Ақылсыз туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 11
Тақпақтар: 1
Нақыл сөздер: 11
Туындылар: 1

                               Ақылсыз атқа мiнсе...
        Бүгiнгi билiк тоқсаныншы жылдарда әлi жеткен­дердi қанап, «қа­нын iшкен» кiлең «сен тұр мен атайын!, сайдың тасындай сенделген..
©  Нұрлан Бекмырзаұлы
Ақылсыз адам — мəуесіз ағаш секілді.
©  Жүсіп Баласағұни
Ақылды ұл ата тегін сұрағыш келеді,Ақылсыз ұл көршінің баласында кеткен кегін сұрағыш келеді.
©  Жәди Шәкенұлы
Білімсіз, ақылсыз, надан адамдармен дос болғаның – тесік қайыққа отырып алыс сапарға шыққаның.
©  Жәди Шәкенұлы
АҚЫЛДЫСЫ КIМ БОЛДЫ, АҚЫЛСЫЗЫ КIМ БОЛДЫ?
Бiр бала бар, көрсеңдер,Мақтанғанды жаратыр.Мақтанғысы келсе егер,Былай деп ой таратар:– Сиырлардың iшiндеАқылдысы болады.Қайтса өрiстен..
©  Ескен Елубаев
Реформалардың басында әрқашан ақылсыз адам тұрады.
©  Теодор Рузвельт
Жемісі жоқ ағаш-отын, жаңбырсыз бұлттар-түтін, ал ақылсыз адам — жануар.
Зейінсіз, ақылсызға істің жөнін үйретем деу, өзіңді жек көрінішті жасаудан басқа ештеңе емес.
©  Естеу ЖҮНІС
Ақылсыздың азабы көп.
©  Естеу ЖҮНІС
Ақылсыз ердің тілі — өз басының дұшпаны.
©  Иүгінеки Ахмед
Ақылды көргенін айтады,Ақылсыз жегенін айтады.
Дана тағдырмен күреседі, Ақылсыз үмітсіз болады.
©  Шота Руставели
Қара сөздер: 15 қара сөз
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық..
©  Абай Құнанбаев
Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық. 
©  Михаил Литвак
Ақылсыз басты қылығы танытады.
©  Жүсіп Баласағұни
Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді.
©  Конфуций
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
©  Абай Құнанбаев
Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.
Ақылсыз кісі — қос уыс қоқыс.
Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.
Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.
Ақылдыға сөз айтсаң,
Толыса түсер ақылы.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Сол күйі қалар ақыры.
Ақылсыз адам "менмен" келер,
Ақылды адам - кеңінен келер.
Ақылды сақалын сипар,
Ақылсыз шапанын сипар.
Ақылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.