Рамазан айы. Оразаны ұйқыда өткізу

Рамазан айы. Оразаны ұйқыда өткізу

Сұрақ: Бір молда: «Оразасын ұйқыда өткізетін адам сауап алмайды, алса тек түсінде ғана алар. Оразаның сауабын қиялдай да алмайды» дейді. Мен түнде жұмыс істеймін, күндіз ұйықтаймын, тек намаз уақыттарында тұрып, намаздарымды оқып, қайтадан жатамын. Менің оразаларым босқа кетіп жатыр ма?
Жауап: Жоқ, ораза ұстаған адамның ұйықтауының зияны жоқ. Керісінше ұйықтауы да сауап болады. Түнде жұмыс істемесеңіз де күндіз ұйықтауыңызға болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ораза ұстаған адамның ұйқысы ғибадат.» (Дәйләми)
Ұйықтау жаман амал емес. Өлі сияқты жатқан адам, Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұйықтағанда да сауап алады. Ұйқыда күнә жазылмайды, өйткені саналы түрде ешқандай күнә істелмейді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:
«Мына үш адамға күнә жазылмайды: Ұйықтап жатқан адамға оянғанға дейін, бала балиғатқа жеткенге дейін және ақыл-есі кем адам жазылғанға дейін.» (Әбу Дауд)
Егер ораза ұстаған адам дәретпен жатқан болса, бөлек сауап алады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Дәретті болып жатқан адам ұйқыда жатқанда, күндіз саим (ораза ұстаған), түнде қаим (түнде оянып ғибадат ететін адам) сияқты сауапқа қауышады.» (Дәйләми)
Жатарда, қайырлы істерді жасай алу үшін тынығып алуға, намазға тұруға, оянғаннан кейін жақсы амалдар істеуге ниет ету керек! Осылай ниет еткен адамның ұйқысы ғибадат болады. Ғалымдар мұны біліп, осылай ниет ететін болғандықтан, сүйікті пайғамбарымыз «Ғалымдардың ұйқысы ғибадат» деген. Кімде-кім «түнде ғибадат етемін» деген ниетпен жатып ұйықтаса, бірақ ояна алмай қалса, осы ниетінің себебімен сауап алады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ғибадатқа ниет етіп жатқан адам ояна алмай ұйықтап қалса, ниетінің себебімен оған түнді ғибадатпен өткізгендей сауап жазылады, ұйқысы да өзіне берілген садақа болады.» (Нәсаи, Ибн Мажа)
Ораза ұстаған адам ояу кезде намаз оқи алмай, жақсы амалдар істей алмайтын болса, ғайбат айтып немесе күнә болған істерді жасайтын болса, ол адам үшін ұйықтағаны жақсырақ болады. Ұйықтау арқылы күнәлардан құтылған болады. «Оразаны ұйқыда өткізген адам оразаның сауабын қиялдай да алмайды» деп айту бекер сөз.
"Ұзақ және ыстық күндерде ораза ұстау, қысқа әрі суық күндерде ораза ұстаудан және кедергілер арасында қиыншылықпен ораза ұстаудың сауабы көбірек" деп өзін қиындықтарға соғу қате болады. Қиындықтар табиғи болып келу керек, өз қолымызбен өзімізді қиыншылыққа түсіруіміз сауап болмайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?