Биыл жазда қайда демалуға болады?
Демалыс орындарын таңдау, асыға күткен саяхатты көңілден шығатындай етіп ұйымдастыру туралы "Гелиос" туристік компаниясының бас директоры Айгүл Сәтжан Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында айтып берді
АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Бәріміз асыға күткен жазғы туристік маусымның басталуына аз ғана уақыт қалды. Туристік компаниялар мен операторлар сақадай сай, ал қазақстандықтар жазғы демалысын қазірден бастап ойластыруда. Бүгінде саяхат бағыты мен демалыс түрін таңдауға көптеген факторлар әсер етеді. Және, бір қызығы, бұл жерде бәрінен де саяси ахуал маңызды, ол туристерді жіберетін де, қабылдайтын да елдердің экономикалық климатын қалыптастырады. Демалысқа аттанбас бұрын, әсіресе, бүкіл отбасымызбен жиналғанда, бірнеше жайттарды ескереміз – қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы, қолайлылық, өңірдегі санитарлық ахуал және өз бюджетіміз.
- Туристік маусым басталғалы тұр, бәрі теңіз жағасына аттанып, күнделікті тіршіліктің күйбеңін артқа тастағысы келеді. Бұл кезең туристік компаниялар үшін ең тиімді уақыт па? — Иә, жазғы маусым – демалыстарға арналған ең ұзақ кезең. Дегенмен туристер жыл бойы белсенділіктерін жоғалтпайды, өйткені қазір де климаты ыстық елдер өте көп, жыл бойы жұмыспен қамтылғанбыз. Ал жазда отбасылық демалыс бірінші орында тұрады, мұның өз ерекшеліктері бар: қолайлы қонақ үй, қолайлы ел, ойын-сауық. - Қолайлы ел туралы айтайықшы. Қазір қай елдерге саяхаттаған жөн деп ойлайсыз? Халықтың жүрегін жаулап алған Түркия елі бірінші орында ма? — Түркия демекші. Шыны керек, Түркияның бәсекелестері бұрынғыдай аз. Әсіресе, былтырғы жылы санкция шығып, Ресеймен қарым-қатынасы тоқтағаннан кейін ахуал мүлдем өзгерді. Бұл жайт елге жаңа серпін беріп, олар ресейлік туристердің қалың тобын сағынып қалды, сол себепті қазір демалушылар үшін көптеген артықшылықтар бар. Біршама клиенттеріміз Түркияға барғысы келеді – олардың арасында ақшасын үнемдегісі келетіндер, дүние жүзін талай аралағандар да бар.
- Қауіпсіздік жағы қалай? Бірнеше мәрте теракт болғаннан кейін, Түркияға көп ешкім барғысы келмейді емес пе?
— Өзім де сонда барып демаламын, достарым мен туыстарым да барады, Түркиядан бас тартпаған клиенттер де толып жатыр. Ақша жағынан тиімді, барлық жағдай жасалған әрі қауіпсіз. - Қазақстандықтар арасында тағы қандай бағыттар кең тараған? — Бүкіл елдерге сұраныс бар – жазда Еуропа мен Азияға, жаңағы айтқан Түркияға барғысы келеді, бірақ, әлбетте, қаржы мәселесі ескеріледі. Мәселен, бізге былтырғы жылы демалысқа 10 мың доллар жұмсаған клиенттер келеді. Ал биыл тура сол бағытты тиімді сомаға, басқа шарттармен таңдайды. Кейбір клиенттердің сұрауы көп, бірақ қаражаты шектеулі. Біз бәрінің тілін тауып, көмектесуге тырысамыз. Бір мәмлеге келеміз. - Ал егер бюджет жағы шектеулі болса, өзімізге көрші орналасқан елдерге баруға бола ма? Мысалы, Қырғызстанға?
— Әрине, болады.Бірақ бұл жерде де бір мәселе бар. Біріншіден, кей адамдар мұндай тиімді ұсыныстарға қарамайды. Екіншіден, адам шығын шығарып, демалысқа барғасын, шетелге, теңіз жағасында болғысы келеді. Қырғызстанда керемет демалғанша, орташа деңгейде болса да Түркияға барып қайтсам дейді.
- Ал виза мәселесін қалай реттейсіздер? Бұл қазақстандықтар үшін қиындық туғызбай ма? — Ешқандай қиындық жоқ. Мұның бәрімен агенттік айналысады. Кейде туристердің өздері-ақ ресімдеп алады. Мәселен, кейде визаны біз жасап, қонақ үйді өздері брондайды, бірақ бұл әрқашан тиімді емес. - Биыл Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін қабылдайды, демек елімізде туризм саласы дами түседі ғой? — Иә, ЭКСПО өте елеулі, айтулы оқиғалардың бірі, еліміздің туризм саласына жаңа серпін береді, жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Астана әуежайында "ашық аспан" режимінің енгізілетінін ескерсек, көрме қарсаңында елімізге көптеген турист келетіні анық. Шетелдіктерге Қазақстан қатты ұнайды, сол себепті бұл жайт саланың дамуына ерекше қарқын береді деп ойлаймын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?