file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Басшы туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 12
Өлеңдер: 28
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 13
Құттықтау, тілектер: 5
Әңгімелер: 2
Эсселер: 2

Атадан қалған ақ сауыт
Атадан қалған ақ сауытАрамға әбден былғанды.Басшысы жоқ сорлы елдiңМалы мен басы ылғанды.Тасбиықты тастап тас алып,Сәлде аяққа шұлғанды.Өнер қылды..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жолдасын таппаған ер азады,
Басшысын таппаған ел азады.
©  Мұхтар Әуезов
Басшы
Тойымсыз кей басшыны ұға алмаймын,
Халықтың көңілінен шығар қай күн?!
Кешегі Құнанбайды үлгі тұтсын,
Тек жақсы істеріне жыр арнаймын.
Меккеде..
©  Саят Әбенов
Қазақтың ру басшыларына
Қазағым, саспайсың,
Ілгері баспайсың.
Арамнан сейіліп,
Сескеніп қашпайсың.

Қазағым, надансың,
Өнерден амансың.
Мың салса бір баспас,
Жігер..
©  Міржақып Дулатұлы
Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.
©  Сырым Датұлы
Қой бастаған арыстан тобынан,арыстан бастаған қой тобы артық.
©  Бауыржан Момышұлы
Iрi наградалар керi кетушiлiктiң белгiсi… Ең нашар императорлар сый-сыяпатқа жомарт болатын.
©  Шарль Луи Монтескье
Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
©  Жүсіп Баласағұни
Бек тілесе,
Бәрін де тегін алады.
Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.
Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың,
Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.
Керуенге – қосшы,
Қарақшыға – басшы.
Көреген басшы елді өсіреді;
Күшті майдан ерді өсіреді.
Басшысы бастай білсе,
Он кісі жүзді жеңеді.