Географиялық есептер
Тәуелсіздік - тұғырым
Сценарий тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Сценарий барысы: «Тойбастар» күйі (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары....
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан жаңғырығы)
Сынып сағат мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Сынып сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;
Оқушыларға патриоттық интернационалдық тәрбие беру
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, ездерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімең сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық үлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортәқ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысынән қарау керек.....
Олимпиадалық тапсырмалар: География (8, 9, 10, 11 сынып)
2 - Тапсырма. (Барлығы 14 ұпай, жауаптың толықтығына және тақырыптың ашылуына байланысты).
а) Физикалық картада экваторға параллель жатқан пунктир сызықтары бар. Бұл қандай сызықтар? Олар немен ерекшеленеді? Олар қалай жүргізілген? Қандай белдеулерді шектейді? (дұрыс жауапқа 3 ұпай).
б) Егер сіз легенге су құйсаңыз, онда ол толғаннан кейін төгіле бастайды. Мұхиттарға әрбір минут сайын өзендерден өте көп мөлшерде су құйылады. Мысалы, Атлант мұхитына Амазонка өзені әрбір....
Менің Қазақстаным - менің болашағым
№64 орта мектебінің
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Мырзалиева Фарида
Тәрбие сағат тақырыбы: Менің Қазақстаным - менің болашағым
Тәрбие сағат мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн)
Ыбырайқызы Рыскүл
Тәрбие сағат мақсаты: Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Тәрбие сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;
16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Елім менің - Қазақстан!)
Тәрбие сағат Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру. Ақыл - нақыл, шешен сөздер, туған жер туралы өлеңдер үйрету.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету.
3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету.
Тәрбие сағат Көрнекілігі: Плакат, рәміздер суреті, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта.
Жүрісі:
Бимен басталады
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар,! 6 «а» сынып оқушылары ұйымдастырып....