Рамазан айы. Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік

Рамазан айы. Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік

Бақыт айы, мейірім айы, кешірім айы болған қасиетті Рамазан айы басталды...
Бәрімізді қасиетті Рамазан айының шапағаты мен берекесіне қауышқан, Рамазан айында кешірілген және тозақтан азат етілген пенделерінен етуін Хақ та’аладан тілейміз.
Дін бауырларымызға қайырлы өмір, жақсы мінез-құлық, сәлим ақыл, зор денсаулық, берік иман, тура жол және рушду хидаят ихсан етуін Раббымыздан тілейміз.
Хазреті Имам Раббани былай дейді:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ауызашар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Тозақтан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды. Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың ғибадат етулеріне жеңілдік жасаған әмірлер, басшылар да кешіріледі. Тозақтан азат болады. Қасиетті Рамазан айында Расулуллаһ тұтқындарды азат ететін, мұқтаждардың барлық сұрағандарын беретін. Бұл айда ғибадат және жақсылық жасай алғандарға бүкіл бір жыл осы амалдарды жасау нәсіп болады. Бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. (Бұл айды ғанибет, мүмкіндік деп білу керек.) Қолдан келгенше ғибадат ету керек. Аллаһу та’аланың разы болған істерін жасау керек. Бұл айды ахиреттің бақытына қауышу үшін мүмкіншілік деп білу керек. Құран кәрім Рамазан айында түсті. Қадір түні осы айдың ішінде. Рамазан айында ауызды шам уақыты кіруімен ерте ашу, сәре тамағын да имсак (фәжр) уақытына жақындатып кеш жеу сүннет болып табылады. Расулуллаһ бұл екі сүннетті орындауға қатты мән беретін еді. Ауыз ашуға асығу және сәре тамағын кешіктіру, бәлкім, адамның төмендігін, әлсіздігін, ішіп-жеуге және барлық нәрсеге мұқтаж екендігін көрсетуде. Ғибадат ету дегеніміз де осы. Құрмамен ауыз ашу сүннет. Ауыз ашқанда «Зәхәбәз-зама-у уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл-әжр иншаллаһу та’ала» дұғасын оқу, тарауих намазын оқу, хатым оқу маңызды сүннет болып табылады.
Бұл айда әр түні тозаққа түсетін мыңдаған мұсылмандар кешіріледі, азат болады. Бұл айда жаннат есіктері ашылады. Тозақ есіктері жабылады. Шайтандар шынжырлармен байланады. Рахмет (мейірім) есіктері ашылады. Аллаһу та’ала бұл қасиетті айда Оның мәртебесіне лайықты түрде құлшылық етуді және Раббымыздың разы болған, ұнатқан жолымен жүруімізді бәрімізге нәсіп етсін! Амин.
(Ораза тұту қиын болған жерлерде ораза тұтқандарға және дін дұшпандарының өтіріктеріне алданбай, оразаларын бұзбағандарға өте көп сауап беріледі. Рамазан шәриф айы ислам дінінің намысы. Бұл айда күндіз ашықша, адамдардың көзінше ішіп-жеген адам бұл айға құрмет етпеген болады. Бұл айға құрмет етпеген адам Исламның намыс пердесін жыртқан болады. Намаз оқымайтын адамның да ораза тұтуы және харамдардан қашуы керек. Бұлардың оразасы қабыл болады және имандарының бар екендігі аңғарылады.)
Қадір түні жаңғақтың іші сияқты. Ал Рамазан айы қабығы сияқты. Сондықтан кімде-кім, бұл айды құрметпен, жақсы өткізіп, бұл айдың жақсылықтарына, берекелеріне қауышса, бүкіл бір жылы жақсы өтіп, қайырлы және берекелі болады.
Аллаһу та’ала бәрімізді осы мүбәрәк айдың жақсылықтарына, берекелеріне қауыштырсын. Әрбірімізге бұлардан үлкен үлес берсін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Alisher Tashimbetov
    Alisher Tashimbetov 05.06.2017 15:59
    0 + 1 -
    Ия..ессіз өтіп жатқан ғұмыр..жылда шілде болуына қарамастан ораза ұстанушы едім..былтыр желтоқсанда жабысқан дерт әжептеуір аздырып жүдеді, соңғы 6 айда, доқтырлық емнен жазылмай.."АЛЛАҺУ ЖАЛЛА ЖАЛОЛЛАҺУ" -тыйым салған- әдістерді де сене-сенбей пайдалануға мәжбүр болдым..қазір Бір жаратқанға шүкір -аздап оңалып келемін..әркімнің -мүсіркеулері жаныма батты-..солай ораза-2017 тұта алмай қалдым..бірақ -құйтыртқы әрекеттер мен басқа көріністегі өрескел мінезден құтылғаным қашан..Иншалла Аллаһым өмір мен денсаулық берсе келесі жылдан тұту ниетім бар..Кім тұтқан болса "АЛЛАҺУ ЖАЛЛА ЖАЛОЛЛАҺУ" қабыл етсін..Әумин! Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/kenes/11528-ahiret.html © www.ZHARAR.com