file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ара туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 15
Жұмбақтар: 43
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 15
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 2

Араның тісі қыши ма?Баланың қолы қыши ма?Ара тісі қышымаса,Балаларды шағар ма?Бала қолы қышымаса,Ойыншығын шағар ма?
Арғы арал, бергі аралОл аралдарды жайлағанБал аралар.
Ара-ара аралар,Орманның бәрін аралар,Гүлдерден сорып бал алар,Алысқа ұшып бара алар,Бал тәтті ғой, балалар.
Гүлден жылан зәр жияды, ара бал жияды.
Немене?
— Ызыңдаған немене?— Ағаш кескен ара ғой,Балтаңды ал да бара ғой!— Гуілдеген немене?— От үрлеген көрік қой,Көмегіңді беріп..
©  Қадыр Мырза Әли
Ара
Қызғалдақтың қасынаҚойып едім қондырмай,Бізін сұғып басыма,Шақты ара оңдырмай.Енді тимен оған мен,Ісіп кетті бас, шекем.Балы тәтті болғанмен,Тілі..
©  Қадыр Мырза Әли
Өзі зәрлі,Бергені нәрлі. (Ара)
Қара шыбын мен ара
(1825 ж.)Бақшада, көктемгі ескен самал желдеОтырып, қара шыбын бір көдеде,Масайрап жайғасты да кезін салды,Жабысқан бір араға қызыл гүлде.Деді оған..
©  Баубек Бұлқышев
Акылды қоян
Ерте ерте ертеде, Ешкі жүні бөртеде, өте бір бай орман болыпты. Бұл орманның аңдары саудамен айналысыпты. Өте алғыр жануарлар осы орманда жиналыпты...
©  Балаларға арналған ертегісі
Аралардың қорегі бал болады, өрмекшінікі – зәр болады.
КітаптыҚанапия мен Құныпия,Аса құпияАра-тұра, шала-пұла оқыды.
Бал арасы
Айтыңдаршы, балалар,Қайсыларың бал жеп ең?Шығады екен ол неден,Қандай нәрсе бал деген?– Ол шығады арадан,Омартада болады.Жесең оның..
©  Мира Сембайқызы
Соңғы нәсіп
Кейде үрейлі, кейде аянышты сол бір ызың. Түсі ме, өңі ме? Әйтеуір, әлгі ызың шаршаған миын шаққаны рас. Ұйқылы-ояу, яки өлі мен тірінің арасында..
©  Шерхан Мұртаза
Көбелек сияқты елбеле. Ара сияқты шақ.
©  Мұхаммед Әли
Еңбегі бапты,
Емгені тәтті.
Өмірлік нәрін
Гүлдерден тапты.

Жауабы: Бал арасы
Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

Жауабы:..
Гүлдерден нәр тереді,
Біздерге бал береді.

Жауабы: Бал арасы
Беретұғын балы бар,
Шағып алса – зәрі бар.

Жауабы: Бал арасы
Толып жатқан тісі бар,
Ағашпенен ісі бар.

Жауабы: Ара
Екі езуі құлағына жетеді.
Тамақ жесе ызың-ызың етеді.

Жауабы: Ара
Азулы хайуан- темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер.

Жауабы: Ағаш кескіш ара
Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір із түсті.
Бір денені екіге,
Бөліп тастар бұл күшті.

Жауабы: Ара
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.

Жауабы: Ара
Тырау-тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал,
Ол не балалар?

Жауабы: Аралар
Тісі көп, аузы жоқ.

Жауабы: Ара