Сабақтың мақсаты: Білімділік:Көліктерді ажырата білуге,не үшін керек екендігі туралы түсінік беру. Көлік туралы жұмбақтарды шешу арқылы балаларға көлік түрлерінің ерекшіліктерін тереңірек түсіндіру.Өзін-өзі қоршаған ортада мәдениетті ұстауға,әдепті,әдемі болуға үйрету. Дамытушылық:Балалардың сөйлеу,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын жетілдіру. Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.......
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақ тақырыбы: Хат жазу. Саяхат сәттері. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады . 1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады. 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді. Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді......
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» ТАҚЫРЫБЫ: Саяхатқа дайындалу ОҚУ МАҚСАТЫ: Саяхатқа дайындалу барысындағы іс-әрекеттер арқылы заттарды жинақтау, топтау, салыстыру. Төлқұжатты толтырып отырып өз аты-жөнін дұрыс жазу. Әр түрлі контекстерде қарым-қатынасқа түсу арқылы сөздік қоры молайту. Дағдылар Тыңдалым/айтылым: Астарлы мағынаны ажыратып алу. Жазылым: әріптерді жазу. Бақылау Сұрақтарға дұрыс жауап берулерін, өз ойын жеткізе алатынын бақылау. Болжам Оқушылар арманындағы саяхат туралы айтуға жаттығады. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Барлық оқушылар жасай алады: • Хормен қайталайды. • Сұрақтарға жауап бере алады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Саяхатқа керекті заттарды ажырата алады. • Бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыра алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Өз ойын толық жеткізе алады......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: Құстар- біздің досымыз №7 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану Сабақ мақсаттары: 1. Тыңдаған мәтін мазмұнын түсіну 2. Тақырып бойынша диалогқа қатысу 3. Сөздерге тәуелдік және жіктік жалғауларды дұрыс жалғау Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақтар қояды, сөздерге қоымшаларды дұрыс жалғайды Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, диалог барысында өз ойын түсінікті жеткізеді.....
Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан.
Ойынның тәртібі:ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді.
Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады.
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана....
Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету. Көрнекіліктер: Көліктер бейнеленген плакат. Билингвиалдық компонент: A car - көлік an airplane - ұшақ A bus – автобус a bicycle - велосипед A ship – кеме A train – пойыз
Мотивациялық қозғаушы Жылулық шеңбері Шеңберге тұрып, жүректі бір - бірінің қолына беріп болашаққа кім болғың келетінін айтыңдар. - Good morning, children! - How are you? .....
а) Білімділік: Оқушыларға 10 саны және цифрымен таныстыра отырып, 10 санының құрамы мен ерекшеліктерін білдіру. 10 көлеміндегі сандарды қосып азайтуға үйрету; б) Дамытушылық: оқушылардың ой – қиялын, математикалық тілін, дүниетанымын дамыту. Логикалық ойын ұштау. Саусақтың ұсақ моторикасын жетілдіру: в) Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға, жұптық, жеке жұмыстарға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу; Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: көрнекілік, әңгімелеу, көркем сөз, ойын, топтық, жұптық, жеке жұмыстар. Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, айналамен танысу, ағылшын тілі. .....
1. Білімділігі: Оқушыларды 8 саны және цифры мен таныстыру. 8 санын шығарып алу жолдары мен оның сандар қатарындағы орны туралы түсінік беру. Өздігімен жұмыс жасауға баулу. 8 цифрын дұрыс, әдемі жазуға үйрету. 2. Дамытушылығы: Математикалық түсініктерін, ой - өрістерін кеңейту. Ауызшы есептеу дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілікпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары, суреттер, қима қағаздар, көкөністер, жемістер. .....
Мемлекетіміздің кең - байтақ жері, оның қойнауындағы мол қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы – халқымыздың игілігіне жарататын, атадан балаға мирас етіп қалдыратын баға жетпес байлығы. Сонау ғұн, сақ заманынан бері ата-бабаларымыз осы жер үшін қан төгіп, ұлтарақтай бөлігі үшін жан алысып, жан берісті. Сол «елім, жерім», деп еңіреген ерлердің арқасында ұланғайыр жерге иеміз. Жер көлемі бойынша 9-орындамыз.......
Тақырыбы: «Көліктер» Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету. Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд. Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық. Билингвальды компонент: машина - машина - car, ұшақ - самолет - plane, пойыз - поезд - train, қайық - лодка - boat, көлік - транспорт.
Тәрбиешінің іс - әрекеті Мотивациялық - қозғаушылық Ұйымдастырушы - ізденуші Рефлексивтік - түзетуші
- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?
- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетімізді бастайық. .....
Білім саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым. Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру, ойын арқылы қызығушылығын артыру мақсатында өткізілетін сабақ түрлі түсті ойыншықтар, көрнекілікке алынып көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, көркем сөз пайдалану. Көрнекіліктері: Резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар және суреттері, ойынға байланысты маскалар, аңдар киімдері, көбелек. Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен жақсылап амандасып алайық. Шаттық шеңбері. Кішіге де сіз, Үлкенге де сіз Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Сәлем күн - анамыз, .....
Сағат түнгі екіде қос ат жегілген үлкен күйме Калькутта көшелерінің біріне келіп тоқтады. Ішінен бір жас жігіт шықты да жан-жағына қарады. Жанынан өтіп бара жатқан жалдамалы фаэтон арбаны шақырып алды.
Күймеде еуропаша киінген бір мас балаң жігіт аяғын алдыңғы отырғышқа салып, басын салбыратып жіберіп ұйықтап жатыр − жуырда ғана шетелден оралған бенгал жігіті. Туған жерге қайтып келу құрметіне достары банкет ұйымдастырған. Мына батыр мас болып қалған соң дос-жарларының бірі күймесімен үйіне апарып салмақ болған-ды. Міне енді ол ұйықтап жатқан мас жігітті бүйіріне түртіп оятты:
− Ей, Мазұмдар, мен бір фаэтон таптым, үйіңе апарып салады.
Балаң жігіт ағылшынша мыңқылдап әлдебір тұздықты сөздер айтты да фаэтонға келіп отырды. Досы арбакешке Мазұмдардың қайда тұратынын түсіндіріп, күймесіне оралды.
Фаэтон бір мезгіл тура жүріп барды, содан кейін Паркстритке іргелес бір көшеге бұрылды.
Балаң жігіт тағы да ағылшынша сөйлеп ләйліп келеді:
− Бұл не сұмдық! Қайда бара жатырмыз? − Соны айтты да қайта ұйқыға кетті. "Жоқ, дегенмен біз дұрыс келе жатырмыз", − деп ойлады ұйықтап бара жатып.
Кенет өзін біреу көтеріп әкетіп бара жатқандай, шалқаюға ерік бермейтін секілді болып көрінді оған. Көзін ашып, жан-жағына қарап еді, ешкім де көрінбеді. Дегенмен жігітті фаэтоннан әлдебір күш ығыстыра бастаған секілді.
"Не сұмдық болды?" − деп ойлады Мазұмдар атшыны шақырды.
Бірақ атшы үн қатпады. Жігіт терезені ашты да, басын шығарды, атшының қолынан тартты.
− Мында не топалаң болып жатқанын байқа, кел бері.
− Мырза, бекерге әбігерленесіз, онда ешкім де кіре алмайды.
Осы сәтте оған денесіне ине қадалған сияқты болып кетті.
Пейзаждары мен натюрморттары талай жылдар бойы шулы табысқа жетіп жүргендіктен әлі "скудаморлық мәнерде" салына қоймаған суреттері көрмелерде көзден жырақ, төбеге таяу тұстарға ілінетін күндерін біржола ұмыта бастаған әйгілі суретші Скудамор қаққан қазықтай міз бағар емес. Немере қарындасы табан астында өзін тастап кеткен орнында сіресіп тұр. Сұлу мұрты мен әдемі шоқша сақалдың арасындағы еріндері өкпелі мысқылмен қисайыңқырап, өзіне көрсетуге алып келген бұтақшадан жұмыр тас төселген аулаға жұлынып түскен итмұрын жидектеріне көз алмай әрі таңдана қарайды. Бұл оны салып қалғандай басын кегжең еткізіп жұлып алғаны несі? Жаңбыр тамшыларын шашырата төрт қан қызыл жидек бұтақшадан дірілдеп үзіліп түсердей жұлқына теріс айналғаны қалай? Бұл бар болғаны:
— Ғажап! Бұларды іске жұмсаса жөн екен! — деді ғой.
Ал ол болса "Құдайым-ай!" деп ышқына дауыстап жіберді де, жүгіріп ала жөнелді. Жоқ, Алисия расында есінен ауысқан, бір кездері ол соншалық сүйкімді болды дегенге сене де қою қиын. Еңкейіп, төрт жидекті жерден көтерді — осынау қою қызыл түс қандай керемет!
"Скудаморлық мәнер" мен табыстың сенімді құрыш сауыты тасасынан алай-түлей сезім мен нәзік түрде көре білу сыртқа атқақтатады. Суретін салу! Онда қандай мән бар? Мына сұлулықты қалай жеткізбексің? Қысқы күннің бозғылт сәулелері астында күмістеніп жатқан Эрон өзенінің ерте тасқындарынан қорғап тұрған тамаша етіп қайта жөнделген көне үйінің ауласымен аласалау тас дуалға таяп келді. Иә, нақ солай! Табиғатты, қалай саласың, оның мөлдір ала көлеңкелерін, түстердің жұмбақ үйлесімін қалай жазу керек, сәт сайын құбылып тұрған кейпін қалай кескіндемек? Қамыстың қоңыр үпелегін — әні, анау ақ сұр бозалаң жарықта иілген және әуеде қалқыған тынымсыз аппақ шағалаларды қалай ұстап қаларсың? Әйгілі "мәнері" туралы ойлағаны сол-ақ, табан асты жек көріп кетті — Алисия "Құдайым-ай!" деп дауыстап қалғанда да үнінде осындай жек көру бар-ды. Сұлулық? Одан не пайда! Оны қалай жеткізерсің? Ол да дәл осылай ойлаған жоқ па екен өзі.
Бұл дуалдың сұрғылт тасында қызарып жатқан төрт жидекке қарап тұр; біртіндеп естеліктер .....
Бейкер-стриттегі қарапайым сахнамыздан не қилы шиеленісті эпизодтар көрініс берген еді, алайда онда өнер магистрі, философия докторы, т.б. және т.т. атақ иегері Торникрофт Хакстейбл алғаш пайда болған кездегідей мүлдем тосын әрі таңғаларлық нәрсені әлі ешқашан жолықтырған емен.
Ғылыми дәрежелердің осындай ұзақ тізбесі үшін тым - тым бәлекей көрінетін визит кәртішкесі одан бірнеше секунд бұрын ғана кірді; кәртішкенің ізін ала оның өзі де, бұл ұстамдылық пен табандылықтың айғақ нышанындай ұзын бойлы, денелі, маңғаз адам еді, - бой көрсетті. Сөйтіп, ішке кірген бойда - ақ екі қолымен үстелге тіренді де, ақырын-ақырын еденге шөге бастады, сосын есінен танып құлап, каминіміздің алдына жайылған аю терісінің үстіне еңгезердей денесімен ұзынынан түсіп сұлап жатты.
Орнымыздан атып тұрып, өзімізге әлдебір алыс қиырда, шетсіз де шексіз өмір теңізінде тұрған сұрапыл күшті дауыл жеткізіп берген, күйреу мен қираудың осынау қомақты кесегіне бір минуттай үнсіз таңырқай қарап қалдық. Одан соң Холмс жедел қимылдап басының астына көпшік салды, ал мен аузына бір рөмке коньяк тостым. Бейтаныстың қуқыл тартқан толық бетін терең әжім торлапты; ісініп кеткен көздерінің астына көкшілтім түсті кіреуке қоныпты; жартылай ашық қалған аузының езулері ерепейсіз салыңқы тартып кеткен; бұғағынан қылшықтар қылаңдайды. Шамасы, ол жырақтан келсе керек, себебі жағалығы мен көйлегі кірлеп кетіпті, көптен таралмаған шашы жазық та әсем маңдайына тұтам - тұтам боп қонақтаған. Біздің алдымызда әлденендей бір үлкен қасіретке душар болған адам жатыр еді. .....
... Ерте келген жаймашуақ күз есімде қалыпты. Әдейі тұқым себетін мезгілді аңдып тұрғандай тамыз айы жылы жаңбырмен басталған — жаңбырдың нағыз керек кезі, әулие Лаврентий мерекесінің қарсаңы еді. "Лаврентийде жаңбыр жылы, су момын болса күз бен қыс май тоңғысыз" дейтұғын. Саршатамызда аңызды сілбі басып кетті. Бұл да жақсылықтың нышаны: "Саршатамызда сүттігеннің ұлпасы ұшса — күз шуақты"... Елең-алаңдағы таза ауа, тымық таң есімде... Тағы бір есімнен кетпейтіні - сары алтындай сағым шашып, сарғайып, сирей бастаған үлкен бақ, үйеңкі аллеясы, жердегі танау жарған сары жапырақтардың көрпесі, күзгі ауада балдың хош иісін аңқытқан Антон алмасының ароматы. Ауаның тазалығы сонша, тіпті тынысың сезбейді, бақ ішін дабырлаған дауыс, арбаның сықыры кернеп тұр. Бұл тархандар — бағбан мещандар, түнімен қалаға жөнелту үшін жалдама мұжықтарға алма тиетіп жатыр - түнді де әдейі күтеді, арба үстінде жатып алып аспандағы жұлдызды санасаң, кәусар ауада қара майдың иісі кеужірінді ұрса, кіре жолда шұбырған арбалардың сықырын естіп жатудың өзі ғанибет емес пе! Алма тиеген мұжық алманың бірінен соң бірін күрсілдетіп соғып жүр, мещанин оған қой деп айтпайды, өйткені доғарып тастау ырымда жоқ нәрсе. Керісінше:
— Же, жеп қал, осыдан басқа шаруаң жоқ, - деп қояды. — Бал шайқағанда да ауыздан қайтқанша ішетін. .....
Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.
Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:
— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!
Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.
Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:
— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!
Митя күлмеуге тырысты, іштегі мақтанышы мен болар-болмас ренішін жасырып, төбесінен төніп тұрған Пушкинге қарап: .....
Шылым шегетіндерге арналған бірінші дәрежелі вагонның бір бұрышына жайғасқан сот Уоргрейв — ол жақында ғана жұмыстан біржола босап шыққан — сигарын түтіндетіп, "Таймстағы" саясат бөлімін шолып отырған. Ұзамай газетті былай ысырып қойып, терезеден сыртқа көз жіберді. Пойыз Сомерсеттен өтіп бара жатыр еді. Сот ойша шамалап көрді — әлі екі сағаттай жүруі керек екен.
Негр аралы жайында газеттерде жазылғанның бәрін сот қайта-қайта ой елегінен өткізумен келеді. Әуелі оны яхта десе ішкен асын жерге қоятын американ миллионері сатып алыпты, Девон жағалауына жақын жерде орналасқан осынау шағын аралда қазіргі заман үлгісіндегі керемет көркем үй тұрғызыпты. Алайда, өкінішке қарай, миллионердің үшінші әйеліне, таяуда ғана тапқан тотықұсына теңіздегі шайқалыс жақпайды екен, осы жағдай миллионерді үймен де, аралмен де қош айтысуға мәжбүр етіпті.
Сөйтіп, арал сатылатын болды, оның әсемдігін айтып тауыса алмайтын сипаттамасы бар құлақтандырулар газеттерде жиі-жиі жарық көре бастады. Одан соң аралға мистер Оним дейтін біреудің ие болғаны жөніндегі хабар жарияланды. Сол сол-ақ екен, зайырлы қауым өміріндегі жаңалықтарды жиып теретіндердің қиялы шартарапты шарлап кетті. Шын мәнінде Негр аралын голливудтық киножұлдыз мисс Габриелла Терл сатып алыпты!.. Сол жерде - репортерлер мен жарнама ырың-жырыңынан жырақта - бірнеше ай тыныш тұрғысы келетін көрінеді!.. "Бизи Би" бұл арал король отбасының жазғы резиденциясына айналатыны жайында сыпайы түрде тұспалдап жеткізді. Мистер Мерриуэдерге аралдың жас лорд Л. меншігіне көшкені - ақыры оның да Купидон құрбандығына айналып, аралда бал айын өткізуге ниет еткені турасында сыбыс жетті. "Джонас" аралды әлденендей бір айрықша құпия сынақтар өткізу мақсатында Әскери-теңіз күштерінің басқармасы сатып алғанына зәредей күмән келтірмеді. .....
Елі үшін күйген, Еңбекті сүйген, Ізгі тілекті, Ер жүректі, Жұртшылық көсемі Жалынды жастарға арнаймын.
Жазушы
БІРІНШІ БӨЛІМ
ОҚУ
Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйіңде жиырмаға тарта баланы алқа қотан отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан қып оқытып жататыны. О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ал, бұ күнде Мекалайдың жалыны түгіл, әуелі қабірін таба алар ма екенсің. Бұ күнде ондағы ызбарын төгіп отыратын Мәжекең де, бет-аузы ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қыжырайып, төсегінде жатыр. Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз...
Әйтеуір бесті айғырдан да шақар оқытады. Қожасы бар болсын, оның басын ауыртқалы отырғам жоқ, әшейін аузыма түсіп жатыр. Со кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта — астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Со баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай ондап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа. Жас балаға лайық ат емес қой.
Қажаумен кезбе түйсік тым ежелгі, Бұғауын дәуір, дағды үзе берді. Жабайы аң қатты ұйқыдан көзін ашып, Кісенін сілкіп тағы түрегелді.
Бэк газет оқымайтындықтан бір өз басына ғана емес, Пюджеттен Сан-Диего шығанағына дейінгі бүкіл сүйекті де сіңірлі, жүндес ит атаулыға төніп келе жатқан қауіпті аңдаған жоқ. Мұның бәрі поляр түнегіне түртпектеніп өткен біреулер сары металға кезігіп, сол олжаны көлік-кеме компаниялары дабырлатып жер-жаһанға жайған соң мыңдаған адамның Сібірге қарай лап қойған сәтінен басталған-ды. Ол адамдарға ауыр жұмысқа жарайтын мығым, өздерін аяздан сақтайтын қалың да сабалақ жүнді, ірі тұрпатты иттер қажет-тін.
Бэк күнгей Санта-Клара алқабындағы үлкен үйде мекендейтін. Жұрт бұл орынды "судья Миллердің үй-жайы" деп атайды. Бұл өзі жол аузынан сырттау, жартылай ағаш тасасында тұрған үй еді, тек бұта арасынан баспанаға жағалай, жапсарлата салған кең де, саялы дәліз ғана көрініп тұрады. Үйге қарай қиыршықтастан төселген жіңішке жол бар. Ол бұтақтары ию-қию бытысқан сымбатты теректер түбіндегі көк шалғынды қақ жара өтеді.
Үй сыртындағы жер тіптен кең. Онда қаптаған ат қараушылар мен олардың көмекшілері күйбеңдеп жүретін кең жылқы қоралары тұр, қызметшілерге арналған жабайы жүзім саясындағы іркес-тіркес үйшіктер мен жүйелі салынған өзге де аула құрылысы көп. Ал бұлардан әріректе көкмайса жайылым, жүзімдіктер, жеміс-жидек, бау-бақша көз тартады. Мұнда терең құдықтан су тартатын қондырғы мен судьяның ұлдары әр таңда, күн ыстықта тіпті түсте де шомыла беретін таспен цементпен шегенделген жүзу әуізі де бар.
Басын Арқаның аласа тау сілемдерінен алып, шығыстан батысқа қарай садақша иіліп, баяу аққан Жыланды өзені бетеге, жусан, бұйырған өскен боз топырақты жазық дала мен сиыр таңдай құм төбелерді, ақ сорға айналған көлдің табандары мен қазан шұңқырлары алқаптарды басып өтіп, көктемгі тасқында Ащыкөлге құяр еді. Жаз айында суы кеміп, кей тұстары жиегіне қамыс, құрақ, арагідік шоқ–шоқ шілік өскен бірде тұщы, бірде ащы үзік–үзік қара суға айналады. Жағасы биік әрі құлама болғандықтан, суаттан басқа жері тіршілікке қолайсыз. Елдің көбі жайылым қуып, шашырай қонып, ауыз суды құдықтан ішіп, малды да құдықтан суарып әдет қылған. Қыста қар — суымен күн көреді. Әсіресе егіні жоқ, бірыңғай мал бағып, құм жайлаған шаруалардың өзен суына күні түсіп көрген емес. Әйтсе де солардың өзі «биыл Жыландының суы аз екен» десе, айдалада отырып уайым қылып, «көп екен» десе, «е, бәрекелді» деп қуанып, шүкіршілік етіп отырады.
Сол Жыландының «арғы бет» деп аталатын түстік аймағында елді мекеннен тым жырақ қоныстанған жалпақ ауыл сырттан келген адамдарға өздерін: «Қосымнан тараған бір атаның балаларымыз ғой», — деп таныстыратын. Бірақ қосым қайда, біреу қайда, бұл күнде біраз ата бір–бірімен қыз алысып, қыз берісіп, нағашылы — жиенді күйге ауысқан; жиын кеңесте бірін–бірі қажамаса отыра алмайды. Еріккен шалдар таяғымен жерді шұқып қойып, әлдебіреулерге: «Шірік неме, сені бүлдірген анау шөккен түйеге міне алмайтын жаман әкең ғой, сірә», – деп; егер пысықтау біреу болса: «Өзің бізге тартып адам болып жүрген шығарсың, егер аталарыңа қараған күн болса, біржола жынды болып кетер ме ең», – деп кеңк–кеңк күліп, қажаған адамының шақшасын сұрап, насыбай атысып отырар еді. .....
Көктемнің келе жатқанын ең алдымен кәдімгі майда құстар сезеді. Шымшықтар шықылықтап, секеңдей бастайды. Бірлі-жарым наурызкөк көрініп қалады. Жәудіреген көздері моншақтай мөлдіреп, адамдармен ықыластана амандасқандай, шымшықтар сияқты секеңдемей, шошаңдамай, жорғалай басып, жаныңа жақындап: — Көктем келді, көзайым болыңыз! — дегендей ишара білдіреді.
Оны көп адамдар түсіне бермейді. Адамдардан құстар тілін білген тек Сүлеймен пайғамбар ғана болған. Ал, бірақ өкінішке орай, адамдардың бәрі Сүлеймен пайғамбар емес.
Ал бүгін кәдімгі шошақай шымшықтар да шықылықтамайды. Наурызкөк те көрінбейді. Шымшықтар мамық жүнін жел қобыратып, бұтақтарда бүрісіп-бүрісіп отыр. Олар да қалың қайғыдан қабырғалары қайысып, қара жамылып қалғандай.
Бүгін Сталинмен қоштасу күні.
Борис Фардзинов екеуміз бірге баруға келістік. Әсіресе бүгін жалғыз-жарым жүру өте қиын. Баратын жеріміз — Колонна залы. Мәскеудің дәл төрінде. Кремльден алыс емес.
Бірақ бүгін метромен жүріп болмайды. Трамвай, троллейбустан қайыр жоқ. Такси жалдауға біз сияқты студенттің қалтасы көтермейді. Бүгін, сірә, такси де жүрмейді. .....
Есіл ерлер! Сендерге Алатаудай ескерткіш орнатса да лайық...
Онымен де орындарың талмайды... "Талапты" ауылынан қан
Автор
I
Арай бүгін ала сиырды жаңа түскен келініне сауғызды. Шашағы кере қарыс қыжым орамал бүркенген келін екі күн бойы шымылдық ішінде отырып еді, бүгін енесі оны ерте тұрғызып, тұңғыш рет үй шаруасына қосты.
— Сиыр сау, келін. Өз малыңа ие бол енді, — деді.
Арайдың арманы көп еді. Көбелек қуған баладай көп жүгірді.
Біреуіне жетті, біреуі жеткізбеді. Әсіресе аңсағаны — келін түсіру еді. Дәл бір өзі қайта жасарып, жас келін дәуренін өзі бастан қайта өткерердей күтті ғой бұл күнді. Ауылдас абысыны Зергүл:
— Әй, байғұс, сенде де арман бар ма. Бейнеттен босап жаның кіріп қалды-ау. Біздің Туған бір шүйкебас тауып, мен келін түсірер де күн бар ма екен! — деп күрсініп кетті. — «Рең -басы да түлкінің баласындай сүп-сүйкімді екен. Бізге қандайы жолығады?»
Пойыз жүрер алдындағы сәтті есіңе түсірші: қоңырау соңғы рет соғылған, жолаушылар мен шығарып салуға келген кісілер айрылысар алдындағы сөзін асыға-үсіге айтып, қоштасып, құшақтарын енді ғана жаза, ажыраса береді де, әлденені ұмытқандай қайта оралады, қайта құшақтасады, қызыл бояу жаққан ерін қайыс ерінге қайта жабысып, бас-аяғы жоқ бір-бір сөз, бір-бір ауыз тілектерін жолдап, абыр-жыбыр, ал кеш қалған жолаушылар дәл бір өрттен шыққандай, есі-түсі қалмай етек-жеңі далақтап жүгіріп келеді.
Жасыратыны жоқ, жылжып бара жатқан пойызға екі етегі далақтап жеткен жолаушының мен де бірімін. Қара терге түсіп, алқынып барам. Шығарып салған жолдастарым да ренішті. Қайсыбірі құрдастығын арқаланып боқтап жатыр. Олармен қалай қоштасқанымды да білмеймін. Құшағымдағы кішкентай баламнан бауырымды жазып, қасымда жүгіріп келе жатқан шешесіне ұстата салдым да, көк шолақ пойызға бір-ақ ырғыдым. «Ісі құрсын. Әр кездегісі осы», — деген ренішті біреудің дауысын құлағым шалды. Жиі-жиі есіте бергесін әсер етпейтін сөздер болады. Кісі ұрысқанға да үйренеді. Жолдастарымның әлгіндей ренішіне қысылу орнына күлімсіреппін. Купеге заттарымды кіргізе сала қайта шықтым. Кісі-қаралар үймелеп тұрған терезеге.ентелеп барып мен де үңілгенде, көк шолақ пойыз құниып тартып, сыпыртып ұзап та кетіпті.
— Жә, қайтесің,— деді сырт жағымнан салқын дауыс. .....