызым! Туған күн мерекесі құтты болсын! Бұл өмір саған қуаныш, бақыт және сәттілік әкелсін! Сен бұған лайықсын! Ешқашан мұнайма, өзіне деген сенімділігін жоғалмасын! Жамандық ұмытылып, жақсылық көбейе берсін!
  2. Имя нет
    Имя нет 09.05.2021 21:45
    6 + 11 -
    Нұрсая жанм бүгнгы келп жеткен туылған күніңмен шын жүректен құттықтайм ұзақ өмір зор денсаулық тілеймін әрқашан күлп жүр мұңайма саған тек жақсылық тілеймн өзендей өмір көлдей көңіл тілеймін жанм соо сены жахсы коремғо байбшем балпаным мармеладм?????
  3. Амангуль
    Амангуль 03.04.2021 23:53
    5 + 4 -
    Алгысым шексиз?. Рахмет
  4. Гүлжихан
    Гүлжихан 16.03.2021 23:09
    8 + 2 -
    Әрдайым күлімдеген мойымаған,

    Құштарлығы өмірге жойылмаған

    Құрбыма қуанышты күнде келіп

    Білдірейін ақ тілек ойымды алдан.

    Туған күн құтты болсын бүгін келген
    Деп тілек арнай келдім жырымменен
    Әрдайым бақыт тоссын тек алдыңнан
    Тағдырың оң қарасын пірім деумен.
    Сөзің бар желілерде тереңдерден
    Еліңе келесің шын елеңдеумен
    Талайы ой алады ардайымда
    Сен жазған мақаламен өлеңдерден
    Ақынсың ,өнерің бар бойда шабыт
    Дегендей жыр тиегін қойма ағыт
    Құттықтау арнап келдім бұл күніңе
    Жиырма сегізінші көктемің тойланатын

    Аман бол жастан жасқа толып жылда
    Жан жағың арайлансын толып нұрға
    Талайға үлгі болған асыл құрбым
    Қуанышың еселенсін болып жылда.
  5. Жансая 2008
    Жансая 2008 08.03.2021 15:46
    5 + 2 -
    Курбым (...........) сены шын жүректен 8 наурыз мерекеңмен куттыктайм сены катты сагындым канша алыс болсан да Жан Курбым ар кашан жанымда жургендейсын саган тылереым ар кашан аман боп бакытты жайнап кулып журе бер, ?⛓️❤️
  6. Мерейка
    Мерейка 08.02.2021 11:45
    8 + 6 -
    туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймын ????????????????ешқашан ауырма зор денсаулық????????????? мол бақыт пен шаттық тілеймін ??????????????өмірің қуанышқа толы болсын ??????????аспаның ашық сабақ 5 болсын ????????????ата анаңның үмітін ақта??????????? мектепті 5 ке бітір бақытты бол???????. ??????????????Саған айтар тілек
    Таусылма еш жүдеп
    Қиналсаң - төз
    Жарыссаң - оз
    Ойнасаң - ұт
    Күрессең - жық
    Ешкімді басынба
    Басыңнан асырма
    Табысқа тасыма
    Намысқа жасыма
    Ешкімді күн деме
    Ешкімді тілдеме
    Сөзіңнен танба
    Қатарыңнан қалма
    Біреуді даттама
    Ешқашан кек сақтама
    Біреуді сыртынан айдама
    Өсекті тыңдама
    Шынығып шындал?????
    Жақсыдан үлгі ал!Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
    Бүгін мынау сенің інде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
    Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
    Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
    Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.
    1. ZHARAR 08.02.2021 17:45
      2 + 5 -
      Керемет тілектер
  7. Іңкəр
    Іңкəр 26.01.2021 23:02
    0 + 3 -
    Маған 12 жас дегенге тақпақ шығарып бере аласыздарма
  8. Оқырман Алуа
    Оқырман Алуа 06.01.2021 13:06
    1 + 3 -
    Құрбым подружкам туған күніңмен ? құттықтаймын
  9. Гость Алуа
    Гость Алуа 12.12.2020 10:30
    13 + 3 -
    Жаным Жан құрбым Жәннәт?Бүгінгі туылған күнің құтты болсын?ешқашан ауырма?Әрдайым күліп ойнап жүре бер!?Саған әлемдегі бар жақсылықты тілеймін?? жаса.ҰБТ дан жоғарғы балл алуыңа Тілектеспін?Ата анаңның және өзіңнің армандарың орындала берсін Алла тағала екі дүниенің бақытын нәсіп етсін??
    Әрдайым жанымда жүріп қолдау көрсеткеніңе
    Жанымда болғаныңа рахмет?Мен сені жақсы көремін?
  10. Мариям
    Мариям 18.11.2020 07:56
    3 + 2 -
    Құрбыма тілек ұнады, рақмет
  11. marinette
    marinette 15.10.2020 08:54
    2 + 1 -
    Керемет
  12. marinette
    marinette 15.10.2020 08:54
    0 + 0 -
    Керемет
  13. marinette
    marinette 15.10.2020 08:53
    0 + 0 -
    Керемет
  14. Ансагуль
    Ансагуль 30.10.2020 07:37
    5 + 0 -
    Керемет ? тілектер