Түйе туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 12
Мақал-мәтелдер: 78
Жұмбақтар: 46
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 30
Жаңылтпаштар: 2
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 4
Аңыздар: 9
Эсселер: 1

Көрiп тұрар бар ауыл,
Бiр тауда қос қарауыл.

жауабы - Түйе өркешi
Иiр-иiр денесi,
Сахараның кемесi,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
Ат — биеден,
Нар— түйеден.
Түйе деген жануар,
Түзде жүрсе семірер.
Тіздеп қойса аяғын
Тұзға қарай емінер.
Көшпелі елге — түйе қол,
Жылқылы елге — бие қол.
Түйе мінген,
Тайлақ мінгенге күлмейді.
Жол үлкендікі,
Жүк түйенікі.
Жаман түйе жабуын жер,
Жазының қабуын жер.
Түйе тулап, жүктен құтылмайды.
Түйе қоң алмай — оңалмайды.
Артқы түйенің жүгі ауыр.
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз.
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Жалғыз түйе бақырауық,
Жалғыз бала жылауық.
Түйенің танығаны жапырақ.
Жабу қисық емес,
Түйе қисық.
Көтерем деп түйеден безбе,
Салтанатың емес пе?!
Тебеген деп биеден безбе,
Қос қанатың емес пе?!
Соңғы түйенің жүгі ауыр.
Түйенің үлкені
Көпірден таяқ жейді.
Түйе бойына сеніп
Жылдан құр қалған.
Түйесін қу бас десең,
Иесіне тиеді.
Кәрі түйе ойнақтаса
Жұт болар.
Жуас түйе
Жүндемекке жақсы.
Түйе тұзға келеді,
Күйеу қызға келеді.
Қуырдақтың әкесін
Түйе сойғанда көрерсің.
Көрмес түйені де көрмес.