Ұстаздар (мұғалімдер) күні (Ұстаз болу...)
Асанбаева Гүлдәурен
4 курс, ЖИГК Жезқазған қаласы
Жетекшісі: Бекбергенов Ә.И.
4 курс, ЖИГК Жезқазған қаласы
Жетекшісі: Бекбергенов Ә.И.
Әр адамның асқақ армандарға, биік мұраттарға қолсозатыны ақиқат. Бала жасымнан ұстаздардың ұлы істерге толы ұлағатты әрекеттері мені мұғалім болуға итермеледі. «Мұғалім өзінің білімділігімен , жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді », - деген Мәлік Ғабдуллин ағамыздың пәлсапалық ойы әсер етті ме, кішкене кезімнен «Ұстаз болсам» деген ұлы арманым сәби жүрегімді шымырлатқаны рас. Сол үшін де ұстаздарымның айтқандарын қалт жібермей, «қағілез қыз»деген «атаққа» ие болғанымды несіне жасырайын? Менің ішкі ойымды ұстаздарым да қамшылап, болашаққа қанатымды қомдады. Мақсаттарыма медеу болды, биік мұраттарға құлаш ұруға тамызық болды. Сөйтіп, кіндік қаным тамып өскен қасиетті Ұлытаудан мыс шаһары Жезқазғанға жол тарттым. Таңдауым Жезқазған қаласындағы іргелі оқу орындарының бірі – Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжіне түсті . Бала кезімнен атағы жер жарған білім ордасына ат басын тіреуім де тегін емес болатын. Осы білім шаңырағындағы терең білім, салиқалы тәрбие – менің әдбен қаныққан нәрселерім болды. Сөйтіп, арманның арғымағына мініп, білім сахарасында көсіле бердім, көсіле бердім. Мұғалімдерімнің мол тәжірибесі, тағылымы мен тәлімі бала жастағы арманымның одан әри беки түсуіне ықпал етті. Білім тереңіне дендеп бойлағанымды өзім де сездім, сездім де үздіксіз ізденісті жаныма серік еттім. Колледжімнің қабырғасында ұйымдастырылатын түрлі шаралар менің «Ұстаз» болып қалыптасуыма мол мүмкіндіктер тудырды.
Әйгілі ұстаз Ахмет Байтұрсынов ағамыздың: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деген ойы расқа шығып жатты. Жаны жайсаң ұстаздарымның тағылымынан сапалы білім, салиқалы тәрбиенің сан түрінен шыңдалып жаттым. Осы қасиеттердің барлығын бойыма үздіксіз сіңіре бердім, сіңіре бердім. Мектеп қабырғаларында тәжірибеден өту барысында мұғалімдерден алған мол білім әжетке жарап жатты. «Ұстаз» деген мамандықтың ұлылығын түйсіндім, маңыздылығын мойындадым.
Біздің қаламыздың жанында орналасқан «Орленок » жазғы сауықтыру лагеріне барып, жыл сайын тәлімгерліктен өтуді дәстүрге айналдырдым. Бала жанының пәктік пен періште пейілді сезіну қандай бақыт десеңізші! Сәбидің бір сәттік шат күлкісіне әлемнің барлық асылын айырбастай алмайтынымызды ұғындым. Әр үйдің шолжаңдарымен күн мен түнді бірге өткізіп, сол «ел ертеңдерімен» бірге күліп, бірге өкінудің өзі- маған шексіз де шетсіз ләззат сыйлап жатты. Мұғалімдіктің шын мәнінде, қиын да қызық мамандық екендігіне көзім жетті . Көзім жете отырып, Әл-Фараби бабамыздың: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», - деген ойына терең бойладым, осы қасиеттердің барлығын бір бойыма жинауға ұйғарым еттім. Сол кішкене балғындардың қоштасар сәттегі: «Апай, біз сізді қимай тұрмыз! Келесі жылы тағы да кездесейікші!», - деген толқыныстары көзіме еріксіз жас әкелді. Бұл – қуаныштың, мамандығыма деген сүйіспеншіліктің көз жасы еді.
Міне, сынаптай сырғыған уақыттар да жылжып, соңғы курста білім алу үстіндемін. Алда – нұрлы болашақ, шетсіз де шексіз келешек. Сол болашақты қияға қызықтыра жетелейтін аяулы мамандықпен байланыстыруға бекіндім. Себебі, әлемнің бар шуағы мен шарапатын ұрпақ бойына дарытқаннан асқан бақыт бар ма? Өз ойымды Ғафу Қайырбеков ағамыздың мына бір шумақтарымен түйіндегім келеді:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның асылдығы.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?