Менің жүрегімдегі Қазақстан
Жұмагелдина Сәнімай
10 сынып, ЖББ №74 орта мектебі
Қарағанды қаласы Жетекшіcі қазақ: Ходжаев С.Ә.

Қазақстан – Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ. Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құс-тың сұңқылдаған дауысы құлағыма келеді. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз.
Қазақ халқы – ежелден еркіндікті аңсаған, соның жолында талай қиыншылық-ты кешіріп, күресе білген, жауынгер халық атанған ел. Тәуелсіздік үшін басын бәйгеге тіккен қазақтың біртұтастығына, ұланғайыр өлкесіне көзін алартқандар аз болған жоқ. Сол тәуелсіздік жолында ата-бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдарын- дағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, Ұлы Отан соғысы, мың тоғызыншы сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген «Желтоқсан оқиға-сы». Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз,айыптамаймыз да. Себебі, бұл тарих. «Өтке-німізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті,дамыған елдер қатарында келеді.Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді қадам басып келеміз. Ел өз қалауымен президентін сайлап, Ата заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз, қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып жариялан-ды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Сонымен қатар Қазақстан Астанада Халықаралық маман-дандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына қол жеткізді. Біз елеулі үміткер, осындай халықаралық форум өткізуде тәжірибесі бар бельгиялық Льеж қаласын жеңіп шықтық . Бұл Қазақстанның зор табысы. Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын – АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және басқа елдерде өтті. Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр. Біздің осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге айналғанымызды тағы да көрсетіп дәлелдеп отыр. Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – бұл, сонымен бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілікті мой-нына алды. Алдағы уақытта біз осы жауапкершіліктен сүрінбей өтуге тиіспіз.
Елбасымыз айтқандай, ХХI ғасыр – жастар ғасыры. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жас ұрпақ екенімізді естен шығармай, туымызды биік ұстаймыз. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі болашақ иелері. Ұрпақ үшін жасалатын игілік – келешек өміріміздің айқындар жолы. Елбасымыз: «Қазақстан өзге елдермен тең дәрежелі қарым-қатынас жасау үшін жастар білімді де білікті болуы қажет»,- деген. Тіпті алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек . Күшті болуға бірлік керек», -деген. Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын аға-апаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады.
Арқауы ерен ерлік дастанының,
Қайраты елге әйгі жастарының.
Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,
Жұлдызы жарқырайды аспанының,
- деп ақындарымыз да, жастарды арқау етеді.
Менің ойымша әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз деп білемін. Жастар ойланайық, толға-найық! Қазақ дейтін айбарлы елдің намысын еш уақытта таптатпайық! Егеменді еліміздің азаматы болайық! Олай болса, от жүректі, көзі ашық,көкірегі ояу, еліміз-дің болашағы – жалынды жастар, жанын пида еткен бабаларымыздың аманатын, мирас етіп қалдырған елін, жерін, тілін шұбарламай қаз қалпында келесі ұрпақтар -ға табыстайық. Күніміз шуақты, халқымыз қуатты болып, көк туымыз көк аспанда мәңгілік қалықтасын!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?