Отаным. Тілім. Тарихым
Сайлауханқызы Гүлшат
8 сынып, №1 балалар шипажайы мектебі
Жетекшісі: Садырбекова К.Б.
8 сынып, №1 балалар шипажайы мектебі
Жетекшісі: Садырбекова К.Б.
Отаным - Қазақстан, тілім - қазақ, тарихым - бай. Жалпы алғанда бұл сөздердің астында баға жетпес байлықтар жатыр, ал көбісі бұл байлықты аңғара бермейді. Себебі, оны насихаттаушы аз. Сонда, «насихаттаушы болмаса қазақ-қазақ болмай ма?» деген сұрақ туындайды. Жоқ, әрине, бірақ өз тілім дейтін, ұлтым дейтін азаматтар азайып барады. Неге азаяды? Себебі, қазір өз бас пайдасын ойлаған халық. Халықтың бәрін өзімшіл деуге тағы болмайды. Бұл басты мәселе.
Келесі мәселе қазіргі жастар Елтаңбаның, Әнұранның, Тудың авторларын білмей жатады. Бұл - өте ұят нәрсе. Ал осыны жою үшін не істеу керек? Ол үшін әр мектепте мұғалімдер оқушылардың санасына әр сабақта құйып отыру қажет. Тек мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар үйде ата-аналар, түзде үлкен адамдар бала санасына құюы қажет деп есептеймін.
Одан да өзекті мәселелердің бірі «тіл» мәселесі. Қазіргі кезде тіл үлкен сұранысқа ие екеніне қарамастан, шетелдегі қазақ азаматтарын санамағанда, өз еліміздегі жерлестеріміздің көбісі қазақ тілінде еркін сөйлей алмайды. Намысқа тиетіні де осы ғой. Тіптен, қазақ бола тұра, қазақша сөйлемей өзге тілде сөйлегенде кірерге тесік таппассың. Өзге тілде сөйлеме демейміз, бірақ әр нәрсенің өз орны бар ғой.
Ал тарихымызды біліп, жарытып жүргеніміз де шамалы. Қарапайым халық былай тұрсын, өнер адамдары, кей оқушылар тарихымызды, дінімізді білмейді. Қазір оқып, тоқып отырған заманда білмегенде, өткен ғасырларда оқымаған ата-әжелеріміз қалай жеткізе білген?! Ол дегеніміз тәрбие, түйсік, сыйластық дегенді білдіреді. Бұрындары үлкендері кішілердің санасына асыл қасиеттерді құяды, кішілері үлкендерін тыңдаудан жалықпаған. Сонда олар тарихын білмей, болашаққа аяқ баса алмайтындарын түсінген. Осыны түйсігіне түйгенінің арқасында тәуелсіздік алдық.
Тәуелсіздігіміз енді бөлек әңгіме. Оны алғанымызға аттай мың жыл өтпесе де, жиырма екі жыл өте шығыпты. Енді тәй-тәй басып келе жатқан елімізді әлем халықтары біледі, таниды. Еліміз екі жүз жиырма жылда істей алмаған мемлекеттің ісін істеді. Қысқы Азияда Ойындарын өткізді, 2010 жылы Саммит өтті, БҰҰ-на төрағалық етті, ішкі - сыртқы өнім бірнеше есеге өсті, қазақ балалары шетелде білім ала алатын болды, әлем елдері мойындады, ең бастысы Тіліміз, тарихымыз, еліміз басты мәселеге айналса да ұмыт болған жоқ.
Жасай бер, ұлы Тәуелсіздік!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?