Төр туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 20
Өлеңдер: 39
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 4
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1

Қазақтың қараңғы төрінде, ұстаздық еткен аналар
Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері..
©  Қобдабай Қабдыразақұлы
Төріңде жатып салмақтан
Ай, Абылай, Абылай!Қатын алма қарадан,Қара тумас сарадан.Қатын алсаң қарадан,Алды кетпес баладан,Арты кетпес жаладан.Қатын алма төреден,Қатын алсаң..
©  Бұқар жырау
Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға.
©  Шортанбай Қанайұлы
Төрде отырып, теріс сөйлегеннен без,
Есікте отырып, керіс сөйлегеннен без.
©  Бәйдібек би Қарашаұлы
Біліксізге төр тисе, «төмен» дейді.
Білікті адам қайда барса да, төрге шығады.
Бар боп тұрса бұрынғы әдет өрнегі,
Білімдіге тиер орын төрдегі.
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
Арзан нәрсе жерде жатар,
Парша, жібек төрде жатар.
Етігі жаман – төрді былғайды,
Өзі жаман – елді былғайды.
Дәулес төрін бермейді,
Өлсе – көрін бермейді.
Бұлақ суын теңіз төрге сүйрейді.
Өлсем мейлі көріне,
Бір шығайын төріне.
Төр кімдікі болса, билік соныкі.
Есіктен кіріп, төрге озба.
Төрде орын барда есікте отырма.
Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.
Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.
Жаман адам төршіл.
Қонағын сыйласа төрге шық дейді.