Рамазан айы. Ораза. Ауызашарды кешіктіру жаиз ба?
Жауап: Ақшам уақыты кіргені анық белгілі болса, алдымен құрма, су сияқты нәрселермен ауыз ашылады, одан кейін намаз оқылады. Тамақты тез жеп, содан кейін намаз оқу да жаиз. Бірақ ауызашар дастарханында әртүрлі тағамдар болғаны үшін ақшам намазы кешігуі мүмкін. Намаз мәкрух уақытқа қалуы мүмкін. Осы тұрғыдан алдымен намазды оқу, одан кейін асықпай тамақ жеу жақсырақ болады. Уақыттың кіргені нақты белгілі болмаса, алдымен намазды оқу керек. Кейінірек уақыттың кірмегені мәлім болса, намазды қайта оқып алуға болады. Ал бірақ уақыт кірместен ауыз ашылатын болса, ораза бұзылған болады. Қалпына келтіру де мүмкін болмайды. Уақыттың кіргені нақты белгілі болса, алдымен ауыз ашып, намаз оқығаннан кейін тамақ жеу керек.
Хадис шәрифте: «Ауыз ашуға асығыңдар» делінген. (Хаким)
Асығудың соңғы уақыты құнды кітаптарда жұлдыздар көрінгенге дейін екендігі білдірілген. Ал бұл шамамен ақшам уақыты кіргеннен жарым сағат кейін. Хадис шәрифте: «Жұлдыздар көрінбей тұрып ауыз ашқан адам сүннетіме сай амал еткен болады»- делінген. (Ибн Хиббан)
Ауызашар дұғалары
Сұрақ: ауыз ашқанда қандай дұғалар оқылады?
Жауап: Күннің батқаны белгілі болған кезде ауызашардан бұрын Әузу мен Бисмилләһ толық айтылып, «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ, иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» делінеді. Мағынасы: «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет!»
Бір-екі жұтымдық нәрсе жеген соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы: «Аштық бітті.Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды.»
Рамазанда былай да дұға етіледі:
Йа Раббым, Рамазан айының шапағатын бізге нәсіп ет! Рамазан шәрифте кешірім мен мағфирет етіп тозақтан азат еткен құлдарыңның арасында біздің де болуымызды нәсіп ет!
Ақшам намазын кешіктірмеу керек
Сұрақ: Маңызды ауызашарға шақырылған кезде ақшамның парызын немесе сүннетін тамақтанғаннан кейін оқу жаиз бола ма?
Жауап: Уақыттың кіргені нақты белгілі болса, алдымен ауыз ашып, одан кейін ақшам намазын оқу керек, содан соң тамақ жеу керек. Намазды мәкрух уақытқа қалдырмау керек. Ақшам намазын жұлдыздар көрінгенге дейін (шамамен жарым сағат) кешіктірмеу керек. Соңғы сүннеті бар болған намаздарда парыздан кейін соңғы сүннетті бірден артынша оқымау да мәкрух. Ауызашарды сылтау етіп, ешбір қажеттілік болмастан ақшамның сүннетін тәрк ету жаиз болмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?