Сағадиев: "Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз

Сағадиев: "Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап тұрып, оқуға түсе алмай қалған бірсыпыра талапкерлердің ата-аналарымен кездесті деп хабарлайды NUR.KZ, Хабар24 сілтеме жасап.

Себебі олар кеше ғана өз наразылықтарын білдірген еді. Әсіресе, медицина саласын таңдаған талапкерлер алаңдаулы. Ата-аналар бюджеттен қарастырылған білім гранттары әділетсіз бөлінген деп есептейді.

Себебі, білім грантынан қағылғандардың дені – «Алтын белгі» иегерлері.

Наразы топпен кездескен министр әрбір арыз-шағым жеке қаралады деп сөз берді.

"Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Бірақ барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз", - дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Айта кетейік, биылғы оқу жылына мемлекеттен 37 932 білім гранты бөлінген болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Jami Suiinbek
    Jami Suiinbek 14.08.2017 16:28
    0 + 0 -
    сонда сатып алған балдан біздің алтын белгіміз төмен болып тұрғаны ма? 11 жыл текке оқығанымыз ба? мектепте 11 жыл тайрандап жүріп ҰБТны сатып алып, ал 11 оқығанымыз күйгені ме? Бізден кейінгі түлектер не ойлайды сонда? оқымай-ақ грант ала-алады екенбіз демей ме? Бұд деген сөз білімнің құны көк тиынға түсті дегенді білдіреді ғой! Мен ҰБТдан 110 балл алдым+Алтын белгі+ауыл квотасы бар! сонда осындай мүмкіншілікпен медицинаға түспедім. бұл шеттен шыққандық қой! 70-50 баллмен гранқа түседі де мен және мен сияқты талай адам түспейді ме? жемқорлық белең алып жатқан біздің елде әділеттікке қол жеткізу мүмкін емес секілді! Болашаққа үлкен үмітпен қарағанда осындай надан адамдардың кесірінен аяғымыз байланып қалады, арманымыз жайында қалады! Сонда қара халықты кім ойлайды?