1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің президентім)
Абзал Еркежан
8 сынып, №3 орта мектебі Іле ауданы,
Жетіген ауылы Жетекшісі: Бақтиярова Ғ.Ю.
Президент... Бұл тіпті мыңнан бір адамға берілмейтін лауазым. Президент болу-мыңнан бір адамның қолынан келмейтін міндет. Мен қазақ жерінде, қазақ даласында өмір сүріп жатырмын. Қазақ патриотымын! Қазақстан мемлекетін көркейтуге үлес қосатын 17 млн-ның бірімін. Елімнің жері-менің жерім, елімнің Отаны-менің Отаным, елімнің Президенті-менің Президентім!
Қазақстан мемлекетінің Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы ғана емес, дүниежүзі таниды. Алты жасар баладан алпыс жасар қартқа дейін қадір тұтып, құрметтеп, әрқашан да тек қана жақсылығын айтады. "Барлығына бірдей жағу мүмкін емес" болса, Нұрсұлтан Назарбаев барлығына жаға білген адам. Ол еліміздегі әрбір балаға, әрбір адамға үлгі бола алатын адам. Нұрсұлтан Әбішұлындай жан бір ғасырда бір-ақ рет қана туады.
Сонау 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бастап "Президент" Атағын алып, қанатын кеңге жайып , сол қанатымен сермеп, бар халықты бір шаңырақ астына жинап, бәріне бірдей қамқорлық көрсетуде.
Ал менің Президентім тарихына келер болсақ, 1940 жылы шілденің алтыншы жұлдызы жарық жанып, дүниеге ерекше бір сәби келген болатын. Ата-анасы оған Нұрсұлтан деп ат қойған. Бұл Іле Алатауының баурайында Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен қуаныш болды. Сәбиге есім таңдап ат қоюдың астарында аса үлкен бір тарих жатыр деседі. Азан шақырып ат қоярдың алдында тойға жиналған ағайын туыс түрлі есімдерді ұсынып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді:
"Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын" деген екен.
Кім білсін... Нұрсұлтан деген есімінен бе, мінезінен бе, ақылдылығынан ба, осы Қазақстан мемлекетінде "Сұлтан" болып атанғаны сөзсіз таза ақиқат.
Мемлекет басышысы еліне деген адалдығын былай білдірген болатын: "Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ", "Қазақтың өзінің ұлттық»қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым".
Мемлекет басқару ісі-мақсатты да мәртебелі, өте маңызды міндет. Нағыз басшы басқарған ел-ең бай мемлекет, нағыз Президент басқарған халық-ең бақытты да ұйымшыл, тату-тәтті тұратын халық.
Шақырады болашаққа Президенттің үні кеп, Елбасына тартылар күй, айтылар ән-жыры көп. Менің тұңғыш Президентім Әбішұлы Нұрсұлтан Бір өзіңді ардақтаймын, дара тұлғам, қадірлеп. Жолдауларың елімізді көркейтуге жолдаған, Әр сөзіңді қазақ халқы бір болып қолдаған. Бәріміз де Президенттің амандығын тілейміз,
Жасай берсін Қазақстаным, жасай берсін Нұрсұлтан! Аспанында қазағымның ою салған ұлы есім Әр баланың еліктеген арманы боп жүресің.
Қамын ойлап Отанымның , парызым деп құрметтеп, Осы жұртқа, осы елге арналғандай жүрегің.
Арналғандай осы жерге тамшы терің төгілген, Осы жердің тарихында өткен күнің көмілген.
Қызыл қаның, қара терің, тамшы жасың жауын боп, Кең даламның топырағына дәрі болып себілген.
Бар өмірің байланысқан мына қазақ жерімен, Сол шілденің алтысында дүниеге келіп ең, Енді, міне, 73 жыл өтіп отыр сол күннен Сенімен бірге жеріміздің мұзы қатып, еріген. "Нұры" болып сәуле шаштың қазақ деген елге сен,
"Сұлтан" болып билеудесің, жаныңды сыйлап жерге сен, Барлығы да сенің арқаң Назарбаев Нұрсұлтан
Кім біледі, не боларын дүниеге келмесең...
- деп осы өлең шумақтарын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнағым келеді. Бізбен қатар тәуелсіздік алған көп елдерде Президент екі-үш, немесе одан да көп ауысып жатса, біздің елімізде осынау жиырма төрт жылда Президент мүлде ауысқан жоқ. Мұны біздің елде басқа Президент атауына лайықты адам табылмағаны емес, Н.Назарбаевтің керемет басшы екендігінің
тағы да бір дәлелі деп білемін.
Елімізідің әрбір жетістігі – Президенттің жетістігі. Президенттің әрбір жеңісі - еліміздің ортақ жеңісі. Президентіміздің туған күні - астанамыздың туған күні . Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасына жіпсіз байланған жан. Қазақ халқы үшін, еліміз, жеріміз үшін кеудесіндегі дүрсілдеп соққан кішкентай ғана жүрегін суырып беруге дайын асыл жан.
Ол халқына қаншалықты әділ, адал болса, халқы да оған дәл солай адал да әділ. Тәуелсіздігіміздің түп тамыры Нұрсұлтан атамызбен тікелей байланысты. Ел басымыздың өз еліне деген сүйіспеншілігі , ыстық та мөлдір махаббаты, өшпес жақындастығы әр ананың өз баласына, бауыретіне деген махаббатынан кем түспейді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та, біз сияқты қазақтың қара домалақ баласы, ер тұлғалы адамзаттарының бірі. Біз сияқты өмірге алғаш келіп, біз сияқты бала болған. Қарапайым адамнан айырмашылығы - оның алдына қойған мақсатына жете білуінде. Қол созған арманының орындалуына көп еңбек сіңіріп, ешқашан да берілмегендігінде. Әрқайсымыз Президентімізден үлгі алып, тырысатын болсақ, алдымызға мақсат қояр болсақ, біздің мемлекетіміз нағыз мықты, мемлекеттер қатарынан орын аларымызға кәміл сенемін.
Елбасымз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға, біздерге, үлкен сенім артып отыр. Мен сол сенімін ақтағым келеді. Сенімін ақтап, арманымның орындалуына үлкен үлес қосам деп армандаймын . Мен де әрбір патриот сияқты Қазақстан Республикасының көркеюіне, өркендеуіне, биіктеуіне , шарықтап көкке көтеріліуіне, ешбір ел шыға алмаған биік шыңдарға шығуына, биік белестерді бағындыруына өз үлесімді қосқым келеді.
Біздің қадірлі де қастерлі, ұлы да ұлағатты Президентіміз жүрегі "елім" деп соққан әрбір адамға үлгі болар асыл тұлға. Нұрсұлтан атамыздың кішіпейілділік пен адамгершілік, қарапайымдылық пен әділдік бір -бірімен ұштасып жатыр. Осындай асыл да жарқын жан басқарған мемлекеттің дүниеге әйгілі болып, әлем сахнасында жарқырап көрінбеуі мүмкін емес . Менің бала жүрегім еліммен, жеріммен, асыл тұлғалы Президентіммен бірге соғады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Осындай еркін де ер мінезді, ұлтжанды білімі мен ақылы таласқан, халқына мейірімін төгіп, қамқор болған азаматы бар ел нағыз мықты да бай ел деп толық айта аламын . Біз халқымызбен, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбев сынды Президентімізбен бірге әлі талай белестерді бағындырып әлем сахнасынан биіктеп көрінеріміз сөзсіз...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?